29 қыркүйек күні Ұлттық ғылыми онкология орталығында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев – әйгілі ақын, ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің аспанында пайда болған жарық жұлдыздардың бірі.
Іс-шараның басты мақсаты – жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.
Іс-шараға Орталық қызметкерлері қатысты, байқау үш кезеңде өтті: Мағжан шығармаларын мәнерлеп оқу, ақынның әнін музыкалық сүйемелдеумен орындау, Cover Show және т.б., мемлекеттік тілде викторина өткізу және ұлы тұлғаға арнаған өз өлеңдерін оқу.
Қатысушыларға Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сатыбаев, ҚР ДСМ мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы Индира Жұмағалиева, профессор, ҰҒОО бас консультанты Тасболат Әділханов құттықтау сөз сөйледі.
Конкурстық сайысқа Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арасынан 10 команданың өкілдері қатысты.
Көркемсөз оқу командалары арасында үздік - Трансфузиология орталығы (1-орын), екінші орынды Радиациялық онкология және ядролық медицинаны енгізу бөлімі, үшінші орынды – Тамыр хирургиясы орталығы иеленді. Байқауды мәнерлеп оқуда шеберліктерін көрсеткен жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

