Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 маусымда № 32735 болып тіркелді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1) анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктеу - дәрілік заттарды жіктеудің халықаралық жүйесі;
2) антидот – нақты химиялық заттың уытты әсеріне (әсерлеріне) қарсы әсер ету үшін қолданылатын терапиялық зат;
3) детоксикация – организмнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;
4) ақпараттық – іздестірудің токсикологиялық жүйесі – бұл химиялық заттар, олардың адам ағзасына әсері, уланушыларды диагностикалау және емдеу туралы құрылымдалған ақпараттың үлкен ауқымын өңдеу, сақтау, іріктеу, сүзгілеу және іздеу үшін қолданбалы компьютерлік орта;
5) іріктеуші уыттылық – химиялық заттың белгілі бір ағзаларға (жасушаларға) – ағза нысанасына уытты әсер ету қабілеттілігі;
6) клиникалық токсикология – улануларды диагностикалау, профилактикалау және емдеу әдістерін ғылыми негіздеу мақсатында химиялық қосылыстардың уытты әсер ету салдарынан туындаған адам ауруларын зерттейтін токсикологиялық бөлім;
7) Халықаралық химиялық қауіпсіздік бағдарламасы – үш халықаралық ұйымның: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ДДҰ), Халықаралық еңбек ұйымы және Біріккен ұлттар ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының бастамасы бойынша 1980 жылы халықаралық химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған халықаралық ұйым;
8) триаж-жүйесі бойынша медициналық сұрыптау – шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігіне байланысты медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне келіп түскен науқастарды топтарға бөлу;
9) улану – мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілде) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);
10) токсикант – белгілі бір мөлшерде организмнің тіршілік әрекетінің бұзылуына: улануға, ауруларға және патологиялық жай-күйлерге және өлімге әкелетін зат;
11) химиялық қауіпсіздік – құқықтық нормаларды және санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді сақтау, технологиялық және инженерлік-техникалық талаптарды орындау, сондай-ақ тиісті ұйымдастырушылық және арнайы іс-шараларды өткізу арқылы химиялық зақымдану немесе адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарларының және өсімдіктердің зақымдалуы, химиялық апат туындаған кезінде қоршаған ортаның қауіпті химиялық заттармен ластануын жоятын жай-күй;
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары
1) жедел медициналық көмек станциялары (кіші станциялар), медициналық авиация бөлімшелері;
2) медициналық көмектің барлық деңгейлерінден медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымдары;
3) аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың клиникалық бөлімшелеріндегі токсикологиялық төсектерде;
4) облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада көп бейінді ауруханалардың құрылымындағы (балалар, ересектер) токсикологиялық бөлімшелерде (орталықтарда) жүзеге асырылады.
Өңірдегі халыққа токсикологиялық көмек көрсету үшін төсек қорының көлемін денсаулық сақтау саласындағы жергілікті уәкілетті орган уланудан сырқаттанушылық және өлім деңгейі негізінде айқындайды.
1) улануларды диагностикалау мен емдеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (Аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесінің 10 қайта қарауылған бойынша Т36-Т65) кодтары;
2) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, уланулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету;
3) ақпараттық-іздестірудің токсикологиялық жүйелерін пайдалана отырып, халыққа және денсаулық сақтау субъектілеріне улану мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсету;
4) халық арасында уланулар профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
5) клиникалық токсикология мәселелері бойынша ұйымдастырушылық -әдістемелік көмек көрсету;
6) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мәні бар ұлттық және халықаралық деңгейлерде апаттық-қауіпті химиялық заттардың бөлініп шығуына байланысты қауіпті және/немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу;
7) емдеу-диагностикалық жұмыстардың сапасын арттыруға және уланулардан болатын өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды өткізу;
8) токсикологиялық қызметті дамыту мен жаңғырту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
9) клиникалық токсикология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметтеріне қатысу және өткізу болып табылады.
3-тарау. Уланулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі
1) медициналық авиацияны тарта отырып жедел медициналық көмек;
2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
4) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек.
1) пациенттің жай-күйінің ауырлығын бағалау мақсатында МСАК мамандарының қарап тексеруін және анамез жинауы мен алдын ала диагноз қоюын;
2) дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде уланудың белгілерін ерте анықтау мен симптоматикалық ем көрсетуді, қанға удың түсуін тоқтату бойынша іс-шаралар жүргізуді (асқазанды шаю, теріден, шырышты қабықтардан удыттың күшін жою);
3) көмек көрсету тактикасы мен көлемін айқындау үшін бейінді мамандармен телекоммуникациялық жабдықтар арқылы консультациялар өткізу;
4) уланған пациентті (көрсетілім бойынша) жедел медициналық көмек желісі бойынша стационарға жіберу;
5) бастан өткерген уланудан кейін пациенттерде асқынулар дамыған кезінде пациенттерді диспансерлік байқау мен есепке алу;
6) стационардан шығарғаннан кейін пациенттерге қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды ұйымдастыру және жүргізу;
7) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
8) мүгедектікке әкеп соқтыратын химиялық улану салдары бар науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы жіберу.
