Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «АЛАШТЫҢ СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗЫ» республикалық шығармашылық конкурс өтті

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында «АЛАШТЫҢ СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗЫ»  республикалық шығармашылық конкурс өтті

 

2023 жылғы 26 мамырда Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасының  Ұлттық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өткен «АЛАШТЫҢ СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗЫ» атты республикалық шығармашылық конкурстың  қорытындысы жарияланды.

           Конкурс мақсаты – тіл саясатын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру,  денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің арасында Мағжан Жұмабаевтың ұлы тұлғасын ұлықтау, Тәуелсіздігіміздің тірегі – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосу.

   Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ҰФҒО басшылығы мен өкілдері, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ профессоры Ж. Б. Ахметов, ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ф.ғ.д., профессоры Гүлжаһан Жұмабердіқызы және Халықаралық бизнес университетінің «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті, Мәрия Қойшыбаева, ҚР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Тоғжан Әкімова және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары және БАҚ өкілдері  қатысып, құттықтап сөз сөйледі.

Іс-шарада  Мағжан Жұмабаев поэзиясының өміршеңдігі, Мағжан Жұмабаев еңбектеріндегі жантанудың маңызы және Мағжан Жұмабаев шығармаларының басылымдық ерекшеліктері туралы айтылды.   Алматы қаласының өнерпаздары  ақын өмірі мен шығармашылығы туралы сахналанған көрініс қойып, Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған әндерді айтылды.

Жалпы  конкурсқа  денсаулық сақтау жүйесінің  ұйымдары мен мамандарының  60-тан астам материалы келіп түсті.

Конкурс қорытындысы бойынша  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ маманы Жадра Набиевна Саттарова «Шоқ жұлдызы алаштың...» атты арнау өлеңі үшін 1-дәрежелі дипломмен және   ақшалай сертификатпен  марапатталды. Қордың Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы  Талғат Дамирұлы Көшекбаев және Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының тіл маманы Майра Сайлаубайқызы Әбдікерім 2-дәрежелі дипломмен және  ақшалай сертификатпен  марапатталды. Батыс Қазақстан облысының жоғары медициналық колледжінің әдіскері Лариса Нағиденқызы Темрешева, Республикалық қан орталығының зертханашысы  Нүркен Әлиясұлы Тұрлықожа, Ұлттық нейрохирургия орталығының жетекші маманы Жанар Тұрсынқызы Әбирова, Алматы қ. ҚДСБ № 5 емханасының  әлеуметтік қызметкері Досхожаева Алмагүл Базарбайқызы 3-дәрежелі дипломмен және және  ақшалай сертификатпен  марапатталды.

Сонымен қатар Қордың  Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Нұрболат Алпысбайұлы Абатов, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Биохимия кафедрасының доценті, философия докторы PhD Раушан Сәрсенбайқызы Досымбекова, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының бөлім  меңгерушісі Есбол Тынысбекұлы Төлеу жоғары деңгейдегі шығармашылық жұмыстары үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткізілді.

 

 
 
 
 
 
 

 

Ақпарат
Дата публикации
09 июня 2023