«АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту туралы»

Жоба

 

«АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша

тегін медициналық көмектің кепілдік

берілген көлемі шеңберінде ерікті түрде

анонимдік және (немесе) құпия медициналық

зерттеп-қарау және консультация беру

қағидаларын бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы «___» сәуірдегі № ҚР ДСМ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы «___»  _______ № ____ болып тіркелді.

 

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 162-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық әлеуметтік көмек департаменті:

     1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

     3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

     4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.     

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гиниятқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Қазақстан Республикасының

          Денсаулық сақтау министрі                                            А.Цой

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша

тегін медициналық көмектің кепілдік

берілген көлемі шеңберінде ерікті түрде

анонимдік және (немесе) құпия медициналық

зерттеп-қарау және консультация беру

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасының Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы «_____» ____________

№_______ ҚР ДСМ бұйрығына

1 - қосымша

 

 

АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық

зерттеп-қарау және консультация беру

қағидалары

 

  • тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 2-параграф. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, 19-тарау. «Негізгі инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету», «АИТВ-инфекциясына тексеру» 162-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды, босқындарды және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын пана іздеген адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беруді жүргізу тәртібін анықтайды.
  2. Осы Қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:

         1) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;

        2) анонимдік зерттеп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау;

        3) құпия медициналық зерттеп-қарау - медицина қызметкері құпиясының және зерттеліп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

         4) халықтың негізгі топтары – өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары болатын халық топтары.

     

 

2 -тарау. АИТВ-инфекциясына медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі

 

  1. АИТВ инфекциясына ерікті медициналық зерттеп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, босқындар және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын пана іздеген адамдар олардың таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:

        1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);

      2) құпиялылық (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекенжайы ұсынылады).

  1. АИТВ-инфекциясына анонимдік зерттеп-қарау АИТВ-1,2 антиденелерін және қандағы/сарысудағы/плазмадағы/қызылиек сұйықтығындағы (ауыз қуысының шырышты қабығынан транссудат) р24 вирустық антигенін анықтайтын экспресс-тестерді немесе өзін-өзі тестілеуге арналған АИТВ-ны диагностикалау үшін экспресс-тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясына анонимдік зерттеп-қарау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экспресс-тестерді пайдалана отрып анонимді жүгінген адамдарды АИТВ инфекциясына тестілеу алгоритміне сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен халықтың негізгі топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар жүргізеді. Халықтың негізгі топтарына АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғарғы қаупі бар адамдар: инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс жұмысшылары, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, трансгендерлер жатады.

      Анонимдік зерттеп-қарау кезінде зерттеп-қаралушыға бірегей сәйкестендіру коды беріледі.

Тексеру нәтижелері № _____ «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрыққа №___ қосымшаға сәйкес Excel форматында «ЭТ әдісімен зерттеулерді тіркеу журналына» енгізіледі.

  1. АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізетін ҮЕҰ ай сайын АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарына № 4 нысанды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген «Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ-инфекциясына) қанды иммуноферменттік талдау (ИФТ), иммунохемлюмениценциялық талдау (ИХЛТ) әдістерімен және/немесе экспресс-тестпен (ЭТ) зертханалық зерттеу нәтижелері туралы есепті» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген) белгіленген мерзімде ұсынады.
  2. Экспресс-тест нәтижелері бойынша зерттеп-қаралушымен тестілеудің нәтижелері туралы ауызша ақпараттандырумен тестілеуден кейінгі консультация жүргізіледі.

      Экспресс-тестің теріс нәтижесі болған жағдайда зерттеп-қаралушыға жұқтыру қаупі факторлары болғанда үш айдан кейін тесттен өту ұсынылады.

       Экспресс-тестің оң нәтижесі болған жағдайда зерттеп-қаралушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ересектер мен жасы 18 айдан асқан балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритміне сай АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралу ұсынылады.

      Экспресс-тестің нәтижелері бойынша АИТВ инфекциясының болуы немесе болмауы туралы қорытынды берілмейді.

  1. АИТВ инфекциясы маркерлерінің болуына құпия зерттеп-қарауды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритміне байланысты АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары,  «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҚДИАҒО) жүргізеді.

      АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау кезінде иммуноферментті талдау (бұдан әрі - ИФТ), иммунохемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ИХЛТ) немесе электрохемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ЭХЛТ) әдісімен бір уақытта АИТВ -1,2-ге және р24 антигеніне антиденелер анықталады.

      Алғашқы оң нәтижелерді растау растаушы тестің: иммуноблоттың (бұдан әрі - ИБ) немесе АИТВ-1, 2- ге және р24 антигеніне  АИТВ ақуыздарының: ENV, GAG, POL бейінімен иммунохроматографиялық тестің көмегімен жүргізіледі.

      ИФТ, ИХЛТ немесе ЭХЛТ арналған тест-жүйелер сапасының өлшемшарттары мыналар болып табылады: диагностикалық сезімталдылық - 100 % (сенім интервалының 95% төменгі шегі - кемінде 99%); диагностикалық ерекшелік - кемінде 99% (сенім интервалының 95% төменгі шегі- кемінде 98%); талдамалық сезімталдық (р24 антигенінің АИТВ-1 ең төменгі саны) - 2 МЕ/мл аспау.

         АИТВ-инфекциясының маркерлерін серологиялық әдіспен анықтауға әрбір қою кезінде жиынтыққа қоса берілетін бақылау үлгілеріне қосымша процестің тұрақтылығын бағалау үшін 2,0 – 2,5 диапазонында позитивтілік коэффициентімен (ОТ/ОТсыни) зертханаішілік бақылау (ЗІБ) міндетті түрде пайдаланылады.

Экспресс - тесттерді пайдаланатын медициналық ұйымдар мен АИТВ-ға тестілеу пункттерінде АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының зертханалық мамандары жылына бір рет DTS әдісімен (ағылш. "dried tube specimen" - сынауықта кептірілген үлгі) АИТВ-ға экспресс-тестілеу сапасына сырттай бақылау жүргізеді.

  1. Құпия зерттеп-қаралу үшін қан алу меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде медициналық ұйымдарда жүргізіледі.

       АИТВ инфекциясы маркерлерінің болуына зерттеу үшін қанның үлгілері зертханаға жіберіледі. Қан үлгісіне "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 201/е нысаны бойынша жолдама қоса беріледі.

  1. АИТВ инфекцияға теріс нәтижені зерттеп-қарауды жүргізген зертхана береді (І кезең).

      Бастапқы оң нәтижелері бар қанның үлгілері 2-қосымшаға сәйкес қосымша зерттеулерді жүргізу үшін «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертханасына жіберіледі (ІІ кезең).

      Зерттеп-қараудың ІІ кезеңінің нәтижелерін «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертханасы зерттеп-қараудың І сатысы жүргізілген АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

  1. 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды АИТВ-инфекциясына медициналық куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша, әрекетке қабілетсіз адамдарды – олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына тестілеудің нәтижелері олардың заңды өкілдеріне беріледі.

  1. АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеп-қарау туралы анықтама-сертификатты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кездегі зерттеліп-қаралатын адамның талабы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын адамдарға АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны береді. Анықтама-сертификат 3 (үш) ай бойы жарамды.

 

3-тарау. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультация беруді жүргізу тәртібі

 

  1. АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау кезінде тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі консультация беруге жататын тестіленетін адамдарға ақпараттар ұсынылады.
  2. Тестілеуге дейінгі консультация беру күту орындарында көрсетілетін көрнекі насихаттау құралдары арқылы ұсынылады.
  3. Тестілеуге дейінгі консультация:

      1) АИТВ-ға тестілеудің пайдасы, берілу жолдары және АИТВ оң және АИТВ теріс тест нәтижелерінің мәні туралы ақпараттан;

       2) АИТВ оң диагнозы жағдайында антиретровирустық терапияны тегін алу туралы түсінікті қоса алғандағы қолда бар қызметтер туралы түсініктемеден;

      3) серігін тестілеуге қатысты профилактика әдістері мен ұсынымдардың қысқаша сипаттамасынан;

      4) тест нәтижелерінің және кез-келген ақпараттың құпиялылығына кепілдемеден тұрады.

