Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

 

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

Мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ұсынамыз. Мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар келтірілген.

Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік беретін болады.

Мемлекеттік қызметшілерді осы нұсқаулықпен мұқият танысуға және күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға шақырамыз.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ:

ТИІМДІЛІК

  • Қызметті басқару – шектелген уақыт жағдайында бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты талдау мен дайындауға арналған басымдықтарды қоя білу.
  • Ынтымақтастық – әріптестермен және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыту, тапсырманы орындау үшін пікір алмасу.
  • Шешім қабылдау – өз өкілеттілігі шегінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты таба білу.
  • Жеделділік – өзгермелі жағдайларда жылдам бейімделу, болып жатқан өзгерістерді талдау және жұмысты жақсарту бойынша дер кезінде шараларды қабылдау.
  • Өздігінен даму – өзін-өзі дамытуға талпыну, жаңа ақпаратты және оны қолдану тәсілдерін іздеу.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлау – сапалы қызметтерді көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру және халықта туындаған сұрақтарды шешуде көмек көрсету.
  • Қызметті тұтынушыларға хабарлау – тұтынушыға қолжетімді нысанда ақпаратты жеткізу.

 

АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУШІЛІК

  • Парасаттылық – белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ:

  • ЖАУАПКЕРШІЛІК - өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу.
  • БАСТАМАШЫЛДЫҚ - жаңа идеяларды әзірлеу және ұсыну, негізгі міндеттерінен бөлек қосымша жұмыстарды орындау.
  • СТРЕСКЕ ТӨЗІМДІЛІК - сынға сабырлылық таныту және ол негізделген болса, кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдау.

 

Жағдай - 1  Азаматтарға әдепсіз мінез-құлық таныту

 

Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.

Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз.

Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде біз төмендегілерді ұстануға тиіспіз:

  • өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде баяндау;
  • сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру;
  • толық консультация беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру;
  • жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсету.

 

Шағым түскен жағдайда біз туындаған мәселені жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдаймыз және болашақта ұқсас жағдаяттардың алдын аламыз.

Мұндай қарым-қатынас бізге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Сұрақ: Мен мемлекеттік қызметті көрсетіп жатқан кезде, қызметті алушы ұялы телефонға сөйлесу процесінің видеожазбасын жасай бастады. Менің осындай іс-қимылға тыйым салуға құқығым бар ма?

Жауап: Бұл жағдайда қызметті алушының жазба құралдарын қолдануға құқығы бар, себебі бүгінгі таңда осы іс-қимылды регламенттейтін талаптар жоқ.

 

Жағдай

Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоның аумақтық бөлімшесінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінде оқиға орын алды. Қызметтерді көрсету «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Күту залына көп адам жиналып қалды. Нәтижесінде көптеген кезек пайда болып, ол өте ақырын жылжыды. Кезекте 2 сағаттай тұрғаннан кейін келушілер қызмет көрсетудің ақырын жүріп жатқанына наразылық білдірді және жағдайды түсіндіру үшін басшылықты шақыруды талап етті. Азаматтардың алдына басшының орынбасары келіп, тыныштық сақтауды сұрады және жүйедегі уақытша ақаулар туралы хабарлады. Нәтижесінде ол одан да үлкен сынға ұшырады. Эмоциясын ұстай алмаған басшы нормативтік емес лексиканы қолданып, залдағы адамдарға дөрекі сөйледі.

 

Талдау

 Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшінің жасаған іс-әрекеті әдепсіз болып табылады. Оған сабырлық, сыпайылық танытып, өз қателіктерін мойындап, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету үшін қажетті іс-қимылды қолдану керек еді. Орын алған оқиғаның нәтижесінде азаматтар қызметтерді көрсету мен жалпы басқарма жұмысы туралы жағымсыз пікірге ие болды.

 

Тұжырым

Біз мемлекеттік қызметшінің беделін бағалаймыз, әдеп қағидаттарын сақтаймыз және мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі кәсіби көрсетеміз. Қызметті алушыларға біз құрметпен және ізгі ниетпен қараймыз.

 

Информация
Дата публикации
26 января 2023