С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Медициналық терминология мәселесі» тақырыбында семинар өтті

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Медициналық терминология мәселесі» тақырыбында семинар   өтті

          С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында академиялық департаменттің жоспарына сәйкес 2024 жылғы 24 мамырда «Медициналық терминология мәселесі» атты семинар өткізілді. Семинар Республикалық терминология комиссиясының мүшесі гистология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Марал Жүнісбекқызы Ерғазина жетекшілігімен өтті және   жалпы терминология мәселесінің республика деңгейіндегі  жағдайы атап өтілді.  Нормативтік құжаттармен таныстырылды. Сонымен қатар терминологияның олқы тұстарына тоқталып, оның себебін ашты. Терминологиялық комиссияның атқарып жүрген маңызды жұмыстары бойынша қысқаша есеп жасалды.

Семинарға ҚР ДСМ терминологиялық  комиссиясы төрағасының орынбасары,  ҚазҰМУ терминологиялық комиссия төрағасы профессор Ж.Б.Ахметов, Республикалық терминология комиссиясы салалық секциясының мүшесі, ҚазҰМУ терминология комиссиясы төрағасының орынбасары, анатомия кафедрасының лекторы Б.Ш. Шәкенов, терминология комиссиясының мүшелері Л.Ә.Искакова, А.М.Искиндирова, тілдер кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев, патологиялық анатомия кафедрасының доценті М.Қ.Серікбай М.Қ, тағамтану кафедрасының доценті А.Б.Чуенбекова, қалыпты физиология кафедрасының лекторы Д.Д.Жүністай, микробиология және вирусология кафедрасының доценті Т.С.Бегадилова белсене қатысып, өз пікірлерін қосып маңызды сұрақтарға тоқталды. Клиникалық кафедраларының мамандары кейбір клиникалық терминдерді талдап, қызу пікірталас туындатты. Семинар барысында кафедралар өзара бірлесіп мәселелерді шешуге уағдаласты. Сонымен қатар терапия кафедраларының оқытушыларының белсене қатысуымен терапия саласының терминдеріне ерекше көңіл бөлінді.
          Жалпы терминология, соның ішінде медициналық терминология мәселесі  өте өзекті екенін  өткізілген семинар тағы да дәлелдеді.

Дата публикации
06 июня 2024