  1. Тестілеуден кейінгі консультация беру консультация алушыны тестілеу нәтижелері (теріс, оң және анықталмаған), сол нәтиженің мағынасы және консультация алушының АИТВ-ны жұқтыру қаупін азайтуды қамтамасыз ететін мінез-құлқына уәждемелері туралы ақпараттандыру мақсатында жүргізіледі.
  2. Тестілеуден кейінгі консультация беру:

    1) пациентке тестілеу нәтижесін және сол нәтиженің мағынасын хабарлаудан;

     2) серонегативті терезеде ықтимал болуы (анықталмаған немесе теріс нәтиже кезінде) және АИТВ инфекциясына қайта тестілеуден өтудің қажеттігі туралы хабарлаудан;

     3) мінез-құлықтың өзгеруі есебінен жұқтыру қаупін төмендету мүмкіндігін түсіндіруден;

     4) халықтың негізгі топтарына арналған қосымша медициналық көмек, психикалық-әлеуметтік көмек мүмкіндіктері туралы хабарлаудан;

     5) психологиялық көмек пен қолдаудан тұрады.     

  1. АИТВ жұқтырған адамның статусы расталған кезде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының дәрігері, психологы зерттеліп-қаралушыға АИТВ инфекциясының оң нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды, мыналарды қамтитын пациенттің дағдарысты консультациясын жүргізеді:

        1) психологиялық көмек көрсету;

      2) АИТВ инфекциясының ерекшеліктері мен клиникалық сатылары, антиретровирустық препараттармен тегін емдеу мүмкіндіктері, АИТВ-ның басқа адамға берілуін болдырмау үшін берілу жолдары мен профилактикасының қажетті шаралары туралы хабарлау;

       3) емдеуді уақытында бастау үшін АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында диспансерлік есепке тұру қажеттілігі туралы ақпараттандыру;

      4) денсаулық сақтау, ҮЕҰ, психоәлеуметтік көмек, әлеуметтік сүйемелдеу қызметтері ұйымдарында қосымша медициналық-әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы қажеттілікті бағалау мен ұсынымдар;

      5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы жазбаша түрде хабардар ету, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарды жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту;

6) әріптесті(терді) тестілеуге қатысты алдын алу нұсқалары мен ұсынымдар;

7) тест нәтижелерінің және кез келген ақпараттың құпиялылық кепілдігі;

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген "АИТВ жұқтырған адаммен құпия әңгімелесу парағы" 275/е нысанына пациенттің қол қоюы.

  1. АИТВ-ға тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда адамда Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы кезінде Медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының 8-қосымшасына сәйкес электрондық бақылау жүйесіне дербес деректерді енгізуге жазбаша ақпараттандырылған келісім алынады. Дербес деректерді электрондық бақылау жүйесіне енгізуден бас тартқан кезде иммундық блотинг нөмірі мен күнін, аты-жөнін, туған күнін, эпидемиологиялық сыртартқы деректерін қамтитын дербестендірілмеген деректер енгізіледі.
  2. 18 жасқа дейінгі жастағы АИТВ жұқтырған адам анықталған жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілі хабарландырылады.
  3. АИТВ инфекциясының болуына зерттеп-қаралу үшін жүгінген консультация беру үшінші адам болмаған кезде еріктілік пен құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық

зерттеп-қарау және консультация беру

қағидаларына
1-қосымша

 

Экспресс тестілеуді пайдалану арқылы АИТВ-ға зерттеп-қарауға анонимді жүгінген адамдарды тестілеу алгоритмі

 

АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, ҮЕҰ

 

Жаңа алынған қанды/плазманы/сарысуды/қызылиек сұйықтығын экспресс-тест пайдалана отырып зерттеу

Тестілеу нәтижелері туралы ауызша ақпараттандырумен тестілеуден кейінгі консультция беруді жүргізу.

 

Жұқтыру қаупі факторлары болған кезде 3 ай өткен соң тесттен өтуді ұсыну

Тестілеу нәтижелері туралы ауызша ақпараттандырумен тестілеуден кейінгі консультция беруді жүргізу.

