Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні» мерекесіне орай «Қазақ жазуының тарихы және Қазақ газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл» атты республикалық семинар өтті
8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның ұйымдастыруымен «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні» мерекесіне орай «Қазақ жазуының тарихы және Қазақ газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл» атты республикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – қазақ жазуының тарихы, тіл мәдениетін дамыту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі аясын кеңейтуге атсалысу, тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Семинарда қазақ жазуының тарихы, А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінен жаңадан табылған мақалалары, әліпби ауыстырудың бүгінгі әлеуметтік лингвистикалық мәселелері, қазақ жазуындағы латын графикасының жаңа тарихы талқыланды.
Семинарға ҚР ДСМ, ҚР ДСМ СЭБК, ҚР ҒЖБМ ҒК А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты, А.Байтұрсынұлы музей үйі, Қорқыт ата ат. Қызылорда университеті, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, Республикалық психиатриялық аурухана, Балаларды ерте оңалту орталығы, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, Алматы обл. СЭБД, Марат Оспанов ат. Батыс Қазақстан медицина университеті, Республикалық қан орталығы, Семей қ. № 3 емханасы, Павлодар обл. СЭБД, Жетісу обл. СЭБД, Солтүстік Қазақстан обл. СЭБД, Батыс Қазақстан обл. СЭБД, Алматы қ. ҚДСБ, Астана қ. СЭБД, Маңғыстау обл. ДСБ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Ақмола облысының ДСБ, Астана қ. ҚДСБ, Ақмола обл. СЭБД, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, Шымкент қ. «Жоғары медицина колледжі», Қарағанды обл. СЭБД, Отан соғысының ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь, Қарағанды обл. ДСБ, Атырау обл. СЭБД, Жамбыл обл. ДСБ, Семей медицина университеті, Қызылорда обл. СЭБД, М.Айқымбаев ат. аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандары онлайн және оффлайн (46 адам) қатысты.
ҚР ДСМ мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Алдангорова Айжан Әнуарбекқызы (ZOOM арқылы), ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Надуев Ғазиз Дүйсенбекұлы құттықтау сөз сөйледі.
А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Момынова Бағдан Қатайқызы қазақ жазуының қысқаша тарихы туралы, А.Байтұрсынұлы музей үйінің бөлім меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ахметұлы Әділет А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінен жаңадан табылған мақалалары жөнінде, Қорқыт ата ат. Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Абасилов Аман Мәделханұлы (ZOOM арқылы) Әліпби ауыстырудың әлеуметтік лингвистикалық мәселелері жайлы, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, ф.ғ.к. Қапалбеков Бижомарт Сейсенбекұлы қазақ жазуындағы латын графикасының жаңа тарихы туралы баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
