ТЕРМИНОЛОГ ҒАЛЫМ АХМЕТОВ ЖАУҒАШТЫ БАЙНАЗАРҰЛЫ 80 ЖАСТА

 

ТЕРМИНОЛОГ ҒАЛЫМ

АХМЕТОВ ЖАУҒАШТЫ БАЙНАЗАРҰЛЫ 80 ЖАСТА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық терминологиялық комиссия төрағасының орынбасары, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терминологиялық комиссия төрағасы, патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Ахметов Жауғашты Байназарұлының 80 жылдық мерейтойы атап өтілуде.

Ахметов Жауғашты Байназарұлы - Қазақстанда  медициналық терминологияның негізін қалаушылардың бірі, 150-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, патология терминдерін қазақша сөйлеткен тұңғыш ғалым.

Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы сыйлығына ие болған алғашқы «Патологиялық анатомия» оқулығының (1993) авторы.

Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Астана, Алматы медициналық жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған терминологиялық конференциялар Ж. Ахметовтың төрағалығымен өткізілді.

Ұлтжанды азамат, ұлағатты ұстаз, қазақ терминологиясының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым ағамызды 80 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Аса қадірменді Жауғашты Байназарұлы, осынау айтулы күні Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Жарқын және ұмытылмас күндеріңіз көп болсын!

Барлық арман-тілектеріңіз орындалып, бүкіл өміріңіз нұрға толсын!

 

Ізгі ниетпен, Терминология комиссиясының мүшелері Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы, Ерғазина Марал Жүнісбекқызы, Мыржықбаева Анар Бейсенқызы, Ескендірова Айман Мансұрқызы, Шойынбекова Ардақ Байбараққызы, Қожахметова Айгүл Нағашбекқызы,Ысқақова Лунара Әлібекқызы, Жүністай Диас Дүкенбайұлы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Алау» оңалту орталығының директоры Шегебаева Майя Төлешқызы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сарапшысы Шілдебаев Мақсат Сейтімбекұлы.

 

 
 
 
 

 

Құттықтау
Дата публикации
01 апреля 2024