 

 АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың қолданыстағы алгоритміне сәйкес АИТВ инфекциясына зерттеп-қараудан өтуді ұсыну

Теріс нәтиже

Оң нәтиже

                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық

зерттеп-қарау және консультация беру

қағидаларына

2-қосымша

 

Ересектерде және жасы 18 айлықтан асқан балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі

I кезең Тест 1 (Т1)   АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, ҚДИАҒО

ИФТ/ИХЛТ/ЭХЛТ әдісімен АИТВ-ға антиденелерді және р24 вирустық антигенін анықтауға қан сарысуын зерттеу 1

Т1+

Т1 -       

«АИТВ теріс» нәтижесін беру

Т1- Т2-

«АИТВ теріс» нәтижесін беру

 

ҚДИАҒО зертханасына сарысу үлгісін беру 5

Сол екі тестте Т1, Т2 қайта тестілеу

Т1+  Т2-

 

Т1+ Т2+  / Т1+ Т2-  Т2+

 

 

Тест 2 (Т2)2          Бірінші тестен ерекшеленетін тест-жүйеде  ИФТ/ИХЛА/ЭХЛТ/ЭТ әдісімен зерттеу (Т1)

 

Т1+ Т2- Алгоритмге сәйкес зерттеуді 14 күннен кейін қайталау қажет 3,4

Т1+

 Т2+

 

Т1+ Т2+  / Т1+ Т2-  Т2+

 

 

Т1+ Т2+

 

Т1+ Т2+  / Т1+ Т2-  Т2+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II кезең                                   ҚДИАҒО

ИФТ/ИХЛТ/ЭХЛТ/ЭТ әдісімен зерттеу

Оң нәтиже

Теріс нәтиже

Алгоритмге сәйкес зерттеуді 14 күннен кейін қайталау қажет6

Растаушы тест7

АИТВ ақуыздар бейінімен иммуноблот немесе иммунохроматографиялық тест: 2 ENV, GAG, POL.

Оң нәтиже

Күмәнді нәтиже

 

 

Теріс нәтиже

Бірінші кезеңнен бастап, дәйекті түрде осы алгоритмге сәйкес 14 күннен кейін, , 18 айдан кейін зерттеуді қайталау.

 

Егер 1 айдан кейін  ИБ  нәтижесі күмәнді болып қалса,  зерттеу ПТР әдісімен жүргізіледі8,9

 

Бірінші кезеңнен бастап, дәйекті түрде осы алгоритмге сәйкес 1, 3 айдан кейін зерттеуді қайталау.

 

ИФТ/ИХЛТ антиденелері титрларының оң динамикасы болмаған кезде және ИБ теріс болғанда, бастапқы зерттеп-қарау сәтінен бастап 3 айдан кейін  ПТР әдісімен зерттеу жүргізіледі 8

«АИТВ-ға антиденелер анықталды» нәтижесінің берілуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1 АИТВ инфекциясына серологиялық әдіспен зерттеу үшін қан алу көлемі кемінде 5 мл бөлгіш гель және ұйығыштық активаторы бар вакуумдық сынауықта жүргізіледі. АИТВ -ны зерттеуге үлгі +2о-+8оС температурада АИТВ-ға тестілеу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарының зертханаларына тасымалданады және қан алынған сәттен бастап 5 күн ішінде серологиялық зерттеулер үшін қолданылуы мүмкін;

       2 үшінші және төртінші буынның тест-жүйелерін қолдануға жол беріледі;

      3 АИТВ-ға күмәнді нәтиже қайта алынған кезде басқа серологиялық тестілерді қолдана отырып, қосымша зерттеулер жүргізуге жол беріледі (жүкті әйелдерді тексеру жағдайында қосымша молекулярлық-биологиялық тестілерді (тестердің сезімталдығы 50 көшірме/мл-ден аспайтын РНҚ-ны сандық анықтау немесе АИТВ пДНҚ-ны анықтау). Теріс нәтиже үш жүргізілген екі теріс нәтиже бойынша беріледі. Оң нәтиже үш өткізілген екі оң нәтиже бойынша беріледі.

