Мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балаларды және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін жіберу қағидаларын бекіту туралы

 

 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балаларды және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін жіберу қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 85-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жоспарлы профилактикалық егуді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін айқындау Ережелері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.В.Бюрабековаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі                                                             А. Цой

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылғы « ____» № ___

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

бұйрығымен бекітілген

 

 

Жоспарлы профилактикалық егуді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін айқындау ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы жоспарлы Профилактикалық егуді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы профилактикалық егуді алмаған балаларды жіберу тәртібін және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін айқындау әдістемесін айқындайды.
  2. Осы Қағидалар жұмыс істеу режиміне және болу уақытына қарамастан (толық/толық емес күндізгі немесе тәулік бойы болатын балалар ұйымдары), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.
  3. Осы Қағидалар жаңадан құрылатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ашу және жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа топтарды қалыптастыру кезінде қолданылады, жұмыс істеп тұрған топтарға және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
  4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ұжымдық иммунитет – вакциналармен ескертілетін инфекцияларға қарсы халықты жоспарлы профилактикалық егумен қамтудың шекті деңгейіне қол жеткізу есебінен егілмеген адамдарды жанама қорғау;

2) ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін шекті деңгейі (жоспарлы профилактикалық егулермен қамту) – осы инфекцияға жеке иммунитеті бар белгілі бір популяция мүшелерінің (адамдар тобының) үлесі (жеке вакцинация нәтижесінде немесе инфекцияға шалдыққан), бұл ретте осы популяцияда (адамдар тобында) инфекцияның таралуына қарсы тұрудың эпидемиологиялық әсеріне қол жеткізіледі);

3) вакцинациямен қамту – иммундаудың дұрыс схемасы кезінде вакциналар алған популяциядағы (топтағы) адамдардың пайыздық үлесі. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін қажетті вакцинациямен қамту патогенді бейтараптандыру үшін жеткілікті иммунитет деңгейіне ие адамдардың санын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Жоспарлы профилактикалық егуді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін айқындау тәртібі

 

  1. Тұрақты медициналық қарсы айғақтардың немесе өзге де себептердің болуы себебінен жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баруға жіберу топтарда (түзету үлгісіндегі балалар топтарын қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып, жүзеге асырылады.

Профилактикалық егулерді жүргізуге уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, рұқсат беру, кейіннен нормативтерге сәйкес мерзімде вакцинациялау жүзеге асырылады.

  1. «Халыққа профилактикалық егулер жүргізу бойынша санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес, «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен (бұдан әрі –№ 2295 ҚРҮҚ) бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.
  2. Профилактикалық егулер Ересектерге және (немесе) балаларға бастапқы медициналық-санитариялық көмекті, консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде медициналық ұйымдардың және (немесе) білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі.
  3. Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған жағдайда фельдшер егілетін адамға медициналық тексеру жүргізеді. Иммундауға қарсы көрсеткіштер болмаған кезде егілетін адамның медициналық құжатында егу жүргізуге рұқсат ресімделеді.
  4. Егілетін адамға және оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі. Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
  5. Профилактикалық егулерді есепке алу егуді жүргізу орны бойынша денсаулық сақтау объектілерінде, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту объектілерінде сақталатын есепке алу нысандарындағы тиісті жазбалармен жүзеге асырылады: № 064/е нысаны бойынша профилактикалық егулерді есепке алу журналы, № 112/е нысаны бойынша баланың даму тарихы, № 063/е нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, № 907 бұйрықпен бекітілген № 026/е нысаны бойынша баланың медициналық картасы.
  6. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
  7. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бір жастағы немесе әртүрлі жастағы қағидат бойынша топтарды жасақтайды. Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толықтырылуы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
  8. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында топтарды қалыптастыру кезінде ұжымдық иммунитеттің бастапқы деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етілетін жоспарлы профилактикалық егуді алмаған (профилактикалық егуді жүргізуге медициналық тұрақты қарсы көрсетілімдердің болуы себептері бойынша және басқалар) балалардың саны рұқсат етіледі.
  9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейі (қолда бар жасқа жету үшін ҚРҮҚ № 2295 көзделген егулерді алғандар) кемінде 90% - ды құрауы тиіс.

Бұл ретте, жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың ең көп дегенде 10% топтардағы үлесін жасаған кезде ғана жүзеге асырылады. Топта жоспарлы профилактикалық егулермен қамту деңгейі 90% - дан 100% - ға дейін құрауы тиіс. Топта 20 бала болған жағдайда профилактикалық егуді алмаған 2 балаға рұқсат етіледі.

 

 

 

 

90% - дан төмен емес ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық егулермен қамту деңгейін сақтау мысалдары

 

Топтағы балалар саны, барлығы

Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейі,%

Профилактикалық егуді алған балалардың қажетті саны

Профилактикалық егуді алмаған балалардың рұқсат етілген саны

10 бала

90%

9-10 бала (90-100%)

0-1 бала (0-10%)

20 бала

90%

18-20 бала (90-100%)

0-2 бала (0-10%)

25 бала

90%

23-25 бала (92-100%)

0-2 бала (0-8%)

 

  1. Топта 10 бала болған, бірақ тамақ ішу, серуендеу немесе ойындар кезеңінде балалар бірге болған кезде 2 топқа ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейін бірге есептеуге жол беріледі (20 адамға, яғни 10 адамнан 2 топқа).
  2. Топтарды қалыптастыру кезінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы себебінен жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына басым тәртіппен баруға жіберілетіні ескеріледі.
  3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері топтарды қалыптастыру кезінде балаларды жоспарлы профилактикалық егумен қамтуды бастапқы есептеуді (бағалауды) жүзеге асырады, одан әрі әрбір топтағы балалардың қозғалысын ескере отырып, қайта есептеуді (қайта бағалауды) жүргізеді.
  4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлері тәрбиеленушілер арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың кемінде 90% тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.
  5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері тәрбиеленушілердің ата-аналары арасында инфекциялардан қорғау және балалардың денсаулығын жақсарту үшін иммундаудың артықшылықтары мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 қосымша

мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларына

жоспарлы алдын алу шараларын алмаған балалар

егу және шекті деңгейді анықтау

ұжымдық иммунитет

 

 

Профилактикалық егулермен қамтуды тіркеу журналы

 

1 бет

 

Топ

Баланың Т. А. Ә.

Баланың егу мәртебесі

Баланы топқа қабылдау күні

Баланың топтан шыққан күні

Ата-ананың қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бет

 

Топтағы балалардың жалпы саны,

оның ішінде:

Профилактикалық егулермен қамтуды есептеу (бағалау) нәтижесі, %

Профилактикалық егулермен қамтуды есептеуді (бағалауды) жүргізу күні

Медициналық қызметкердің қолы

 

егілген балалар саны (абс.)

егілмеген балалар саны (абс.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бұйрық жобасы
Дата публикации
28 августа 2020