Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті «Хирургия саласы бойынша қазақша терминдер жасау мәселелері» тақырыбында республикалық терминологиялық конференция өткізді
ҚР ДСМ жанындағы Денсаулық сақтау саласындағы медициналық терминология комиссиясының 2023-2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 қазанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Хирургия саласы бойынша қазақша терминдер жасау мәселелері» тақырыбында республикалық терминологиялық конференция өтті.
Конференция мақсаты – хирургиялық терминдердің мемлекеттік тілде қолданылу аясын біріздендіру.
Конференция жұмысының бағыттары:
Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы А.Ә. Алдангорова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғ.М. Абзалбек және Қазақстанның барлық медициналық жоғары оқу орындарының терминологиялық комиссиясының өкілдері мен ПОҚ, сондай-ақ бірқатар медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.
Конференция барысында республикаға белгілі ғалымдардың баяндамалары тыңдалды және конференция материалдары бойынша «Марат Оспанов атындағы БҚМУ журналы конференция сериясы» журналында ғылыми мақалалар жинағы жарық көрді.
Сондай-ақ терминологиялық конференция отырысына хирургиялық терминдердің, соның ішінде нейрохирургия, кардиохирургия, травматология және ортопедия, тамыр хирургиясы салалары бойынша конференция жұмысына ұсынылған терминдер талқыланып, республикалық терминологиялық комиссия қарауына ұсынылды.
Бұл конференция мемлекеттік тілдегі медициналық терминдер мәселесін қозғайтын салмақты шара болып табылады. Ғалымдар мен практик дәрігерлердің терминология бойынша көкейінде жүрген сұрақтар талданған пікір алмасу алаңы болды.
