Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
2023 жылғы «___»
№_____ бұйрығына
1-қосымша
«Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратының, Комитеттердің және оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауының ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (орталық аппаратының, Комитеттердің және оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты:
1) денсаулық сақтау саласында қазақ тілін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;
2) тіл мәдениетін көтеру;
3) денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
2. Конкурсқа Министрліктің Орталық аппаратының, Комитеттердің және оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілері қатыса алады (жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды).
2-тарау. Байқауды өткізу тәртібі
1) «Сапалы құжат мемлекеттік қызметтің мәртебесі» үздік құжат (нормативтік-құқықтық актілердің (заң жобасы, қаулы, бұйрық, жол картасы, халықаралық келісім жобалары), ақпараттық медициналық жүйелерде құжаттарды әзірлеу үлгілерінің презентациясы);
2) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» үздік көркемсөз шебері (Алаш зиялыларының өлеңдерінен үзінді жатқа оқумен, көлемі – 10 шумақ);
3) «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы» үздік шығарма (берілген тақырыпты толық аша білу, ой-пікірдің жүйелілігі, грамматикалық сауаттылығы, көлемі 2 беттен аспауы тиіс);
4) «Денсаулықтың қоғаммен байланысы» үздік сұхбат (Амбулаториялық-емханалық көмек, жедел медициналық жәрдем, стационарлық көмек, медициналық статистика, әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі көмек, аналар денсаулығын сақтау, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық білім беру, ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамыту жоспары, құқықтық қамтамасыз ету, ауылда денсаулық сақтауды дамыту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық ақпараттық жүйелер, вакцинация, саламатты өмір салтын жүргізу, тақырыбында сұхбат жүргізу, сұрақ-жауап, брифинг түрінде, бейнеролик 15 минуттан аспауы тиіс);
5) «Мен таңдаған мамандық» үздік бейнеролик (берілген тақырыпты толық ашу, мақсаты, тәжірибесі, жетістіктері туралы әңгімелеу ) (бейнеролик 10 минуттан аспауы тиіс).
3-тарау. Қорытынды ережелер
8. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін құрылған қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі талаптарды басшылыққа алады:
1) тілді меңгерудің жоғары деңгейі;
2) жауаптың нақтылығы мен мазмұндылығы, дәйектілігі, еркін сөйлеу, жауапқа қанағаттанушылық;
3) жазу сауаттылығы;
4) уақытты орынды пайдалануы.
9. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
10. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен, және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Конкурстық құжаттар n.bakirova@dsm.gov.kz. немесе aziatka_870509@mai.ru электронды поштасына қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 5-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-31-27, 87059763301
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратының, Комитеттердің және оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық байқауының ережесіне қосымша
Нысан
«Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратының, Комитеттердің және оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауға қатысуға арналған өтінім
Қолы
Күні