Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-3-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Лауазымы ТАӘ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі