«Алаш арыстарының мұрасы және қазіргі қазақ тілі мәселелері» өңіраралық ғылыми-практикалық конференция

Алматы облысында «Алаш арыстарының мұрасы және қазіргі қазақ тілі мәселелері» өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті

11 шілде күні Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Облыстық балалар клиникалық ауруханасында Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойына арналған «Алаш арыстарының мұрасы және қазіргі қазақ тілі мәселелері» атты өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті.                                       

Конференцияның негізгі тақырыбы Алаш арыстарының мұраларының зерттелуі, ұлттық ғылым тілі мен терминологиясын қалыптастырудағы орны, алаш арыстарының қазақ ресми ісқағаздар тілін дамытудағы сіңірген еңбектері, Мағжан Жұмабай шығармашылығының әдеби тілді дамытудағы рөлі болды.

Сонымен қатар  Конференцияға қатысушылар Мағжан Жұмабайдың әдеби тілмен қатар ғылыми, публицистикалық, ісқағаз, функционалдық, поэтикалық стильдерді дамытуға елеулі үлес қосқанын, сөз мәдениеті мен тіл тазалығы мәселелерін отандық филология ғылымында алғаш көтерген зерттеушілердің бірі екенін атап өтті. Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойына арнап С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Биохимия кафедрасының доценті, PhD Раушан Сәрсенбайқызы Досымбекова Мағжан Жұмабайға арнау өлеңін оқып, жырдан шашу шашты.

Конференцияда тағы бір өзекті тақырып медициналық оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқыту ерекшеліктері, медицина мамандарының мемлекеттік тілдегі коммуникативтік құзіреттілігін арттыру, медициналық ұйымдарда құжаттама жүргізу мәселелері, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, мемлекеттік тілде білім алған тұлғаларды қалыптастыру мәселелері қозғалды, бұл ретте  Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының сарапшы маманы Қанапиянова Әлия Жеңісқызы «Медицина мамандарына кәсіби қазақ тілін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында медицина мамандарының мемлекеттік тілдегі коммуникативтік құзіреттілігін арттыру мәселелерін қозғап, қазақ тілін үйретудің бірүлгі бағдарламасымен таныстырды.  

 Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лэйла Пернебайқызы Серікбаева Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесінде  медициналық мекемелерде барлық құжаттама, атап айтсақ жолдамалар мен хаттамалар, көрнекі ақпараттар екі тілде ресімделеді. Әлеуметтік желілерде ақпараттар екі тілде жарияланады. Әр жылдары мемлекеттік тілді дамытуға арналған республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргендерін атап өтті. Іле ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Бақытжан Көкенұлы Рақымжанов мемлекеттік тіл саясаты бойынша  Іле ауданында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді.        

Конференцияның негізгі баяндамашылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Әнуарбекқызы Алдангорова, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лэйла Пернебайқызы Серікбаева, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD докторы Ермұхамет Маралбек, Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және онамастика бөлімінің басшысы Бақыт Әбиірұлы Қалымбет, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» МКК мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы, ф.ғ.к. Ноябрь Жанатұлы Кенжеғараев және республикалық ұйымдардың мамандары.                    Конференция аралас форматта  өткізілді,  оффлайн    Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының денсаулық сақтау басқармалары мен   медициналық мекемелерінен мен онлайн  Жамбыл, Қызылорда, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық мекемелерінен барлығы 40 қызметкер қатысты.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

https://zhetysutv.kz/2023/07/12/alash-arystaryny-m-rasy-zh-ne-azirgi-aza-tili-m-seleleri/

Ақпарат
Дата публикации
13 июля 2023