Алматы қаласында «Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласында «Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылғы 6 кыркүйекте «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамында денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде «Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада ZOOM платформасында Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы А.Алдонғарова онлайн түрде ашып, жұмыс барысына сәттілік тіледі.

Қоғамның Басқарма төрағасының орынбасары А.Әубәкірова, Персоналды басқару қызметінің басшысы Сәния Қалижанқызы құттықтау тілектерін білдірді.

Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу сапасын арттыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге  бағытталған өзекті мәселелерді Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басшылығы, республикалық және қалалық медициналық мекемелердің кадрлар бөлімінің инспекторлары және мемлекеттік тіл мамандары бірлесе отырып талқылады.

Дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Терминология комиссиясының мүшесі, сарапшы маман  А.Мыржықбаева «Құжаттама әзірлеу стандарттары» тақырыбында баяндама оқыды. Тақырыпқа қызығушылық танытқан мекеме мамандары сұрақтарын қойып, мәселе қызу пікірталасқа ұласты.

Екінші баяндамашы Алматы қаласының ҚДБ «Алау» оңалту орталығының директоры М.Шегебаеваның «Медициналық оңалту қызметінің құжаттамасы» баяндамасында да мамандарға қажетті ақпарат берілді.

Алматы қаласының ҚДБ Қалалық ревмотология орталығы кадрлар бөлімінің басшысы А.Әміржанова өзінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, өз ойын ортаға салды.

Соңғы баяндамашы «Алау» оңалту орталығының маманы Ахметова Қарлыға Қапизқызы  Қауіпсіздік қызметінің құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелеріне тоқталып кетті. 

Медициналық университеттің профессоры, ф.ғ.к., ардагер ұстаз, тіл жаншыры А.Ақыжанова өз сөзінде медицина саласында мемлекеттік тілді дамыту барысына қолдау көрсетіп отыратын Министрлік басшылығына  алғысын білдірді.

Іс-шара соңында іс-шараға белсене атсалысқандарға, мазмұнды өтуіне ықпал еткен баяндамашыларға мекеме басшысының  атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификат берілді.

 

 
 
 
 
 
 
 

 

ақпарат
Дата публикации
06 сентября 2023