«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына пресс-релиз
Осы Қаулының жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Қаулының жобасымен мыналар:
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулының жобасы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен келісілді, сонымен қатар көпшілік талқылау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.