«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»

 1-тармақ 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын қайтару» туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:  

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомалары түскен күнінен бастап операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

Мемлекеттік корпорация төлеушіге жарналарды және аударымдарды:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) жоқ және (немесе) деректемелерінде қателіктер жіберілген төлеушіге жарналар мен аударымдар;

2) Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған тұлғалар үшін;

3)   дербес төлеушілерден, жеке кәсіпкерлерден және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан олардың пайдасына жүзеге асатын түскен аударымдар;

4) жеке кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, үшінші тұлғалардан дербес төлеушілердің пайдасына жасалатын аударымдар;

5) Заңның 28-бабына сәйкес белгіленген төлем мөлшерінен төмен мөлшерде төленген дербес төлеушілердің жарналары;

6) жеке кәсiпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың өз пайдасына Заңның 28-бабына сәйкес белгiленген төлем мөлшерiнен төмен мөлшерде төленген жарналары;

7) дербес төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың сол кезең ішінде олардың пайдасына артық төленген жарналары;

8) Заңның 2-бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, шетел азаматтары үшін жарналар мен аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады».

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                     ТАӘ

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Дата публикации
19 апреля 2024