Алматы қаласында Мұхамеджан Қарабайұлының 165-жылдық, Халел Досмұхамедұлы мен Нұрғали Ипмағамбетұлының 140-жылдық, мерейтойларына арналған «Ғибратты ғұмырлар» республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Алматы қаласында Мұхамеджан Қарабайұлының 165-жылдық, Халел Досмұхамедұлы мен Нұрғали Ипмағамбетұлының 140-жылдық, мерейтойларына арналған «Ғибратты ғұмырлар» республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

 

2023 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Роза Бердіғалиева атындағы залында қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігерлері Мұхамеджан Қарабайұлының 165-жылдық, Халел Досмұхамедұлы мен Нұрғали Ипмағамбетұлының 140-жылдық, мерейтойларына арналған «Ғибратты ғұмырлар» республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

         Іс-шара «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

         Модератор: Шілдебаев Мақсат Сейтімбекұлы - ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының тіл маманы.

Конференцияның пленарлық отырысын ҚР  Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Әнуарбекқызы Алдангорова алғысөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Негізгі баяндамашылар:

Абаған Мұхтархан Мамырбекұлы - Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасының орынбасары. Баяндама тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігіндегі тарихи тұлғалар: ғалым-дәрігерлер»;

Ахметов Жауғашты Байназарұлы - ҚР ДСМ Терминологиялық комиссия төрағасының орынбасары, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Патологиялық анатомия» кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы: «Халел Досмұхамедұлы: ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері»;

Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы - ҚР ДСМ терминологиялық комиссия мүшесі,  С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Анатомия» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы «Халел Досмұхамедұлы және қазіргі кезеңдегі медициналық терминология мәселелері»;

Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Тілдік пәндер» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы «Жат сөздерді тілге бейімдеу бойынша Халел Досмұхамедұлының ұстанымы»;

Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университеті тілдер кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі. Баяндама тақырыбы «Нұрғали Ипмағамбетұлы - хирург-дәрігер, Алаш қайраткері».

Ерғазина Марал Жүнісбекқызы - ҚР Терминология комиссиясының мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті, м.ғ.к. Баяндама тақырыбы «Нұрғали Ипмағамбетұлының медициналық ғылымдағы мұрасы»;

Аубашева Гауһар Мұраткелдіқызы - №1 қалалық ауруханасының заң және кадрлық жұмыс бөлімінің маманы. Баяндама тақырыбы «Мұхамеджан Қарабайұлы – қазіргі қазақ медицинасының атасы»;

Төлеу Есбол Тынысбекұлы - ҚР ДСМ «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» Алматы қалалық филиалының бас маманы. Баяндама тақырыбы: «Тұңғыш кәсіби дәрігер Мұхамеджан Қарабайұлыңа тиесілі архив».

«Қазақ медицинасының ғұламалары Халел Досмұхамедұлы мен Нұрғали Ипмағамбетұлы» және «Мұхамеджан Қарабайұлы: тұғыры биік тұлға» секцияларында жас мамандар қазақ медицинасының ғұламаларына қатысты көптеген тың ақпаратпен бөлісті.

Іс-шара соңында мемлекеттік тіл саясатын медицина саласында жүзеге асыруға, салааралық әріптестікті нығайтуға үлес қосқаны үшін Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы  Қ.К. Шалабаев пен орынбасары М.М. Абағанға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында құжаттаманың сапалы жүргізілуіне қолдау көрсетіп, жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Павлодар №1 қалалық ауруханасы директорының экономикалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары А. Ілдебаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы-150» мерейтойлық төсбелгісімен, заң және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы Л.Жүнісова  «Мағжан Жұмабайұлы-130» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

Конференцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін  Мыржықбаева Анар Бейсенқызы, Ахметов Жауғашты Байназарұлы, Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы, Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы, Ерғазина Марал Жүнісбекқызы, Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы, Аубашева Гауһар Мұраткелдіқызы, Төлеу Есбол Тынысбекұлы және басқа да азаматтар Министрліктің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы тарапынан Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы, тіл жанашыры, сала ардагері Н. Қойбағарова, «Алау» оңалту орталығының директоры М. Шегебаева «Елім деп соғар жүрегім» төсбелгісімен марапатталды, ал конференция баяндамашыларына Алғыс хаттар табыс етілді.

Конференцияға қатысып, баяндама жасаған жас мамандар - ҚР ДСМ «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» Алматы қалалық филиалының маманы А.Жаңбыршын, Алматы қаласы ҚДСБ «Алау» оңалту орталығының бөлімше меңгерушісі Ж.Сағатбекова, Алматы қаласы №7 клиникалық ауруханасының сарапшы-дәрігері А.Әлшерова қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара соңында медицина және тіл саласының мамандары көптеген ұсыныстарды ортаға салып, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.

 

 
 
 
 
 
 

ақпарат
Дата публикации
25 декабря 2023