       4 ҚДИАҒО қан сарысу үлгісінің АИТВ-ға күмәнді нәтижелері туралы ақпаратты АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

       5 ҚДИАҒО-ға жіберілетін сарысу үлгілерінің көлемі кемінде 1 мл болуы қажет. Сарысудың екінші үлгісі бірінші сарысу үлгісінің көлемі жеткіліксіз болғанда сұралады. Үлгі ҚДИАҒО зертханасына биоүлгілерді тасымалдау ережелерін сақтай отырып, соңғы қойылым сәтінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі қажет.

       6 Қан орталығынан ПТР-дың оң нәтижесімен және ИФТ/ИХЛТ/ЭХЛТ теріс/күмәнді нәтижелерімен биоматериал келіп түскен кезде серонегативті терезе кезеңінде АИТВ инфекциясын сәйкестендіру мақсатында молекулалық-биологиялық тестілерді қолдана отырып, қосымша зерттеу жүргізіледі. Тексерілуші донор диагнозы расталғанға дейін немесе алынып тасталғанға дейін АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында серобақылауда болады;

       7 Ертеректе АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған адамға тегін негізде қайта растаушы зерттеп-қарау тестін жүргізуді алып тастау;

       8 АИТВ-ға антиденелердің ерекше емес реакциялары және серобақылауға қою мәселелерді емдік-профилактикалық және эпидемиологиялық бөлімдердің дәрігерлерімен бірлесе отырып шешу. Жүкті әйелдердің ИБ  алғашқы күмәнді нәтижесі кезінде тестілеудің кеш мерзімінде қосымша тестілеу өткізу және жеке тәртіп туралы мәселе шешіледі.

              9 ПТР (АИТВ РНҚ) нәтижесі оң болғанда жүкті әйелдерге үшінші триместрде АРТ тағайындалады. ПТР (АИТВ РНҚ) нәтижесі теріс болған жағдайда алгоритмге сәйкес 14 күннен кейін қайта тестілеу тағайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық

зерттеп-қарау және консультация беру

қағидаларына

3-қосымша

 

АИТВ-инфекциясының маркерлерінің болмауы туралы

 АНЫҚТАМА - СЕРТИФИКАТ
СПРАВКА-СЕРТИФИКАТ об отсутствии маркеров ВИЧ-инфекции
CERTIFICATE of absence of HIV infection markers

      

      Mен (я / I am)____________________________________________________

       дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ фамилия,

       имя, отчество (при наличии) врача) / name of doctor

       Осымен келесіні растаймын (настоящим подтверждаю / here by certify that)

      _________________________________________________________________

       (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) латынша/ /фамилия,

       имя, отчество (при наличии) пациента на латинице/ name of patient)

      _________________________________________________________________

     (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) кириллицада/ фамилия,   имя, отчество (при наличии) пациента на кириллице) name of patient

      ________________________________________________________________

       (пациенттің туған күні/дата рождения пациента/ date of birth оf patient)                    Тексерілді/был обследован/ was tested on__________________________

                                                                                          (дата/date)

АИТВ-инфекциясының маркерлері болуына теріс нәтижемен (на маркеры

ВИЧ-инфекции с отрицательным результатом / For the presence in his/her           blood of HIV infection markers and that there result of the test was        NEGATIVE)

      Анықтама-сертификат зерттеп-қарау жүргізілген күннен бастап үш ай бойы      

      жарамды (Справка-сертификат действительна в течение трех месяцев со дня

     обследования /  Certificate is valid for three months since the testing day).

      

      Мөр (Печать/Stamp):

      Қолы (Подпись/Signature):

 

      Ескертпе (анықтама-сертификатты толтыру бойынша түсініктеме):

  1. Анықтама-сертификат тек бір адамға ғана беріледі, ұжымдық куәліктер беруге рұқсат етілмейді.
  2. Сертификат баспалық латын әріптерімен толтырылады, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз деп танылады.
  3. Зерттеп-қарауды жүргізу және туу даталары келесі реттілікпен толтырылады: күні, айы, жылы, айдың атауы цифрмен емес, әріппен жазылады.
  4. Анықтама-сертификатқа АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының немесе ҚДИАҒО маманы қол қояды және ұйымның дөңгелек мөрімен расталады.




бұйрық жобасы
Дата публикации
12 августа 2020