ЖАЛПЫ БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ
Психикалық денсаулық саласында
медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-VI ЗРК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-бабы 32), 74), 77)-тармақшаларына, 156-бабы 2-тармағына, 173-бабы 5-тармағына, 174-бабы 6-тармағына, 178-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес психикалық белсенді заттарды қолданумен байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама жасалмайтын медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес динамикалық байқау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқауды тоқтату қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес пихикаға белсенді әсер ететін затты пайдалану фактісін және мас болу күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жыныстық сәйкестендіру бұзылулары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысты ауыстыруды (жынысты медициналық түзетуді) жүргізу тәртібі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда мәжбүрлі емдеуден өту үшін ішкі тәртіп ережелері;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес соттың қаулысы бойынша мерзімінен бұрын айықты деп шығарылғандардан бөлек мәжбүрлі емдеуге арналған ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлі емдеуге душар болған психикалық белсенді заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдардың қолдаушы (рецидивке қарсы) емдеуден өту ережелері;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережелері және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртіп ережелері;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес химиялық кастрациялау түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлік шараларын пайдалану тәртібі бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет қорына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3)-тармақшаларында көзделінген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы ___________№_____
Психикалық денсаулық саласында
медициналық-әлеуметтік көмек
көрсетудің кейбір мәселелері
туралы бұйрығына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылды деп танылған бұйрықтарының тізімі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 наурызда № 13404 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 тамызда № 15519 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 10843 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 маусымда № 7048 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 814 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда № 5954 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 28 қаңтарда № 6757 болып тіркелді.