ҚАРАҒАНДЫ КӨПСАЛАЛЫ УНИВЕРСИТЕТТІК АУРУХАНАСЫНЫҢ МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ХАБАРЛАМА / РОУД-ШОУ
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Азия Даму Банкі (АДБ, ҚР ДСМ жоба бойынша кеңесшісі) мүдделі жергілікті және халықаралық компанияларды, сондай-ақ әлеуетті кредиторларды Қарағанды көпсалалы университеттік ауруханасының МЖӘ жобасы (жоба) бойынша онлайн роуд-шоуға қатысуға шақырады.
Қазіргі уақытта ҚР ДСМ мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) шеңберінде Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы жобалауға, салуға/жарақтандыруға, қаржыландыруға, беруге, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге арналған халықаралық конкурсқа дайындықты жүргізуде. Жақын арада біліктілікке сұраныс басталады деп күтілуде.
ҚР ДСМ Zoom платформасы арқылы 2023 жылғы 21 тамыз дүйсенбіде (Астана уақыты бойынша 16:00) немесе 2023 жылғы 22 тамыз сейсенбіде (Астана уақыты бойынша 10:00) роуд-шоуға қатысуға ниет білдірген мүдделі тұлғаларды мүмкіндігінше тезірек өздерінің байланыс деректерін (аты-жөні, компания атауы, электрондық пошта мекенжайы) келесі электрондық пошта мекенжайларына ұсынуға шақырады:
ҚР ДСМ: sagituly@dsm.gov.kz Ғазиз Сағитұлы, ҚР ДСМ МЖӘ басқармасының басшысы
Жауапкершілікті шектеу:
Егер бұған ҚР ДСМ немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жазбаша нысанда тікелей рұқсат бермесе, осы хабарлама алдағы роуд-шоу туралы хабарлама болып табылады және конкурс өткізу немесе ҚР ДСМ не ҚР Үкіметі тарапынан шарт жасасу жөніндегі заңды міндеттемені білдірмейді.