Тілдер мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынов- ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өтті

Тілдер мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынов- ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өтті

 Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Ахмет Байтұрсынов- ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты:  Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

Ашық сабақта Ахмет Байтұрсынов – ағартушы,
Ахмет Байтұрсынов – ғалым, Ахмет Байтұрсынов – ақын, аудармашы, Ахмет Байтұрсынов – публицист тақырыптарында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы, сондай-ақ «Шортан, шаян, аққу» мысалындағы ақынның айтайын деген негізгі ойы кеңінен тарқатылып баяндалды.

Сабақ соңында тыңдаушылармен «Ахметке хат жазу» кері байланыс семантикалық картамен жұмыс жасалынды.

 
 
 
 

 

Ақпарат
Дата публикации
05 сентября 2023