Ақтөбе қаласында «Тіл және медицина» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

Ақтөбе қаласында «Тіл және медицина» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

29 қыркүйек күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл және медицина» тақырыбында университетішілік дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара бірігей мәселелерді шешетін жоғары оқу орындарының филология және педагагогика салаларындағы ғылым кандидаттарының, тіл жанашырлары мен студенттер бас қосты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - ғылым тілінің, атап айтқанда медицина тілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ медициналық терминдердің дұрыс қолданылуын талқылау.

Алғы сөзді медицина ғылымының кандидаты, доцент, медицина факультетінің деканы Абилов Талғар Сатыбайұлы алып, медицина тілін мемлекеттік тілде сөйлетудің ерекшеліктері мен түп тамырын латыннан тартқан саланың сан қырлы терминдері туралы тұ­шымды ойын ортаға салды.  Әрі қарай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, тіл ардагері, дәрігер Рахиев Роман Рахиұлы тіл үйренгісі келген ниетке тегеурін болар тосқауыл жоқтығын айтып,  өз ойын жалғастырды. Медицина саласындағы тілдер мәселесін қозғайтын тәжірибелі оқытушылар да көкейінде жүрген сұрақтарды талқыға салып, өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сөз соңында педагогика ғылымының кандидаты, доцент, тілдер кафедрасының меңгерушісі Алтынгүл Сәрсенқызы Мустояпова тіл жанашырлары мен сала мамандарына, тілдің түрлі мəселелері қызықтыратын қауымға алғысын білдіріп, келген қонақтарға сертификаттар табыстады.

 

 
 
 
 
 
 

 

ақпарат
Дата публикации
02 октября 2023