«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың 4) тармақшасының бірінші бөлігі алып тасталсын;
12-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын;
1-қосымшада:
3-тармақтағы «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының болуы (болмауы) ** деген 7-баған алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі (тек қоса берілген құжаттарды көрсету):
1) __ бетте;
2) …;
Ескертпе:
* әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші.
_______________________________________________________________, _______________ (денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы).
Толтырылған күні ______________».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |