Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 27-баптың 2-1 тармағының екінші бөлігі мынадай редацияда жазылсын:

«Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;

2) 29-баптың 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшеріне тең кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу осындай жарналардың төленгенін растайтын құжаттар болған кезде талап етілмейді.».

......

2-бап. Осы Заң  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
24 января 2024