Алматы қаласында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН «САПАЛЫ ҚҰЖАТ: ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ІСҚАҒАЗ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ағымдағы жылы  6 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Маратұлы Шаметековтың бастамасымен ұйымдастырылған Алматы қаласында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Alatau Creative Hub» орталығында «Сапалы құжат: ұлттық стандартқа негізделген ісқағаз» конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі сағат 9.30-да  Ұлт ұстазы, қазақ әлібиінің атасы, Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етуден басталды және ұстаз Ахмет атамыздың мұражай үйіне саяхат жасалып, Ахмет Байтұрсынұлының оқу сыныбында білім партасына отырып және құнды кітаптарын сыйлыққа алынды. 

Әріптес ұйымдарымыз Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы; Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы, Алматы қаласының әкімдігі осы марапаттау рәсіміне белсенді ат салысты

Марапаттау рәсімінің модераторы  ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының  сарапшысы, конкурстық комиссия мүшесі Мақсат Шілдебаев болды. 

Алғысөз Алдангорова Айжан Әнуарбекқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысына, Шалабаев Құсман Кәрімұлы - Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасына, Әлкешев Ниязтай Болатұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковникке берілді. 

Конкурс жүлдегерлері:

«Үздік денсаулық сақтау басқармасы» аталымы «Үздік амбулаторияөлық-емханалық көмек көрсететін медициналық  ұйым» аталымы, Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық  ұйым» аталымы, «Үздік медициналық оңалту ұйымы» аталымы, «Үздік қан қызметі» аталымы бойынша марапатталды.

Одан басқа конкурс қорытындысы бойынша Министрліктің алғысхатымен Алматы қаласының, Ақтөбе, Павлодар, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармалары марапатталды және 1-дәрежелі диплом алған ұйымдар Ақтөбе қаласының №3 қалалық емханасы, №1 Павлодар қалалық ауруханасы, Ақтөбе облыстық қан орталығы, Түркістан облысының «Жансая» облыстық балаларды оңалту орталығы Министрліктің құрмет грамотасымен марапатталды.  

Марапаттау рәсімінде Алаш зиялысы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы да аталып өтілді. Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен биылғы жылы Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының  денсаулық сақтау ұйымдары және ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы Мағжан атамыздың 130 жылдық мерейтойына орайластырып төрт маңызды іс-шара өткізілгенін атап өтеміз, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық меретойына төсбелгі дайындады және денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандары мен тіл жанашырларын, әріптес ұйымдарымыздың мамандары аталған төсбелгілерімен марапатталды.

Марапаттау соңында жүлдегерлер Аубашева Гаухар Мұраткелдіқызы, Ыдырышева Жанар Кеңесханқызы, Жұрымбаева Жанар Айдарқызы, Молдағасымова Айзат Балтағұлқызы пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ақпарат
Дата публикации
07 октября 2023