Қосымша
2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН «САПАЛЫ ҚҰЖАТ: ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ІСҚАҒАЗ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Конкурс мақсаты: денсаулық сақтау ұйымдарында құжаттармен жұмыс жасау мәдениетін жетілдіру.
Конкурс міндеті: медициналық және жалпы құжаттама әзірлеу сапасын арттыру; ұлттық аккредиттеу стандарттарын кеңінен қолданысқа енгізу; электрондық денсаулық сақтау кеңістігін дамыту.
Конкурс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі; Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Қолдау көрсетушілер: Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.
Өткізу кезі: 2023 жылғы 15 тамыз - 25 қыркүйек.
Қонкурс нәтижесін жариялау: 2023 жылғы 26 қыркүйек.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі: 2023 жылғы 06 қазан.
Конкурс 7 аталым бойынша өткізіледі. Әр аталым бойынша жеңімпаз болып танылған медициналық ұйымдарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтар тағайындалады.
Бірінші аталым - «Үздік денсаулық сақтау басқармасы». Бұл аталым бағынысты медициналық ұйымдарға кәсіби, әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп, медициналық, кадрлық, қаржылық, шаруашылық, статистикалық және басқа да құжаттаманың мемлекеттік тілде және Ұлттық аккредиттеу стандарттарының талаптарына сай жүргізілуіне қомақты үлес қосқан денсаулық сақтау басқармасына беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Денсаулық сақтау басқармасының құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу дәрежесі туралы «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі» тақырыбында жасалған презентациясы (5-7 минуттық бейнеролик) |
Бейнеролик мазмұны: 1) ісқағаз жүргізу және құжаттаманы басқару мәселесі бойынша медициналық ұйымдарға жетекшілік ету, әдістемелік көмек беру және жұмыстарын үйлестіру шаралары (ұйымдастырылған конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сабақтары, басқа да іс-шаралар туралы ақпарат); 2) басқарманың қазақтілді материалдармен қамтылған ресми сайты (медициналық ұйымдар қызметіне қатысты негізгі нормативтік-құқықтық актілер, аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдар туралы мәлімет, клиникалық хаттамалар, жалпы және медициналық құжаттардың үлгілері, басқа да ақпарат) |
|
2 |
Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Басқарма қызметінде қолданылатын құжаттар тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Денсаулық сақтау басқармасы туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Екінші аталым - «Үздік амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым». Бұл аталым Ұлттық аккредиттеу стандарттарын негізге ала отырып, төменде көрсетілген құжаттар кешенін кең қолданысқа енгізген ұйымға беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметі мен жетістіктері туралы қазақ тілінде жасалған бейнеролик-презентация (5-7 минут) |
Бейнеролик мазмұны: 1) миссия, пайым, міндет-мақсаттар, құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат; 2) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құжаттамасы туралы мәлімет; 3) «басқару», «ресурстар», «қауіпсіздік», «пациент» бағыттары бойынша қолданысқа енгізілген құжаттар туралы мағлұмат |
|
2 |
Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Медициналық ұйым қызметінде қолданылатын құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
6 |
Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қызметіне қатысты ақпарат |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
7 |
Медициналық ұйым туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Клиникалық хаттама (таңдау бойынша) Медициналық қауіпсіздік кодтары (ақ, сары, қызғылт, қызыл, қызғылтсары, көк, жасыл, қара) Стандарттық операциялық процедуралар («Пациенттің құқықтары мен міндеттері», «Медициналық персоналдың қол гигиенасы», «Пациентті сәйкестендіру» тақырыптарында, сондай-ақ амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру бойынша әзірленген СОПтар) Бағдарламалар (медициналық қызмет сапасы мен емделуші қауіпсіздігі сапасын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, адами ресурстарды басқару, кәсіби қызметке бейімдеу, тәуекелдерді басқару, инциденттерді басқару, ғимарат және инженерлік жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді басқару, ішкі аудит жүргізу, дәрілік заттарды қолдану, медициналық құрал-жабдықты пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу) Ережелер (бақылау кеңесі, құрылымдық бөлімшелер, ақылы қызметтер, еңбекақы төлеу, комиссия құру, т.