«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» салтанатты іс-шарасы

Әр халықтың тілі асыл тас іспетті. Ол әртүрлі мәдениеттерді бейнелейді, оның әдет-ғұрпы мен ұлылығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бір тудың астында бірігіп күн кешуде. Еліміздің әрбір азаматы ана тілін қолдануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы.

Қазақ ақыны Қадыр Мырзалиев айтқандай, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Қазір Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай жасауда және қамқорлықпен қарауда.

Қазақстан халықтарының Тілдері күні аясында ҰҒДСДО-да «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» атты салтанатты іс-шара өткізілді, оған қатысқан Орталық қызметкерлері үш тілде ән шырқап, өлең оқыды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара көтеріңкі көңіл-күймен өтті, белсенді қатысқан қызметкерлерге қазақ ақындарының өлеңдер жинағы мен алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шара соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.

Аталған іс-шара ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру және тіл туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді.

 

 

 

Дата публикации
28 сентября 2023