Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім»
байқауы өтті
2023 жылдың 16 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, этносаралық қарым-қатынас тіл ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамның белсенді жастарын ынталандыру.
Шара барысында қатысушылар таныстыру, ұлттық нақышта киім үлгісінде киініп, ҚР Тіл туралы заңы, тарихы, ұлы тұлғалары мен ұлттық салт дәстүрі, әдет-ғұрып туралы сұрақтарға жауап беру және өз өнерлерін көрсету 3 кезең бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде: Милана Хаджиева – Қобда ауданының орта мектеп мұғалімі,
1-орын: Диана Ескельдина – Тоқмансай орта мектебінің мұғалімі,
2-орын: Анюта Трегуб – Маржанбұлақ дәрігерлік амбулаториясының дәрігері,
3-орын 2 қатысушы: Татьяна Воронянская – №28 қалалық орта мектебінің мұғалімі және
Любовь Виталина – С.Баишев атындағы жоғары медициналық колледж студенті алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