б. туралы) Қағидаттар (құжаттаманы басқару, медициналық және медициналық емес құжаттаманы архивтеу, ғимаратты қарап-тексеру, медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жою, электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тарату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. туралы) Нұсқаулықтар (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, шұғыл медициналық көмек көрсету) Лауазымдық нұсқаулықтар (бірінші басшы, жалпы практика дәрігері, бас мейіргер) |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Үшінші аталым - «Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым». Бұл аталым Ұлттық аккредиттеу стандарттарын негізге ала отырып, төменде көрсетілген құжаттар кешенін кең қолданысқа енгізген ұйымға беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметі мен жетістіктері туралы қазақ тілінде жасалған бейнеролик-презентация (5-7 минут) |
Бейнеролик мазмұны: 1) миссия, пайым, міндет-мақсаттар, құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат; 2) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құжаттамасы туралы мәлімет; 3) «басқару», «ресурстар», «қауіпсіздік», «пациент» бағыттары бойынша қолданысқа енгізілген құжаттар туралы мағлұмат |
|
2 |
Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Медициналық ұйым қызметінде қолданылатын құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
6 |
Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қызметіне қатысты ақпарат |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
7 |
Медициналық ұйым туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Клиникалық хаттама (таңдау бойынша) Медициналық қауіпсіздік кодтары (ақ, сары, қызғылт, қызыл, қызғылтсары, көк, жасыл, қара) Стандарттық операциялық процедуралар («Пациенттің құқықтары мен міндеттері», «Медициналық персоналдың қол гигиенасы», «Пациентті сәйкестендіру» тақырыптарында, сондай-ақ стационарлық көмекті ұйымдастыру бойынша әзірленген СОПтар) Бағдарламалар (медициналық қызмет сапасы мен емделуші қауіпсіздігі сапасын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, адами ресурстарды басқару, кәсіби қызметке бейімдеу, тәуекелдерді басқару, инциденттерді басқару, ғимарат және инженерлік жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді басқару, ішкі аудит жүргізу, дәрілік заттарды қолдану, медициналық құрал-жабдықты пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу) Ережелер (бақылау кеңесі, құрылымдық бөлімшелер, ақылы қызметтер, еңбекақы төлеу, комиссия құру, т.б. туралы) Қағидаттар (құжаттаманы басқару, медициналық және медициналық емес құжаттаманы архивтеу, ғимаратты қарап-тексеру, медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жою, электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тарату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. туралы) Нұсқаулықтар (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, шұғыл медициналық көмек көрсету) Лауазымдық нұсқаулықтар (бірінші басшы, терапевт-дәрігер, бас мейіргер) |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Төртінші аталым - «Үздік жедел медициналық көмек және санитарлық авиация медициналық ұйымы». Бұл аталым Ұлттық аккредиттеу стандарттарын негізге ала отырып, төменде көрсетілген құжаттар кешенін кең қолданысқа енгізген ұйымға беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация медициналық ұйымының қызметі мен жетістіктері туралы қазақ тілінде жасалған бейнеролик-презентация (5-7 минут) |
Бейнеролик мазмұны: 1) миссия, пайым, міндет-мақсаттар, құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат; 2) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құжаттамасы туралы мәлімет; 3) «басқару», «ресурстар», «қауіпсіздік», «пациент» бағыттары бойынша қолданысқа енгізілген құжаттар туралы мағлұмат |
|
2 |
Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация медициналық ұйымының стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Медициналық ұйым қызметінде қолданылатын құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
6 |
Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қызметіне қатысты ақпарат |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
7 |
Медициналық ұйым туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Клиникалық хаттама (таңдау бойынша) Медициналық қауіпсіздік кодтары (ақ, сары, қызғылт, қызыл, қызғылтсары, көк, жасыл, қара) Стандарттық операциялық процедуралар («Пациенттің құқықтары мен міндеттері», «Медициналық персоналдың қол гигиенасы», «Пациентті сәйкестендіру» тақырыптарында, сондай-ақ жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация қызметін ұйымдастыру бойынша әзірленген СОПтар) Бағдарламалар (медициналық қызмет сапасы мен емделуші қауіпсіздігі сапасын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, адами ресурстарды басқару, кәсіби қызметке бейімдеу, тәуекелдерді басқару, инциденттерді басқару, ғимарат және инженерлік жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді басқару, ішкі аудит жүргізу, дәрілік заттарды қолдану, медициналық құрал-жабдықты пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу) Ережелер (бақылау кеңесі, құрылымдық бөлімшелер, ақылы қызметтер, еңбекақы төлеу, комиссия құру, т.