«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде
медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке
алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға электрондық нысандағы қызметтер;».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикаcы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі