Жоба
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 «Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың Стандартын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар пациенттерге медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11226 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес регламенттеледі.
1) динамикалық байқау тобы – пациенттерді диагностикалық және емдеу іс-шараларын таңдау кезінде дәрігердің тәсілін айқындайтын топтарға бөлу;
2) медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек;
3) медициналық-әлеуметтік оңалту – жұмысқа араластыру, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыру үшін медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру;
4) психикаға белсенді заттар (бұдан әрі – ПБЗ) – бір рет қабылдаған кезде адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ тұтыну кезінде психикалық және тәни тәуелділікті туындататын синтетикалық немесе табиғи заттар (алкоголь, есірткілік заттар, психотроптық заттар, олардың тектестері, басқа еліткіш заттар);
5) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарды динамикалық байқау – психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастар денсаулығының жай-күйін жүйелі байқау, сондай-ақ динамикалық байқаудың тиісті топтарында бұл байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
6) суицид жасау қаупі – өліммен аяқталатын өмірін қасақана қиюға бағытталған әрекет жасау ықтималдылығы;
7) суицид жасаудың қауіп факторлары – өліммен аяқталатын өмірін қасақана қиюға бағытталған әрекет жасауға әсер ететін жағдайлар;
8) психикалық және мінез-құлық бұзылуы бар адамның әлеуметтік қауіптілігі – сипаты мен мазмұны көп жағдайда өзіне және/немесе айналадағыларға залал келтіруге алып келетін психопатологиялық бұзылулардың болуы.
9) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар пациенттерді оңалтудың дербес бағдарламасы – оңалтудың нақтылы көлемдерін, түрлерін және өткізу мерзімдерін қамтитын іс-шаралар кешені.
10) мультитәртіптік топ – психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмекті көрсетуге қатысатын және жалпы мақсаттармен және міндеттермен біріктірілген медициналық және медициналық емес бейінді мамандар тобы.
1) амбулаториялық-емханалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек.
2-тарау. Психикалық денсаулық саласында амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
1) науқасты сәйкестендіруді;
2) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген 10-шы қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі (бұдан әрі – АХЖ-10) бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дәрігерлік персоналының құзыретіне кіретін шектес психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагноздары белгіленген кезде ем тағайындауды;
3) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген АХЖ-10 бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дәрігерлік персоналының құзыретіне кіретін шектес психикалық және мінез-құлық бұзылуларының диагноздары ағымдағы жылы алғаш белгіленген жағдайда:
диагнозды белгілеген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық ақпараттық жүйеге деректерді енгізу үшін аумақтық тіркеу бойынша психикалық денсаулық кабинетінің (бұдан әрі – ПДК) немесе бастапқы психикалық денсаулық орталығының (бұдан әрі – БПДО) дәрігеріне аталған пациент туралы төлқұжаттық деректер (тегі, аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы), диагноз және диагнозды белгілеген күн көрсетілген ақпарат жіберуді;
4) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дәрігерлік персоналының құзыретіне кірмейтін АХЖ-10 бойынша адамда психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозының болуына күдік пайда болған кезде оны диагнозды белгілеу және емдеу үшін аумақтық тіркелуі бойынша ПДК-ға немесе БПДО-ға жіберуді;
5) суицид жасау қаупі бар өз бетімен жүгінген адамды анықтаған кезде немесе психологтар жіберген кәмелетке толмағанды зерттеп-қарау кезінде осы Стандарттың 6-тарауына сәйкес іс-шараларды өткізуді;
6) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтыруды;
7) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық жүйелерге жаңадан енгізілген пациентер бойынша ПДК немесе БПДО дәрігерімен салыстыру жүргізуді жүзеге асырады.
1) пациентті сәйкестендіруді;
2) одан арғы тәсілді айқындау үшін пациенттің психикалық жай-күйін бағалауды;
3) диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындауды (қажет болған жағдайда);
4) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық жүйелерде жүгінген адам туралы мәліметтердің болуын тексеруді жүзеге асырады. Психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозы алғаш белгіленген жағдайда, оны статистикалық есепке алу тобына енгізе отырып, электрондық ақпараттық жүйеге ақпарат енгізеді, бұрын қойылған психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозы кезінде және көрсетілген тіркелімдерде мәліметтер болмаған кезде ақпарат енгізеді, ал мәліметтер болса, оларды толықтырады;
5) БПДО-ның дәрігерлік-консультациялық комиссиясына (бұдан әрі – ДКК) жолдамалар рәсімдейді және психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарда осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген психикалық және мінез-құлық бұзылулары болған кезде динамикалық байқау топтарына енгізу өлшемшарттары болған кезде деректерді журналға енгізуді;
6) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу қажеттілігі мәселесін шешу жөніндегі ДКК ұйымдастыру үшін амбулаториялық науқастың медициналық картасының көшірмесін БПДО-ның меңгерушісіне жіберуді;
7) "Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуді қажет ететін психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға қатысты қажетті медициналық құжаттаманы рәсімдеуді;
8) мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін ПБЗ тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың құжатын рәсімдеуді;
9) МСАК дәрігерінен Хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық ақпараттық жүйеге психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адам туралы ақпаратты енгізуді;
10) аумақтық тіркелуі бойынша динамикалық байқау топтарына жататын адамдарға динамикалық байқауды жүзеге асырады;
11) психикалық және мінез-құлық бұзылуларының болу күдігі немесе белгіленген диагнозы бар кезде адамдарды зерттеп-қарауға және (немесе) емдеуге аумақтық ПДО-ға немесе республикалық психикалық денсаулық ұйымына (көрсетілімдері бойынша) жолдама беруді;
12) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік оңалтуды көрсету ұйымдарына жіберуді;
13) № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді;
14) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық жүйелерге деректер енгізуге; психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық жүйелермен біріктірілген медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділік деңгейін айқындай отырып деректерді енгізуге жол беріледі;
15) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық жүйелерге жаңадан енгізілген және тұрған адамдар бойынша МСАК дәрігерімен салыстыру жүргізуді (ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) және көрсетілген ақпаратты аумақтық БПДО меңгерушісіне ұсынуды (ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей) жүзеге асырады.
1) МСАК дәрігері орналасқан жерге баруды, орналасқан жер шалғай және бару мүмкін болмаған кезде ПДК немесе БПДО жағдайларында адамға консультация беруді ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) пациентті сәйкестендіруді;
3) Кодекспен регламенттелетін талаптарға сәйкес психиатриялық куәландыруды;
4) МСАК дәрігерінің медициналық құжаттамасына психиатриялық куәландырудың нәтижелерін енгізуді;
5) адамда психикалық және мінез-құлық бұзылулары анықталған кезде диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындауды;
6) МСАК дәрігерімен бірлесіп психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамға байқау жүргізуді;
7) суицид жасау қаупі бар адамдарда, оның ішінде кәмелетке толмағанда осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға динамикалық байқауды көрсету үшін есепке алу өлшемшарттары болған кезде оны есепке қою мен динамикалық байқауға арналған іс-шараларды жүзеге асырады.
1) пациентті сәйкестендіруді;
2) БПДО-ның меңгерушісі, психиатр (нарколог) дәрігері жіберген және өз бетінше жүгінген адамдарға көрсетілімдері бойынша психотерапиялық консультацияны;
3) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді;
4) жүргізілген консультациялар мен психотерапиялық сеанстардың санына байланысты БПДО дәрігерлерімен салыстыруды (ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5- күнінен кешіктірмей);
5) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей БПДО меңгерушісіне атқарылған жұмыс (консультациялардың, дербес және топтық психотерапиялық сеанстардың саны) туралы мәліметті ұсынуды жүзеге асырады.
1) пациентті сәйкестендіруді;
2) БПДО-ның меңгерушісі, психиатр (нарколог) дәрігері жіберген және өз бетінше жүгінген адамдарға қатысты консультацияны, экспериментальдық-психологиялық зерттеп-қарауды және психикалық-түзету сабақтарын өткізуді;
3) пациенттерге, пациенттердің туыстарына және медициналық персоналға психикалық профилактиканы, психикалық түзетуді, психологиялық консультацияны;
4) пациенттерді психодиагностикалық зерттеулер мен диагностикалық байқауды;
5) медициналық персоналмен медициналық және әлеуметтік психология мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстарын;
6) жүргізілетін психологиялық, емдеу және профилактикалық іс-шараларының тиімділігін бағалауды;
7) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді;
8) атқарылған жұмыс бойынша БПДО дәрігерлерімен салыстыруды (ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей);
9) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей БПДО меңгерушісіне атқарылған жұмыс (консультациялардың, алғашқы және қайта өткізілген экспериментальдық-психологиялық зерттеп-қараулардың, жеке және топтық психикалық-түзету сабақтарының саны) туралы мәліметтерді ұсынуды жүзеге асырады.
1) пациентті сәйкестендіруді;
2) амбулаториялық науқастың медициналық картасында жаза отырып, науқастарды бірге қабылдауды және қарап-тексеруді;
3) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды динамикалық байқауға қатысуды;
4) динамикалық байқау топтарында тұратын психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға үйге барудың белсенді патронажын;
5) стационардан шығарылғаннан кейін психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың белсенді патронажын;
6) салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізуді;
7) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
8) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық жүйелерге деректерді енгізуге қатысуды;
9) дәрігердің тағайындауы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттарға рецептті рәсімдеуді;
10) шұғыл және жедел жағдайларда дәрігерлік көмек көрсету үшін жақын маңдағы стационарлық ұйымға пациенттерді жеткізуді қамтамасыз етуді;
11) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) сәйкес ауылдық жерде дәрігер болмаған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беруді;
12) статистикалық есепке алу мен есептілікті, сондай-ақ электрондық нысанда жүргізуді;
13) статистикалық деректерді талдауды;
14) тағайындаулар бойынша инъекциялар жүргізуді;
15) артериялық қысымды анықтауды;
16) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.
1) пациентті сәйкестендіруді;
2) венаішілік, бұлшықетішілік, тері асты инъекцияларын;
3) АИТВ инфекциясы мен Вассерман (RW) реакциясына қан алуды;
4) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.
1) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей аумақтық БПДО меңгерушісіне атқарылған жұмыс (көрсетілген әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени қызметтер саны) туралы мәліметтерді ұсынуды жүзеге асырады.
1) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде өз бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыруды;
2) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамның диагнозын нақтылау және есепке қою қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін ДКК отырыстарын өткізуді;
3) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын және медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді;
4) олардың дұрыс толтырылуын бақылауды қамтамасыз ете отырып, № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді;
5) аумақтық ПДО-ға ұсыну үшін аумақтық қалалық емхана басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жиынтық ақпаратты (ПДК, БПДО психиатр (нарколог) дәрігерлерінен, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден деректерді) ұсынуды (ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей) жүзеге асырады.
Динамикалық психиатриялық немесе наркологиялық байқаудың 1-тобында есепте тұрған пациенттің тұрақты мекенжайының өзгеруі туралы ақпарат болашақ мекенжайы бойынша амбулаториялық-емханалық психиатриялық көмек көрсететін ұйымға беріледі. Тұрғылықты жердің өзгеруі туралы мәліметтер ТХТ-нен алынған деректермен расталуы және пациенттің өзінен алынуы тиіс.
Динамикалық байқау тобына енгізілген әрбір науқасқа № 907 бұйрықпен бекітілген амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы толтырылады.
1) сексуалдық перверзияларға бейім, әлеуметтенуге қарсы мінез-құлқы бар психопаттар, кверулянттар;
2) ПБЗ тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдар;
3) ауыр соматикалық немесе инфекциялық аурулардан зардап шегетін психикалық науқастар еңбекпен емдеу шеберханаларына жіберілмейді.
1) 1-динамикалық психиатриялық байқау, 2А – динамикалық психиатриялық байқау, динамикалық наркологиялық байқау топтарында тұрған;
2) жіті сатыда аурулары бар;
3) асқыну сатысында созылмалы аурулары бар психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға қарсы көрсетілген.
Өздігінен қозғалуға және өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз, тұрақты арнайы күтімді қажет ететін, осы тармақтың 1, 2, 3-тармақшаларында көрсетілген қарсы көрсетілімдері жоқ психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдар алып жүрумен санаторийлік-курорттық ұйымдарға жіберіледі.
1) негізгі өлшемшарттар:
"Апиындық нашақорлық (F11.2)" диагнозы;
ақпараттандырылған келісім беру қабілеті;
жасының 18-ден жоғары болуы;
2) қосымша өлшемшарттар:
қойылған АИТВ инфекциясы диагнозы;
қойылған В, С, D, G гепатиті диагнозы;
есірткілерді инъекциялық тұтынудың кемінде 3 жылдық расталған өтілі;
"Апиындық нашақорлық (F11.2)" диагнозымен стационарға кемінде екі рет емдеуге жатқызылу;
жүктілік көрсетілімдер болып табылады.
3-тарау. Психикалық денсаулық саласында стационарлық көмек нысанындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
1-параграф. Психикалық денсаулық саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стационарлық бөлімшелеріне емдеуге жатқызу
1) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға стационар жағдайында зерттеп-қарау жүргізуге немесе емдеуге психиатр (нарколог) дәрігердің жолдамасы;
2) сот-тергеу органдарының, әскери дәрігерлік комиссиялардың жолдамасы бойынша, сондай-ақ адамның өзінің жазбаша өтініші бойынша психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозын белгілеу үшін стационар жағдайында зерттеп-қарау жүргізу қажеттілігі;
3) ПБЗ тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
4) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 93-бабымен (бұдан әрі – ҚР ҚК) көзделген, заңды күшіне енген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі негіздеме болып табылады.
1) басқа бейінді стационарларда емдеуді талап ететін басқа аурулардың болуы;
2) эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі инфекциялық аурулар болып табылады.
1) пациентті сәйкестендіреді;
2) қолдағы медициналық және басқа да құжаттаманың бар болуын және оны "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен (бұдан әрі - № 761 бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда регламенттелген және (немесе) қосымша зерттеп-қараудан өтуге жолдама береді;
3) мұндай бар болған жағдайда емдеуге жатқызу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуын тексереді;
4) психикалық және соматикалық жай-күйді, зерханалық-диагностикалық зерттеу нәтижелерін бағалайды, қабылдау-диагностикалық бөлімшенің деңгейінде кезек күттірмейтін көмек көрсету қажеттігін және (немесе) емдеуге жатқызу көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерінің болуын анықтайды;
5) алдын ала диагнозды белгілейді, сараланған диагностиканың көлемін, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық шараларды айқындайды;
6) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
7) пациентті жасырын емдеу кезінде пациенттің аты және тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты мекенжайы пациенттің айтуы бойынша толтырылады;
8) Емдеуге жатқызу бюросының порталына ақпарат енгізуді қамтамасыз етеді.
1) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес пациентке медициналық тіркеу кодын береді.
Бұл код медициналық есепке алу құжаттамасында пациент тегінің орнына толтырылады. Аты мен тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты мекенжайы пациенттің айтуы бойынша толтырылады;
2) міндетті және (немесе) қосымша зерттеп-қараулардан өтуге жібереді;
3) психикалық және соматикалық жай-күйді, зерханалық-диагностикалық зерттеу нәтижелерін бағалайды, қабылдау-диагностикалық бөлімшесі деңгейінде кезек күттірмейтін көмек көрсету қажеттігін және (немесе) емдеуге жатқызу көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерінің болуын анықтайды;
4) алдын ала диагнозды белгілейді, сараланған диагностиканың көлемін, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық шараларды айқындайды;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
6) Емдеуге жатқызу бюросының порталына ақпарат енгізуді қамтамасыз етеді.
1) пациенттерді сәйкестендіреді;
2) психикалық және соматикалық жай-күйді, зерханалық-диагностикалық зерттеу нәтижелерін бағалайды, қабылдау бөлімшесінің деңгейінде кезек күттірмейтін көмек көрсету қажеттігін және (немесе) емдеуге жатқызу көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерінің болуын анықтайды;
3) алдын ала диагнозды белгілейді, сараланған диагностиканың көлемін, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық шараларды айқындайды;
4) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
5) Емдеуге жатқызу бюросының порталына ақпарат енгізуді қамтамасыз етеді.
1) антропометриялық деректерді өлшейді;
2) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
3) Емдеуге жатқызу бюросының порталына ақпарат енгізуді қамтамасыз етеді;
4) дәрігерлік тағайындауларды орындайды (қажет болған кезде).
1) қолда бар құжаттаманың болуын және сәйкестігін тексереді:
заңды күшіне енген сот шешімі;
жеке басты куәландыратын құжат.
Сот қаулысы шыққанға дейін қамауда отырған адамдарды қабылдау үшін жеке іс пен босату туралы анықтама ұсынады;
2) пациентті сәйкестендіруді жүргізеді;
3) психикалық және соматикалық жай-күйді, зерханалық-диагностикалық зерттеу нәтижелерін бағалайды, қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің деңгейінде кезек күттірмейтін көмек көрсету қажеттігін және (немесе) емдеуге жатқызу көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерінің болуын анықтайды;
4) бөлімшені айқындайды, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық іс-шараларды белгілейді;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады.
1) антропометриялық деректерді өлшейді;
2) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
3) санитариялық тазартуды ұйымдастырады;
4) дәрігерлік тағайындауларды орындайды.
2-параграф. Психикалық денсаулық саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стационарлық бөлімшелеріндегі емдеу және диагностикалық іс-шаралар
1) пациентті сәйкестендіруді жүргізеді;
2) № 761 бұйрыққа сәйкес медициналық және басқа құжаттаманың болуын және талапқа сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда негізгі және (немесе) қосымша зерттеп-қараулардан өтуге жібереді;
3) емдеуге жатқызу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуын тексереді (ондай бар болған жағдайда);
4) психикалық және соматикалық жай-күйді, зерханалық-диагностикалық зерттеу нәтижелерін бағалайды, алдын ала диагноз белгілейді, сараланған диагностика көлемін, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық шараларды айқындайды;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады.
