«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі мен Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Шәкәрім Құдайбердіұлына 165 жыл толуына орай «Шәкәрімнің ұлы мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында  халықтың өз еліне деген мақтаныш сезімін тудыратын тарихи мұра  мен  мәдени даму бағытында Рухани жаңғыру құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен  Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен   2023 жылғы 24 мамырда  Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының базасында   «Шәкәрім Құдайбердіұлына 165 жыл толуына орай «Шәкәрімнің ұлы мұрасы» атты республикалық  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді.

 «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.

Сонымен қатар Конференция шеңберінде медицина мекемелері қызметкерлерінің Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы,  «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім  өлеңдерінен,   үзінділер оқылып челендж  өткізіліп, оған 30 маман қатысты.

Конференция барысында  Шәкәрімнің шығармашылығы, өмірі, аударма ісі   туралы мәселелер қозғалды.

Конференцияда медицина  қызметкерлерінің және басқа да сала  мамандарының, профессорлардың  «Шәкәрімнің өмірі  мен шығармашылығы»,  «Шәкәрімнің әдеби мұрасы» баяндамалары тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.               Конференция Халық әртістері  ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі  ұжымының орындауындағы Шәкәрімнің күйлері мен дәстүрлі әндерімен, сондай-ақ ШҚО этнографиялық  саябағының мұражай-қорығына экскурсиямен және  Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығы, суретшілер көрмесімен аяқталды.

Дата публикации
26 мая 2023