Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарының Жетісу, Алматы облыстары және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттерінің ұжымдарымен Әдеп жөніндегі уәкілдің кездесулері

Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарының  Жетісу, Алматы облыстары және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттерінің ұжымдарымен Әдеп жөніндегі уәкілдің кездесулері

       27-30 наурыз аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу (Талдықорған қ.), Алматы (Қонаев қ.) облыстарында және Алматы қаласында аумақтық департаменттерінің ұжымдарымен кездесулер өткізілді.
       Министрліктің ведомстволарының аумақтық департаменттері қызметкерлерімен кездесулер барысында мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілерге  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңда көзделген шектеулер қою,  азаматтармен және кәсіпкерлік субъектілерімен өзара әрекеттесу кезінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
       Жағдаяттық мысалдарға сүйене отырып, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдарға арналған тәртіптік және әкімшілік практиканы талдауды ескере отырып, Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі өңірлердегі департаменттердің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына назар аударды.
       Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық, азаматтарға телефон арқылы кеңес беру, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау (тексеру) функцияларын жүзеге асыру, іссапарға шығу кезіндегі мінез-құлық туралы түсіндірме берілді.
       Сонымен қатар, жиында мүдделер қақтығысы кезіндегі мемлекеттік қызметші мен басшының әрекет ету алгоритмі талқыланды.
       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу істерінің жағымсыз салдары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын жазалар келтірілген.
       Тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс туралы Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген Министрліктің ведомстволарының аумақтық департамент басшыларының орынбасарлары хабарлады.
       Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі ведомстволардың өңірлердегі департамент басшылары мен мемлекеттік қызметшілерімен жеке қабылдау және жеке әңгімелесу өткізді.
       Кездесулер барысында Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаменттердің ұжымдарында моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі мен қызметтік этика нормаларының сақталуын анықтау мақсатында анонимді онлайн-сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің ұйымдардағы микроклиматты жақсарту үшін қандай сұрақтарға назар аудару керектігін түсінуге мүмкіндік берді.
       Түсіндіру жұмыстарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттерінің басшылығының өкілдері А.Қ.Такебаев және С.Т. Умбеталиев белсенді қатысты, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы толық айтып берді.


 

Дата публикации
13 июня 2023