«2023 жылға арналған 270.00 нысандағы
декларацияны ұсыну бойынша»
Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) өкілімен онлайн режимінде кездесу өткізілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Гүлден Сейтахметқызы Хасенова 2023 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мәселесі туралы презентация жасады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі –Салық кодексі) 633 және 635-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары үшін 2023 жылға арналған 270.00-нысандағы кірістер мен мүлкі туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) табыс ету мерзімі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
Бұл ретте, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияда көрсетілетін мәліметтердің тізімі қысқартылды.
Салық кодексінің 634-бабына сәйкес декларацияда төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы мәліметтерді (жалақы, депозит бойынша сыйақы, жәрдемақы, зейнетақы және т.б.) көрсету қажеттілігі алынып тасталды.
Декларацияда жеке тұлғаның өз бетінше алған кіріс көрсетуге жатады. Мұндай кірістерге мыналар жатады: мүліктік кіріс, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын кіріс, үй қызметкерінің кірісі, мүлікті жалға беруден түсетін кіріс, жеке табыс салығы ұсталмаған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс, резидент-еңбекші көшіп келушілердің кірістері және т.б.).
Декларация жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Өзінің баяндамасында Хасенова Г.С. Ол кірістерді декларациялаудың мақсаттары, міндеттері және мерзіміне кеңінен тоқталып, декларацияны толтыру жолдарын нақты мысалдармен түсіндіріп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyk Azamat, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде табыстауға болады.
Декларацияны тапсыру бойынша барлық қажетті ақпаратты ҚР ҚМ МКК сайтында https://kgd.gov.kz сілтеме бойынша немесе 1414 байланыс-орталығы телефон соғу арқылы біле аласыз.