«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) парамедиктердің медициналық көмек көрсету қағидаларын анықтайды;»;
81) және 82) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«81) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу;
82) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:
«82-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын белгілеу;»;
84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«84) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын өтеуге арналған резерв мөлшерін белгілеу;»;
87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«87) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 87-1) тармақшамен толықтырылсын:
«87-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«88) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту»;
132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«132) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және мониторингілеу;»;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындау;»;
248) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 323-5), 323-6), 323-7), 323-8) 323-9), 323-10), 323-11), 323-12), 323-13), 323-14) және 323-15) тармақшалармен толықтырылсын:
«323-5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, фармацевтикалық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындау қызметтер;
323-6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен сатып алу тәртібін айқындау (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
323-7) адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту;
323-8) бірыңғай дистрибьютордың анықтамасы;
323-9) төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық көмектің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындау, төтенше жағдай режимін енгізу;
323-10) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператордың анықтамасы, оның функциялары мен өкілеттіктері;
323-11) денсаулық сақтау саласындағы функционалдық операторды анықтау;
323-12) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау;
323-13) патогендік биологиялық агенттерді аса қауіпті жұқпалы ауруларды тудыратын агенттерге жатқызу критерийлерін және патогендік биологиялық агенттердің патогенділігі мен қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуін ескере отырып, патогендік биологиялық агенттердің тізбесін бекіту;
323-14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер және (немесе) қаражат көлемдерін бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
323-15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің индикаторларын есептеу және рейтингтік бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;».
Лауазымы ТАӘ