Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес

           

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет)  аумақтық департаменттері ұжымдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, мемлекеттік қызмет саладағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу мәселелері бойынша онлайн семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2022 жылы Комитеттің Лаура Ахметнияз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.

Жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ заңсыз әрекеттердің жолын кесу тетіктері түсіндірілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиеваның айтуынша, ағымдағы жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

«2016 жылдан бастап күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң осы бағыттағы құқықтық іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құжат болып саналады. Былтыр 2 ақпанда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған басты стратегиялық құжат екенін атап өткім келеді. Оны әзірлеуге барлық Министрліктің өкілдері қатысып, осы тұжырымдаманың аясында тиісті жұмыстарды іске асыруға байланысты іс-қимыл жоспары қабылданды. Ол 61 тармақтан тұрады. Осы іс-қимыл жоспарының алғашқы 15 тармағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өткім келеді», - деді Жазира Жылқышиева.

Осылайша 2016 жылдан бастап алдын алу сипатындағы жұмыстарға көбірек көңіл аударылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің  превенция тетіктер енгізілгені мәлім болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Байғаскина сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды азайту және жою мемлекеттік қызметтерді көрсетуде, бақылау, қадағалау, лицензиялау функцияларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын: адалдық,  әділдік, ашықтық, тұтынушыға бағдарлануды  сақтауымен тығыз байланысты екеніне назар аударды.

          Ол өз сөзінде соңғы екі жылда Министрлік ведомстволарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне, мемлекеттік қызмет беделіне кір келтіретін теріс қылықтарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына салыстырмалы талдау жүргізілгені туралы айтты.

Ведомстволардың және Министрлікке бағынысты ұйымдардың жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында Министрліктің ведомстволарының мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының (15, 20, 50 мың теңге және одан да көп мөлшерде пара алу) нақты фактілеріне егжей-тегжейлі тоқталды, оларды жасағаны үшін жазалар: пара сомасынан немесе жымқыру 20, 25, 30, 60 еселенген мөлшерде айыппұл салу, бас бостандығын шектеу және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру.

          Министрлік пен оның ведомстволарының алдында денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және олардың көріністерін барынша азайту міндеті тұр. Министрлікте, оның ведомстволарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарда 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 31%-ға (13-тен 9-ға) қозғалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының  азайғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, олардың себептеріне жан-жақты нақтфы талдау жасауды және әрекет етудің тиімді шараларын әзірлеуді талап етеді.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Асқар Ақбаев заманауи ақпараттық технологиялар, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен халықтың әлеуметтік желілердегі белсенділігі жағдайында Министрлік ведомстволарының қызметкерлері әрдайым азаматтар мен құқық қорғау органдарының жіті назарында болатынын атап өтті. Осыған орай, ведомство қызметкерлері өз функцияларын мінсіз орындаған  ғана халықтың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға деген сенімінің нығаюына  ықпал етеді.

          Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Превенция қызметімен бірлесіп, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің және Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерімен профилактикалық кездесулер өткізуді жоспарлады.

 

Ақпарат
Дата публикации
13 февраля 2023