Шымкент қаласында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласында «Тілге құрмет – елге құрмет»

тақырыбында дөнгелек үстел өтті

 

 29 қыркүйек күні  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент жоғары медицина колледжінің базасында «Тілге құрмет – елге құрмет» такырыбында дөнгелек үстел өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласынының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Д.З.Ештаева, №1 қалалық емханасының бас дәрігері М.Ә.Бейсеуов, №4 қалалық емханасының бас дәрігері А.Ж.Бекбауова, «Шымкент» жүрек орталығының» дәрігері Г.С.Әлімбаева, Шымкент қалалық тілдерді оқу-әдістемелік орталығының қызметкері А.Т.Оспанова және колледж қызметкерлері, оқытушылары, кітапханашылары мен білім алушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындап, басқа тілді меңгеруге ешқандай бөгет болмайтынын, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бірауыздан ана тілімізге жаңашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу борыштары екендігі баса айтылды.

 Қатысушылар медициналық мекемелерде мемлекеттік тілде құжат жүргізуге қатысты өздеріне  пайдалы ақпарат алып,       іс-шараны ұйымдастырушыларға  ризашылықтарын білдірді.

 

 
 
 
 
 
 

 

ақпарат
Дата публикации
02 октября 2023