Жоба
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 78-бабының 7-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесі бекітілсін.
2. «Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 493 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 қарашада № 5845 болып енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы _________
№____ бұйрығымен бекітілген
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесі
- Жіті жұқпалы аурулар.
- Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны).
- Алапес.
- Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны).
- Жұқпалы тері аурулары.
- Стационарлық емдеуді талап ететін орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары.
- Стационарлық емдеуді талап ететін нәрленудің ауыр бұзылулары.