Оралхан оқуларын жаңғырту

2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап 27 қыркүйек аралығында ТҒӨО-ның бөлімдері арасында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Оралхан оқуларын жаңғырту» тақырыбында Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттауға бағытталған челлендж ұйымдастырылды; 

2023 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 15.00-де ТҒӨО үлкен залында осы шара аясында Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкейқызы Исахановамен, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Жоғары гуманитарлық мектебі Жалпы білім беру пәндер департаменті Teaching Professor, ф.ғ.к. – Қарлығаш Советханқызы Дюсупбаевамен кездесу өтті.

Іс-шаралардың мақсаты: жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, көркем мінезділікке тәрбиелеу, Оралхан Бөкей шығармаларының құндылықтарын мүмкіндігінше көбірек қоғамның әр мүшесіне жеткізу.

Қатысушылар құрамы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы Жұмағалиева Индира Абайқызы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, «University Medical Center» корпоративтік қоры, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ және т.б. Астана қаласының медициналық ұйымдарының өкілдері, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері.

 

 

Дата публикации
03 октября 2023