Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларында:

6-тармақтың 7)-тармақшасы, 7-тармақтың 3)-тармақшасы, 8-тармақтың             5)-тармақшасы алып тасталсын;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Өтінімді денсаулық сақтау субъектісі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орналасқан өндірістік базаның (базалардың) орналасқан жері бойынша веб-порталда денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысанда береді:

1) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» (бұдан әрі –                                    «Е-лицензиялау» МДҚ) ақпараттық жүйесінде тіркелген, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы орналасқан жерде медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын қосымшалардың болуы;

2) банкроттық немесе тарату рәсіміне қатыспауы;

3) осы Қағидалардың 17-тармағының 2), 3), 4), 6) және 9) тармақшаларына сәйкес дерекқорға қосуға шектеулер болмауы;

4) Заңға және «Е-лицензиялау» МДҚ-да тіркелген Кодексте және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы (базалары) орналасқан жері бойынша дәрілік препараттарды дайындауға және (немесе) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге құқығын растайтын фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшалардың болуы;

5) Заңға және «Е-лицензиялау» МДҚ-да тіркелген Кодексте және өзге де денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (базаларының) орналасқан жері бойынша иондаушы сәуле шығаратын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану құқығын растайтын иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензияның және оған қосымшалардың болуы;

6) Заңға және «Е-лицензиялау» МДҚ-да тіркелген Кодексте және өзге де денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы (базалары) орналасқан жері бойынша денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияның және оған қосымшалардың болуы;

7) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                                  30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында берілген рұқсат құжатының болуы (эпидемиялық маңызы жоғары объектіге – жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен оның электрондық нысаны; эпидемиялық маңызы шамалы объектіге – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметін (пайдалануын) жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі немесе электрондық нысаны) (бұдан әрі – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасына (базаларына) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаты).»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Денсаулық сақтау субъектілері өтінімге қоса береді:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу куәлігінің (анықтама) көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

2) осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өтінімге «Е-Лицензиялау» МДҚ интеграциясы арқылы бекітіледі;

3) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткердің (үміткерлердің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасына (базаларына) рұқсат беру құжатының (құжаттарының) көшірмесі (көшірмелері);

4) басшының сенім білдірілген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған кезде сенімхаттың көшірмесі;

5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – РБЖ), «Медициналық техниканы басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі (әрі қарай – МТБЖ) (барлық денсаулық сақтау субъектілері), «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі – «БХТ» порталы) (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері) деректерді енгізу және оларды өзектілендіру туралы келісім (бұдан әрі – «РБЖ» АЖ, «МТБЖ» АЖ және «БХТ» порталының деректері бойынша келісім).»;

8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінім осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес келмеген кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілеріне веб-порталда денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына (базаларына) енгізуге (өзектендіруге) өтінімнің қабылданбағаны туралы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нысанда мына себептердің бірін көрсете отырып, қордың уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарлама жіберіледі:

1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде оны көрсету шартына (шарттарына) медициналық қызметке арналған лицензиясы және (немесе) медициналық көмектің мәлімделген нысандары (түрлері) бойынша оған қосымшалардың болмауы (сәйкес келмеуі);

2) «Е-лицензиялау» МДҚ-да тіркелген Кодексте және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген Заңға және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы (базалары) орналасқан жері бойынша дәрілік препараттарды дайындау құқығын растайтын және (немесе) фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу қосымшалардың болмауы (сәйкес келмеуі);

3) «Е-лицензиялау» МДҚ-да тіркелген Кодексте және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген Заңға және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткердің (үміткерлердің) денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (базаларының) орналасқан жері бойынша иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану құқығын растайтын иондаушы сәулеленуді және (немесе) оған қосымшаларды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензияның болмауы (сәйкес келмеуі);

4) «Е-лицензиялау» МДҚ-да тіркелген Кодексте және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген Заңға және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (базаларының) орналасқан жері бойынша денсаулық сақтау саласындағы психотроптық заттар және (немесе) прекурсорлар есірткі құралдарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын, прекурсорлар мен оған қосымшалар, психотроптық заттар, есірткі құралдарының айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияның болмауы (сәйкес келмеуі);

5) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасына (базаларына) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатының қоса берілген көшірмесінің болмауы (сәйкес келмеуі);

6) денсаулық сақтау субъектісінде банкроттық немесе тарату рәсімін жүргізу;

7) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтің немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу куәлігінің (анықтамасының) және жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) болмауы;

8) өтінімде көрсетілген денсаулық сақтау субъектісі ұсынған құжаттардың (дұрыс еместігі) және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес келмеуі;

9) осы Қағидалардың 17-тармағының 2), 3), 4), 6) және 9) тармақшаларына сәйкес негіздерде денсаулық сақтау субъектісін деректер базасынан шығаруға байланысты деректер базасына енгізуге шектеулердің болуы;

10) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде;

11) «РБЖ» АЖ, «МТБЖ» АЖ және «БХТ» порталы деректері бойынша келісімің болмауы;

12) басшының сенім білдірілген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған кезде сенімхаттың көшірмесінің болмауы.».

  1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

26-тармақтың 5)-тармақшасы, 27-тармақтың 7)-тармақшасы,                                    37-тармақтың  11)-тармақшасы алып тасталсын;

26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Денсаулық сақтау субъектілері, оның ішінде бекіту науқаны қорытындыларының хаттамасымен денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсіміне жіберілген МСАК субъектілері және осы Қағидалардың 19-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 15) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау субъектілері, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсету бойынша қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімді қағаз немесе веб-портал арқылы электрондық нысанда береді:

1) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» (бұдан әрі –                                     «Е-лицензиялау» МДҚ) ақпараттық жүйесінде тіркелген, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес медициналық қызметке лицензиясының және оған денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (-ларының) орналасқан жері бойынша жоспарланған көлемдерге өтінім берілген медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын қосымшалардың (бұдан әрі – медициналық қызметке лицензия) болуы;

2) «Е-Лицензиялау» МДҚ-да тіркелген жоспарланған көлемдерге арналған өтінімде көрсетілген қызметтерді көрсету үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензиясының және оған денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (-ларының) орналасқан жері бойынша оларды пайдалану құқығын растайтын қосымшалардың (бұдан әрі – иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия) болуы (көрсетілген кезде осы лицензия міндетті құжат болып табылатын медициналық көмек түрлері үшін);

3) «Е-Лицензиялау» МДҚ-да тіркелген жоспарланған көлемдерге арналған өтінімде көрсетілген қызметтерді көрсету үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясының және оған денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (-ларының) орналасқан жері бойынша денсаулық сақтау саласындағы есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға құқығын растайтын қосымшалардың (бұдан әрі – есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия) болуы (көрсетілген кезде осы лицензия міндетті құжат болып табылатын медициналық көмек түрлері үшін);

4) «Е-Лицензиялау» МДҚ-да тіркелген жоспарланған көлемдерге арналған өтінімде көрсетілген қызметтерді көрсету үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған оның қызметінің тиісті кіші түрлері бойынша денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (-ларының) орналасқан жері бойынша дәрiлiк препараттарды дайындауға және (немесе) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге құқығын растайтын қосымшалардың (бұдан әрі – фармацевтикалық қызметке лицензия) болуы (көрсетілген кезде осы лицензия міндетті құжат болып табылатын медициналық көмек түрлері үшін);

5) медициналық көмектің барлық мәлімделген түрлері бойынша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрық) сәйкес денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (-ларының) орналасқан жері бойынша берілген жоспарланған көлемдерге арналған өтінімде көрсетілген қызметтерді көрсету үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат құжатының болуы (эпидемиялық мәні жоғары объектіге – жоғары эпидемиялық мәні бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен оның электрондық нысаны; эпидемиялық мәні елеусіз объектіге – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен эпидемиялық мәні елеусіз объектінің қызметін (пайдалануын) жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның) (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаты).»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Жоспарланған көлемдерге өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

2) осы Қағидалардың 26-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жоспарланған көлемдерге өтінімге «Е-Лицензиялау» МДҚ интеграциясы арқылы бекітілетін құжаттар;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының көшірмесі (МЖӘ шеңберінде іске асырылатын денсаулық сақтау субъектілері береді);

4) аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда денсаулық сақтау субъектілері береді);

5) «Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы                     № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес жоспарланған көлемдерге өтінім берілген тиісті технологиялар бойынша берілген, жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) ұсынуға денсаулық сақтау ұйымының ЖТМК ұсынуға сәйкестігі туралы қорытындының көшірмесі (ЖТМК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі ұсынады);

6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тиісті нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімде көрсетілген медициналық көмек көрсетуге арналған көлемдер мен сомалар туралы мәліметтер;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатының көшірмесі;

8) «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                     № 21559 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақылы қызметтер көрсету қағидалары) айқындалған жағдайларды қоспағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары жасалған медициналық көмектің (қызметтің) түрлері бойынша ақылы негіздегі қызметтерді ұсынбау туралы еркін нысандағы міндеттемелер;

9) осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін медициналық көмек түрлерін көрсету жоспарланатын өндірістік базалардың тізбесі;

10) ғимаратты мүліктік жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі) (бар болған жағдайда);

11) басшының міндетін атқарушыға (басшының орнын басқан кезде) бұйрықтың көшірмесі;

12) сенімхаттың түпнұсқасы (жоспарланатын көлемдерге өтінімді қағаз нысанда ұсынған кезде) немесе басшының сенім білдірген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған жағдайда оның электрондық көшірмесі (өтінімді электрондық нысанда ұсынған кезде).»;

37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Комиссия мүшелері веб-порталда жоспарланған көлемге өтінімдерді ашу туралы автоматты хабарламаны алғаннан кейінгі келесі күннен бастап (өтінімдерді қағаз нысанда қабылдау кезінде – оларды қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейінгі келесі күннен бастап) он жұмыс күні ішінде көлемдерді орналастыруға рұқсат беру үшін талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде Кодексте және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне және бар-жоғын тексереді:

1) жоспарланған көлемдерге өтінімдер (қағаз нысанда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

3) медициналық қызметке лицензия;

4) иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия (көрсетілген кезде осы лицензия міндетті құжат болып табылатын медициналық көмек түрлері үшін);

5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия (көрсетілген кезде осы лицензия міндетті құжат болып табылатын медициналық көмек түрлері үшін);

6) фармацевтикалық қызметке лицензия (көрсетілген кезде осы лицензия міндетті құжат болып табылатын медициналық көмек түрлері үшін);

7) МЖӘ шеңберінде іске асырылатын денсаулық сақтау субъектілері беретін МЖӘ шартының көшірмесі;

8) денсаулық сақтау субъектілерінде бар болса берілетін аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі;

9) № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына сәйкес жоспарланған көлемдерге өтінім берілген тиісті технологиялар бойынша берілген, ЖТМК ұсынуға денсаулық сақтау ұйымының ЖТМК ұсынуға сәйкестігі туралы қорытындының көшірмесі (ЖТМК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі ұсынады);

10) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тиісті нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімде көрсетілген медициналық көмек көрсетуге арналған көлемдер мен сомалар туралы мәліметтер;

11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатының көшірмелері;

12) Ақылы қызметтер көрсету қағидалары бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары жасалған медициналық көмектің (қызметтің) түрлері бойынша ақылы негізде көрсетілетін қызметтерді ұсынбау туралы міндеттемелер еркін нысанда;

13) осы Қағидаларға 4-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін медициналық көмек түрлерін көрсету жоспарланатын өндірістік базалардың тізбесі;

14) ғимаратты мүліктік жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі) (бар болған жағдайда);

15) басшының міндетін атқарушыға (басшының орнын басқан кезде) бұйрықтың көшірмесі;

16) сенімхаттың түпнұсқасы (жоспарланатын көлемдерге өтінімді қағаз нысанда ұсынған кезде) немесе басшының сенім білдірген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған жағдайда оның электрондық көшірмесі (жоспарланатын көлемдерге өтінімді электрондық нысанда ұсынған кезде).».

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және                   2)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші – жетпіс бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

ТӘЖ

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
22 ноября 2023