Кәсіпкерлік субъектілерін реттеуді қатаңдатуға байланысты, жұмыс берушілердің аударымдары мен қызметкерлердің жарналарын есептеу, сондай-ақ бірыңғай төлемнен аударымдар мен жарналарды есептеу үшін ай сайынғы объектіні (табысты) ұлғайтуды көздейтін реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны.
Проект
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-баптың 2-1 тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын;
«Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
3) 28-баптың 5-1 тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте бірыңғай төлемнен жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
4) 29-баптың 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшеріне тең кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу осындай жарналардың төленгенін растайтын құжаттар болған кезде талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық органы берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары:
1) дербес төлеушілер.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АРВДата публикации
28 февраля 2024