Ғылыми-практикалық конференция: денсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілдің қолданылуы


     Жетісу облысында Денсаулық сақтау министрлігі, өңірдің әкімдігі және тілдер дамыту және денсаулық сақтау басқармалары ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл: денсаулық сақтау саласында» тақырыбында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

     Конференцияның негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды талқылау, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерін ынталандыру болып табылды.

     Іс-шараға 70 маман қатысты, атап айтсақ І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары, Алматы қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері және Жетісу облысының барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

    Конференцияда денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді, сапалы медициналық құжаттама әзірлеу, тіл заңнамасы талаптарының сақталуы, пациент пен дәрігер арасындағы коммуникативті қарым-қатынас, медициналық терминология, ұлттық стандарттарға сәйкес қазақ тілі курстарын ұйымдастырудың жаңа технологияларының қолданылуы, сондай-ақ қазақ тілі курстарын оқытудың жаңа бағыттары қамтылған маңызды тақырыптар талқыланды.

     Конференция соңында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының үздік оқытушысы Ж.Ә. Елесбаева мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілі сабағын оқыту бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.

 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
04 мая 2023