1) организмнің өмірлік маңызды функциясының бұзылу белгілері бар болған кезде уланған пациенттер реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі/қарқынды терапия палатасына (бұдан әрі - РҚТБ/ҚТП) (қызыл аймақ) емдеуге жатқызылады;
2) организмнің өмірлік маңызды функциясының бұзылу белгілері болмаған кезде уланған пациенттер токсикологиялық бөлімшеге (орталыққа) немесе токсикологиялық төсектері бар клиникалық бөлімшелерге (сары аймақ) жатқызылады;
3) уланған немесе улануға күдігі бар пациенттердің клиникалық белгілері болмаған кезде диагнозды нақтылауға және саралауға дейін қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палаталар жағдайында (жасыл аймақ) бақыланады;
4) уланғанда немесе улануға күдік болған кезде қабылдау бөлімшесінде медициналық көмек көрсету осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жіті улануды диагностикалау және емдеудің алгоритмі бойынша жүзеге асырылады.
1) уақтылы диагностикалауды және клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті диагностикалық зерттеулерді және емдеу (уытсыздандыру) әдістерін қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
2) басқа бейін мамандарының көрсетілімдері бойынша пациенттерге консультациялар ұйымдастыру және өткізуді;
3) консилиумдар ұйымдастыруды;
4) мамандандырылған медициналық көмекті талап ететін улануп бар пациентте асқынулар дамыған кезінде консилиум ұйымдастырылады және одан әрі пациент бейінді бөлімшеге немесе бейіні бойынша басқа медициналық ұйымға ауыстырылады;
5) сапалы медициналық көмек көрсету үшін ресурстар болмаған/жеткіліксіз болған кезінде деңгейі жоғары медициналық ұйымға пациентті ауыстыруды;
6) телемедициналық консультациялар өткізуді;
7) жалпы жағдайы тұрақтанған кезде пациенттерді шығаруды;
8) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы ресімдеуді және беруді көздейді.
4-тарау. Созылмалы уыттану кезінде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымдар пациенттердің алғашқы жүгінуі;
2) міндетті медициналық қарап-тексеруден өткізу;
3) скринингтік зерттеп-қарауларды өткізу;
4) халыққа сауалнама жүргізу кезінде созылмалы уыттануды анықтауды жүзеге асырады.
|
|
Қазақстан Республикасында |
Жіті улануларды диагностикалау және емдеу алгоритмі
Жіті уланулар кезіндегі негізгі симптомдар
|
|
Қазақстан Республикасында |
Антидоттардың тізбесі
|
№ р/с |
АХЖ коды |
Антидоттардың атауы |
АХЖ коды |
Улануды туындататын уытты заттар |
АХЖ коды |
Қолданудың басқа мүмкін жағдайлары |
|
1. |
R05CB01 |
Ацетилцистеин |
N02BE01 |
Парацетамол (В1) |
|
|
|
2. |
M01CC01 |
N-ацетил пеницилламины (Пенициламин) |
|
Сынап (органикалық емес және булар) |
|
|
|
3. |
|
Амилнитрит |
|
Цианидтер |
|
|
|
4. |
J01CE01 |
Бензилпенициллин |
|
Аманитиндер (сасық саңырауқұлақпен уланған кезде) |
|
|
|
5. |
C07 |
В-блокатортар (бета-1 және бета-2, қысқа мерзімде әсер етеді) |
|
В- адренергиялық керағар |
R03DA04 |
Теофиллин |
|
6. |
A12AA03 |
Кальций глюканаты немесе барлық басқа ерігіш кальций тұздары |
|
Фтор, фторлық қосылыстар, оксалаттар |
|
Кальций антагонистері |
|
7. |
|
Дантролен |
|
Есірткіні қолдану нәтижесіндегі гипертермия |
|
Қатерлі нейролептикалық синдром |
|
8. |
|
Дефероксамин |
V03AC |
Темір препараттары |
|
Алюминий қосылыстары |
|
9. |
N05BA01 |
Диазепам |
|
Фосфорорганикалық қосылыстар |
|
Хлорохин |
|
10. |
|
Кобальт этилендиаминтетраацетаті |
|
Цианидтер |
|
|
|
11. |
|
Дигоксин-арнайы антидене (ФАБ-фрагменты) |
|
Дигоксин, дигитоксин, оймақгүлдің басқа препараттары |
|
|
|
12. |
|
Димеркапрол |
|
Күшала |
|
Алтын, органикалық емес сынап |
|
13. |
|
4- диметиламинофенол (4-DMAP) |
|
Цианид |
|
|
|
14. |
|
Динатрий тұзы этилендиаминтетраацетатының кальцийі (CaNa2-EDTA) |
|
Қорғасын тұзы |
|
|
|
15. |
D08AX08 |
Этанол |
|
Метанол, этиленгликоль |
|
|
|
16. |
|
Флумазенил |
N05 |
Бензодиазепиндер |
|
|
|
17. |
|
Фолий қышқылы |
|
Антагонисттер фолий қышқылы |
|
Метанол |
|
18. |
H04AA01 |
Глюкагон |
C07 |
Бета-блокаторлар |
|
|
|
19. |
B05CX01 |
Глюкоза(гипертония) |
A01A |
Инсулин |
|
|
|
20. |
|
Гидроксикоболамин |
|
Цианидтер |
|
|
|
21. |
|
Изопреналин |
C07 |
Бета-блокаторлар |
|
|
|
22. |
|
Метионин |
N02BE01 |
Парацетамол |
|
|
|
23. |
|
4-метилпиразол |
|
Этиленгликоль |
N07BB01 |
Метанол, коприн, дисульфирам |
|
24. |
|
Метилтионинхлорид (метиленді көк) |
|
Метгемоглобинемия |
|
|
|
25. |
V03AB15 |
Налоксон |
N02A |
Апиындар |
|
|
|
26. |
N07AA01 |
Неостигмина бромид |
|
Нейробұлшық ет блокадасы (курар тәрізді), перифериялық антихолинергиялық әсерлер |
|
|
|
27. |
|
Обидоксим |
|
Фосфорорганикалық инсектицидтер |
|
|
|
28. |
|
Оттегі |
|
Цианид, көміртегі тотығы, күкіртсутегі |
|
|
|
29. |
|
Гипербариялық оттегі |
|
Көміртегі тотығы |
|
Цианид, күкіртсутегі, көміртегінің тетрахлориді |
|
30. |
M01CC01 |
Пеницилламин |
|
Мыс (Вильсон ауыруы) |
|
Қорғасын, сынап (органикалық емес) |
|
31. |
|
Пентет қышқылы (DTPA) |
|
Кобальт |
|
Радиоактивтік металдар |
|
32. |
|
Фентоламин |
|
Альфа-адренергиялық уланулар |
|
|
|
33. |
|
Физостигмин |
|
Атропинмен және оның туындыларынан туындаған орталық антихолинергиялық синдром |
|
Басқа дәрілік заттармен қоздырылған орталық антихолинергиялық синдром |
|
34. |
B02BA01 |
Фитоменадион (витамин К) |
|
кумарин туындылары |
|
|
|
35. |
|
Калий гексацианоферроаты (берлин лазурьі С177520) |
|
Таллий |
|
|
|
36. |
|
Пралидоксин |
|
Фосфорорганикалық байланыстар |
|
|
|
37. |
|
Преналтерол |
C07 |
Бета-блокаторлар |
|
|
|
38. |
|
Пропанолол |
C07 |
Бета-блокаторлар |
|
|
|
39 |
V03AB14 |
Протамин сульфаты |
B01AB |
Гепарин |
|
|
|
40 |
A11HA02 |
Пиридоксин |
J04AC01 |
Изониазид, гидразиндер |
|
Этиленгликоль, гирометрин |
|
41 |
|
Силибинин |
|
Аманитин (сасық саңырауқұлақпен уланған кезде) |
|
|
|
42 |
|
Натрий нитриті |
|
Цианид |
|
|
|
43 |
|
Натрий нитропруссиді |
|
Эрготизм |
|
|
|
44 |
V03AB06 |
Натрий тиосульфаты |
|
Цианид |
|
Бромат, хлорат, йодат |
|
45 |
|
Сукцимер (DMSA) |
|
Сүрме, күшән, висмут, кадмий, кобальт, мыс, алтын, қорғасын, сынап (органикалық және органикалық емес) |
|
сынап элементі, платина, күміс |
|
46 |
|
Триентин (триэтилентетрамин) |
|
Мыс (Вильсон-Коновалов ауруы) |
|
|
|
47 |
|
Унитиол (DMPS) |
|
Кобальт, алтын, қорғасын, никель, сынап (органикалық емес) |
|
Кадмий, сынап (органикалық) |
|
48 |
S01FA01 |
Атропин |
|
Фосфордың және карбамидтің органикалық қосылыстары |
|
|
Ескерту:
АТХ - анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктеу - дәрілік заттарды жіктеудің халықаралық жүйесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМКhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032735