б. туралы) Қағидаттар (құжаттаманы басқару, медициналық және медициналық емес құжаттаманы архивтеу, ғимаратты қарап-тексеру, медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жою, электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тарату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. туралы) Нұсқаулықтар (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, шұғыл медициналық көмек көрсету) Лауазымдық нұсқаулықтар (бірінші басшы, бөлімше меңгерушісі, аға мейіргер) |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Бесінші аталым - «Үздік медициналық оңалту ұйымы». Бұл аталым Ұлттық аккредиттеу стандарттарын негізге ала отырып, төменде көрсетілген құжаттар кешенін кең қолданысқа енгізген ұйымға беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Медициналық оңалту ұйымының жетістіктері, оның ішінде мультидисциплиналық топтың құрамы мен қызметі туралы қазақ тілінде жасалған бейнеролик-презентация (5-7 минут) |
Бейнеролик мазмұны: 1) миссия, пайым, міндет-мақсаттар, құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат; 2) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құжаттамасы туралы мәлімет; 3) «басқару», «ресурстар», «қауіпсіздік», «пациент» бағыттары бойынша қолданысқа енгізілген құжаттар туралы мағлұмат |
|
2 |
Медициналық оңалту ұйымының стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Медициналық ұйым қызметінде қолданылатын құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
6 |
Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қызметіне қатысты ақпарат |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
7 |
Медициналық ұйым туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Клиникалық хаттама (таңдау бойынша) Медициналық қауіпсіздік кодтары (ақ, сары, қызғылт, қызыл, қызғылтсары, көк, жасыл, қара) Стандарттық операциялық процедуралар («Пациенттің құқықтары мен міндеттері», «Медициналық персоналдың қол гигиенасы», «Пациентті сәйкестендіру» тақырыптарында, сондай-ақ медициналық оңалту қызметін ұйымдастыру бойынша әзірленген СОПтар) Бағдарламалар (медициналық қызмет сапасы мен емделуші қауіпсіздігі сапасын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, адами ресурстарды басқару, кәсіби қызметке бейімдеу, тәуекелдерді басқару, инциденттерді басқару, ғимарат және инженерлік жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді басқару, ішкі аудит жүргізу, дәрілік заттарды қолдану, медициналық құрал-жабдықты пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу) Ережелер (бақылау кеңесі, құрылымдық бөлімшелер, мультидисциплиналық топ, педагогикалық қызмет, ақылы қызметтер, еңбекақы төлеу, комиссия құру, т.б. туралы) Қағидаттар (құжаттаманы басқару, медициналық және медициналық емес құжаттаманы архивтеу, ғимаратты қарап-тексеру, медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жою, электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тарату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. туралы) Нұсқаулықтар (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, шұғыл медициналық көмек көрсету) Лауазымдық нұсқаулықтар (бірінші басшы, физикалық медицина және оңалту дәрігері, физикалық медицина және оңалту мейіргері) |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Алтыншы аталым - «Үздік паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйым». Бұл аталым Ұлттық аккредиттеу стандарттарын негізге ала отырып, төменде көрсетілген құжаттар кешенін кең қолданысқа енгізген ұйымға беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымның қызметі мен жетістіктері туралы қазақ тілінде жасалған бейнеролик-презентация (5-7 минут) |
Бейнеролик мазмұны: 1) миссия, пайым, міндет-мақсаттар, құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат; 2) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құжаттамасы туралы мәлімет; 3) «басқару», «ресурстар», «қауіпсіздік», «пациент» бағыттары бойынша қолданысқа енгізілген құжаттар туралы мағлұмат |
|
2 |
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымның стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Медициналық ұйым қызметінде қолданылатын құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
6 |
Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қызметіне қатысты ақпарат |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
7 |
