«Түркістан қаласында 630 төсектік көпбейінді аурухана салу және оны пайдалануға беру» МЖӘ жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

МЖӘ жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы
2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Түркістан қаласында 630 төсектік көпбейінді аурухана салу және оны пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына
(бұдан әрі - Жоба) бастамашылық еткені туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері

Жобаның мақсаты Түркістан қаласында стационардан, стационар алмастыратын технологиялардан тұратын 630 төсектік және бір ауысымда 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық корпусы бар  қазіргі заманғы көп бейінді аурухана құру болып табылады.

Жобаның техникалық-экономикалық параметрлерін нақтылау үшін мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салу бойынша Медициналық-технологиялық тапсырма ала алады.

Жобаның міндеттері:

-        халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

-        ауруханаларға арналған  халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкес келуі;

-        аурухана төсектерімен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру үшін өңір халқына жағдай жасау;

-        қазіргі заманғы озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелер негізінде және көп бейінді аурухана жағдайында бір жерде қажетті стационарлық медициналық көмек көрсету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

-        жаңа жұмыс орындарын құру;

-        өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымына жеке инвестициялар тарту.

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Жобаны іске асыру кезеңі: 2020 жыл - 2028 жыл (98 ай),

оның ішінде:

  • инвестициялық кезең 2020 жыл-2023 жыл (35 ай),
  • кейінгі инвестициялық кезең 2023 жыл-2028 жыл (63 ай)

Бюджеттен сұралатын төлемдер

         Инвестициялық шығындарды өтеу, операциялық шығындарды өтеу, МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы.

Мемлекеттік қолдау шаралары

Жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары жоспарланбайды.

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілік

Жобаны іске асыру мынадай стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген:

1)      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысы;

2)      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 938 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспары» (4-бөлім Денсаулық сақтау, 38-тармақ Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары);

3)      Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 223 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары».

Сондай-ақ, жоба Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А. Ұ. Маминнің төрағалығымен өткен  2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қойылған міндеттердің орындалуын іске асыру үшін қаралады (2019 жылғы 6 мамырдағы № 17 хаттама).

Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға тиістілігі

«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығының 5-тармақшасы 18-тармағының 4-тарауына сәйкес техникалық жағынан күрделі объектілерге I (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді құру жөніндегі жобалар жатады.

Сонымен қатар, МЖӘ объектісінің техникалық күрделілігін бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының 9-тармағының  1) тт. 37 және 38-бөліктерінің параметрлерінің негізінде айқындалған: стационарларсыз бір ауысымда 480 адам қабылдайтын Денсаулық сақтау объектілері және травматологиялық және хирургиялық бөлімшелері бар ауруханалардың, сондай-ақ 50-ден астам төсектік стационарлардың ғимараттары I (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі объектілерге жатады.

Осылайша, аурухана құрамында қуаты 630 төсектік стационар және ауысымда 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салуды көздейтін жоба техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатады

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер жоспарланып отырған жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныстар бере алады.

Баламалы ұсыныстар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында айқындалған әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс, баламалы ұсыныстар құжаттарының пакеті Қағидалардың  135-тармағына сәйкес құжаттарды қамтуы тиіс және басқа да нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келуі тиіс.

Баламалы өтінімді  ұсынудың соңғы мерзімі

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап
күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қабылданады.

 Ақпарат алмасу үшін байланысатын  мекенжай мен телефондар:

Баламалы ұсыныстар жазбаша мына  мекенжайға ұсынылады:

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 5-кіреберіс,,

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» ММ

тел.: (7172) 74 38 86, 74 35 04

Байланыстағы тұлғаның аты-жөні:  

Узалин Е.Н., Акимбетова В.Д.

Эл. мекенжайы: e.uzalin@dsm.gov.kz, v.akimbetova@dsm.gov.kz

МЖӘ жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама
Дата публикации
28 августа 2020