Денсаулық сақтау саласындағы
көрсеткіштерді қалыптастыру
(есептеу) әдістемесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 61) тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) Әдістемесі бекітілсін.
- «Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 912 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12470 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
- осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М. Е. Шорановқа жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Цой