Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына

 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №665 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7292 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету қағидаларда:

            2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

            «2-1) жүктелген медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЖМС)                                  – «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер үшін уәкілетті орган Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекіткен жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалған талаптарда медициналық қызметтер алуға мүмкіндік беретін медициналық сақтандырудың түрі;»;

          3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

          «3. Осы Қағидалар «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге қолданылады:»;

          5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

          «Осы Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мақсатпен Қазақстан Республикасына уақытша келген көшіп келушілер уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмектің ең аз тізбесі бойынша ЖМС шеңберінде медициналық көмек алады.»;

 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

           «9. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп келушілер мен олардың отбасы мүшелерін ЖМС және/немесе ЕМС шарты бойынша МСАК және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған көмек көрсету ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен  медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бар ТМКК шеңберінде  және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін мәліметтерді алу және (немесе) беру мақсатында уәкілетті орган ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйелері бар МСАК және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар жүзеге асырады.».

  1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21642 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

   осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларында:

             2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

            «10) сақтандырылған адам - өзіне қатысты ерікті және/немесе жүктелген медициналық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;»;

            3-1-тармақтың 3-абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

           «Кодекстің 201-1 бабының 1 тармағына сәйкес жүктелген медициналық сақтандыру (бұдан әрі - ЖМС) шеңберінде МСАК;»;

            4-тармақта:

            бірінші абзацта «МӘМС жүйесінде» деген сөздерден кейін «,ЖМС шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;

           екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

           «ТМККК шеңберінде, МӘМС жүйесінде, ЕМС және/немесе ЖМС шарты бойынша осы бұйрықтың 3-1 тармағында көрсетілген тұлғаларға МСАК көрсету ТМККК шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсетуге қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - медициналық қызметті сатып алу шарты) және (немесе) ТМКК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін мәліметтерді алу (немесе) беру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйесі бар МСАК ұйымы жүзеге асырады.»;

 8-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

           «ЕМС және/немесе ЖМС шеңберінде жеке тұлғаларды бекіту ЕМС және/немесе ЖМС шартында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.»;

          9-1-тармақта:

          бірінші абзацта:

          «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын;

         «бекітілуі» деген сөзден кейін «осы бұйрықтың 3-1 тармағының 2 бөлігіне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

         «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын;

         екінші абзацта «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын;

         үшінші абзацта «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын.»;

         төртінші абзацта «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын.»;

         бесінші абзацта «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын;

         10-тармақтың 4) тармақшасындағы «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын;

         11-тармақтың екінші абзацындағы «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС»  деген сөздермен толықтырылсын;

         13-тармақтағы «ЕМС» деген сөзден кейін «және/немесе ЖМС» деген сөздермен толықтырылсын.»;

         Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

         8-бағанның 1-тармағының 10) тармақшасындағы «ерікті» деген сөзден кейін «және/немесе жүктелген» деген сөздермен толықтырылсын.

  1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24094 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларда:

          2-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

          «16) жүктелген медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЖМС) – «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекіткен жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалған талаптарда медициналық қызметтер алуға мүмкіндік беретін медициналық сақтандырудың түрі.»;

           3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

           «4) Кодекске сәйкес жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде.».                   

  1.   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

           1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1.      Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2.      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Лауазымы                                                                                ТАӘ

    

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
01 июня 2023