«Мемлекеттік тілде медициналық құжаттама жүргізу мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция

Алматы қаласында «Мемлекеттік тілде медициналық құжаттама жүргізу мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Бүгін Алматы қаласында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және ономастика орталығы және Мәдениет басқармасының қолдауымен «Мемлекеттік тілде медициналық құжаттама жүргізу мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференция барысында мемлекеттік тілде медициналық құжаттаманы жүргізу және оның сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Конференцияны Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмат Кодасбаев ашты.

 Конференцияның негізгі баяндамашылары - ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Алдангорова Айжан Әнуарбекқызы, Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары Абаған Мұхтархан Мамырбекұлы, ҚР ДСМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының сарапшы маманы Қанапиянова Әлия Жеңісқызы, ҚР ДСМ «Алатау» балалар клиникалық шипажайның сарапшы маманы Өтебердиева Гүлжанат Қасымқызы, Алматы қаласы №29 қалалық емхананың бас дәрігері Садықова Ақмира Махамбетқалиқызы, Қалымбет Бақыт Әбірұлы болды.

Баяндамашылар медицинаны жан-жақты зерделеп,түсінікті, тілге жатық сөздерді бейімдеу маңызды екен атап өтті. Әр тілдің өз иммунитеті бар. Медицина саласына енген шетел сөздерін қазақ тілінің иммунитетін қолдана отырып, бейімдеуіміз керек. Бұл жағдай осындай конференцияның жиі өткізілуін қажет етеді, - деп атап өтті өз баяндамасында №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова.

Бүгінгі бірлескен іс-шара медициналық құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізуге арналған, соның ішінде медициналық ақпараттық жүйелердегі медициналық нысандар. Бұл ҚР ДСМ №175 бұйырққа сәйкес жүргізіледі. Оның мемлекеттік тілдегі нұсқасын мамандармен бірлесе отырып талқылаймыз- деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Алдангорова.

Аталған іс-шара шеңберінде ұлттық аккредиттеу кезінде құжаттаманы әзірлеу, номенклатура дайындау мәселелері де қызу талқыланды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Ақпарат
Дата публикации
30 июня 2023