Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану ережесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтаудың осы ұлттық шоттарын қалыптастыру және пайдалану ережесі бекітілсін.
- Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-66 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18645 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын,
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
- осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Цой