Жоба
Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 шілдедегі ЗРК Кодексі 158-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Цой
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) емдеу – аурдың ағымын жоюға, тоқтатуға және (немесе) жеңілдетуге, сондай-ақ, оның ушығуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;
2) емдеуден бас тарту – зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы тағайындаған емнен бас тартуы;
3) емделуден жалтару – фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз жіберу түрінде емдеу режимін бұзу;
4) мәжбүрлеп емдеу – сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу.
1) пациенттің медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың емделуден бас тартуы;
2) пациенттің медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік бір ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түрінде емдеу режимін бұзуы.
2-тарау. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмекті көрсету тәртібі
1-параграф. Туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібі
1) зертханалық расталған туберкулезбен ауыратын науқас емдеуге жатқызудан бас тартқан жағдайда – тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның фтизиатры;
2) өз еркімен кетіп қалған және науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз үзу түріндегі емдеу режімін бұзған жағдайда – емдеуші дәрігер ұсынады.
Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясыныңқорытындысы бойыншафтизиопульмонологиялық ұйымныңбас дәрігері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мәжбүрлеп емдеу туралы ұсынымға қол қояды.
1) денсаулық жағдайы туралы анықтама (сырқатанамадан, амбулаториялық картадан үзінді);
2) фтизиопульмонологиялық ұйымыөкілінің атына сот отырыстарына қатысуы үшін берілгенфтизиопульмонологиялық ұйымының бас дәрігері бекіткен сенімхат;
3) фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының мәжбүрлеп емдеуді тағайындау қажеттілігі туралы қорытындысы.
Құжаттарфтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясыныңқорытындысы қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде сотқа жіберіледі.
2-параграф. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмекті көрсету тәртібі
Науқасқа «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген 003/е нысанға сәйкес медициналық карта (бұдан әрі – сырқатнама) ресімделеді.
Демалыс және мереке күндері тексеріп-қарауды кезекші медициналық персонал жүзеге асырады.
3-параграф. Мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын адамдардыңболу режимі
1) аумақты негізгі қоршаумен;
2) дабылдамамен;
3) құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен;
4) терезелердегі тез алынатын және ашылатын металл торлармен;
5) барлық арнайы және қосалқы үй-жайлар темір есіктермен;
6) мамандандырылған күзеті бар бақылау-өткізу пунктімен;
7) бейне бақылау жүйесімен жабдықталады.
Күзет қызметі бақылау-өткізу режимін ұйымдастырады және сыртқы және ішкі күзетті қамтамасыз етеді.
4-параграф. Мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын адамдарды шығару тәртібі
Науқасты шығарған кезде тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның фтизиатрына«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген)бекітілген «Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы» ТБ 01/е нысаны бойынша немесе «Туберкулезбен ауыратын IV санатты науқастың медициналық картасы»-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы, соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға науқас қабылдайтын тараппен алдын ала келісе отырып, мамандандырылған медициналық көлікпен ауыстырылады. Ұйымға соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға ауыстырылған науқастың«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген)бекітілген «Туберкулезбен ауыратын IV санатты науқастың медициналық картасы»-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның фтизиатрына жіберіледі.
|
|
Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Нысан
___________облыстың, Нұр-Сұлтан, |
МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ
Науқас__________________________________________________________
(пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
___________________________________________________ туған күні,
мынадай мекенжай бойынша тұратын: ___________________________________
____________________________________________________________________,
____________ жылғы «____» ____________ бастап_________________________
________________________________________________________________
____________________________________________________________________диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.
Қосалқы аурулары:________________________________________________
____________________________________________________________________
Ауру анамнезі: _________________________________________________
____________________________________________________________________Науқас__________________________________________________________
(емдеуден бас тарту немесе бой тасалау фактілері сипатталады)
____________________________________________________________________
фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясыныңқорытындысы:__________________________
____________________________________________________________________
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7шілдедегі Кодексінің 158-бабына сәйкес жазылғанның негізінде
Науқас ______________________________________________________________
(пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
фтизиопульмонологиялық ұйымға______________________________________
(мекеменің атауы)
мәжбүрлеп емдеуге жіберуді
ӨТІНЕМІН.
Қосымша: материалдар ____ парақ.
Фтизиопульмонологиялық ұйымның бас дәрігері __________________________
_________________________________________________________________
(облыстың, қаланың) (Т.А.Ә.)