Медициналық ұйым туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Клиникалық хаттама (таңдау бойынша) Медициналық қауіпсіздік кодтары (ақ, сары, қызғылт, қызыл, қызғылтсары, көк, жасыл, қара) Стандарттық операциялық процедуралар («Пациенттің құқықтары мен міндеттері», «Медициналық персоналдың қол гигиенасы», «Пациентті сәйкестендіру» тақырыптарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтімді ұйымдастыру бойынша әзірленген СОПтар) Бағдарламалар (медициналық қызмет сапасы мен емделуші қауіпсіздігі сапасын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, адами ресурстарды басқару, кәсіби қызметке бейімдеу, тәуекелдерді басқару, инциденттерді басқару, ғимарат және инженерлік жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді басқару, ішкі аудит жүргізу, дәрілік заттарды қолдану, медициналық құрал-жабдықты пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу) Ережелер (бақылау кеңесі, құрылымдық бөлімшелер, ақылы қызметтер, еңбекақы төлеу, комиссия құру, т.б. туралы) Қағидаттар (құжаттаманы басқару, медициналық және медициналық емес құжаттаманы архивтеу, ғимаратты қарап-тексеру, медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жою, электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тарату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. туралы) Нұсқаулықтар (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, шұғыл медициналық көмек көрсету) Лауазымдық нұсқаулықтар (бірінші басшы, бөлімше меңгерушісі, бас мейіргер) |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Жетінші аталым - «Үздік қан қызметі». Бұл аталым Ұлттық аккредиттеу стандарттарын негізге ала отырып, төменде көрсетілген құжаттар кешенін кең қолданысқа енгізген ұйымға беріледі.
|
№ |
Талаптар |
Растайтын құжаттар |
|
1 |
Қан қызметінің жетістіктері туралы қазақ тілінде жасалған бейнеролик-презентация (5-7 минут) |
Бейнеролик мазмұны: 1) миссия, пайым, міндет-мақсаттар, құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат; 2) пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құжаттамасы туралы мәлімет; 3) «басқару», «ресурстар», «қауіпсіздік», «пациент» бағыттары бойынша қолданысқа енгізілген құжаттар туралы мағлұмат |
|
2 |
Қан қызметінің стратегиялық жоспары |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
3 |
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылғы есептеме (жартыжылдық) |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
4 |
Медициналық ұйым қызметінде қолданылатын құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
5 |
Нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
6 |
Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қызметіне қатысты ақпарат |
Құжаттың электрондық нұсқасы |
|
7 |
Медициналық ұйым туралы ереже Жарғы Әдеп кодексі Істер номенклатурасы Клиникалық хаттама (таңдау бойынша) Медициналық қауіпсіздік кодтары (ақ, сары, қызғылт, қызыл, қызғылтсары, көк, жасыл, қара) Стандарттық операциялық процедуралар («Пациенттің құқықтары мен міндеттері», «Медициналық персоналдың қол гигиенасы», «Пациентті сәйкестендіру» тақырыптарында, сондай-ақ қан қызметін ұйымдастыру бойынша әзірленген СОПтар) Бағдарламалар (медициналық қызмет сапасы мен емделуші қауіпсіздігі сапасын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, адами ресурстарды басқару, кәсіби қызметке бейімдеу, тәуекелдерді басқару, инциденттерді басқару, ғимарат және инженерлік жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді басқару, ішкі аудит жүргізу, дәрілік заттарды қолдану, медициналық құрал-жабдықты пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу) Ережелер (бақылау кеңесі, құрылымдық бөлімшелер, ақылы қызметтер, еңбекақы төлеу, комиссия құру, т.б. туралы) Қағидаттар (құжаттаманы басқару, медициналық және медициналық емес құжаттаманы архивтеу, ғимаратты қарап-тексеру, медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жою, электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тарату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б. туралы) Нұсқаулықтар (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, шұғыл медициналық көмек көрсету) Лауазымдық нұсқаулықтар (бірінші басшы, бірінші басшының орынбасары, бас мейіргер) |
Құжаттардың электрондық нұсқалары |
Конкурсқа қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының материалдары 2023 жылғы 15 тамыздан 25 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарастырып, 2023 жылғы 26 қыркүйекте конкурс қорытындысын жариялайды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2023 жылғы 06 қазанда ұйымдастырылады.
Конкурс материалдарын мына электрондық поштаға жіберу қажет: QR_DSM_baiqau@gmail.com.
Конкурс мәселелеріне қатысты қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды өтінеміз: Мыржықбаева Анар Бейсенқызы +7 (707) 785 2169; Әсенова Жазира Әбусадыққызы +7 (701) 491 5977.