1) қолдағы медициналық және басқа құжаттаманың болуын және № 761 бұйрықпен сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда регламенттелген және (немесе) қосымша зерттеп-қаралудан өтуге жібереді;
2) психикалық және соматикалық жай-күйді, зерханалық-диагностикалық зерттеу нәтижелерін бағалайды, алдын ала диагнозды белгілейді, сараланған диагностиканың көлемін, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық шараларды айқындайды;
3) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады, бұл ретте аты мен тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты мекенжайы пациенттің айтуы бойынша толтырылады.
1) пациентті сәйкестендіруді жүргізеді;
2) психикалық және соматикалық жай-күйді бағалай, байқау, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдік-диагностикалық шараларды белгілейді;
3) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады.
1) пациентті сәйкестендіруді жүргізеді;
2) психикалық профилактиканы, психикалық түзетуді, пациентке психологиялық консультацияны жүргізеді;
3) психодиагностикалық зерттеулер мен диагностикалық байқауды жүргізеді.
1) медициналық персоналды медициналық, әлеуметтік психология саласында оқыту бойынша жұмысты жүргізу;
2) өткізілетін психологиялық, емдік және профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалайды;
3) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүзеге асырады;
4) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тікелей басшысына атқарылған жұмыс туралы мәліметті (консультациялардың, алғашқы және қайта өткізілген эксперименталдық-психологиялық тексерулердің, жеке және топтық психотүзету сабақтарының саны) ұсынады.
1) антропометриялық деректерді өлшейді;
2) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
3) дәрігерлік тағайындауларды орындайды.
3-параграф. Психикалық денсаулық саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стационарлық бөлімшелеріндегі байқау
1) өзі және айналасындағылар үшін қауіп болмаған;
2) бөгде адамның көмегінсіз жеке гигиенаны сақтау қабілеттілігі;
3) осы Стандарттың 52, 53-тармақтарында көрсетілген байқау мен ұстаудың өзге режимін талап ететін психикалық және мінез-құлық бұзылулары мен соматикалық бұзылулары болмаған кезде белгіленеді.
1) байқау үшін осы Стандарттың 49-тармағымен белгіленген өлшемшарттары болған;
2) тәуліктік емес бірақ күн сайынғы байқауды талап ететін психикалық жай-күйі тұрақталған кезде ұсынылады.
Ішінара емдеуге жатқызу режимі сот-тергеу органдарының анықтамалары (қаулылары) бойынша мәжбүрлеп емдеудегі және сараптамадағы адамдар, сондай-ақ соттың шешімі бойынша қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін емдеуге жатқызылған адамдар үшін қолданылмайды.
1) байқау үшін осы Стандарттың 49-тармағымен белгіленген өлшемшарттар болған;
2) күнделікті байқауды талап етпейтіндей психикалық жай-күйі тұрақталған кезде ұсынылады.
Емдік демалыстар режимі сот-тергеу органдарының анықтамалары (қаулылары) бойынша мәжбүрлеп емдеудегі және сараптамадағы адамдарға, сондай-ақ сот шешімі бойынша қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін емдеуге жатқызылған адамдарға қолданылмайды.
1) өзі және айналасындағылар үшін қауіп төндірмейтін жіті психикалық және мінез-құлық бұзылулары болған;
2) бөгденің көмегінсіз жеке гигиенаны сақтауға қабілеттілігі;
3) Осы Стандарттың 53-тармағында көрсетілген байқау мен ұстаудың өзге режимін талап ететін психикалық және соматикалық бұзылулары болмаған кезде пациенттер үшін белгіленеді.
1) өзі және айналасындағылар үшін тікелей қауіп;
2) қауқарсыз болған, яғни тиісті күтім болмаған кезде өзінің өмірлік қажеттіліктерін өзбетінше қанағаттандыра алмаған;
3) егер адам бақылаусыз қалдырылатын болса денсаулыққа елеулі зиян келтіру ықтималдығы кезінде пациенттер үшін белгіленеді.
4-параграф. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухананың стационарлық бөлімшелеріндегі байқау
1) өзі және айналасындағылар үшін қауіп болмаған;
2) бөгденің көмегінсіз жеке гигиенаны сақтауға қабілеттілігі;
3) осы Стандарттың 55, 56-тармақтарында көрсетілген байқау мен ұстаудың өзге режимін талап ететін психикалық және мінез-құлық бұзылулары мен соматикалық бұзылулары болмаған кезде пациенттер үшін белгіленеді.
1) өзі және айналасындағылар үшін қауіп төндірмейтін жіті психикалық және мінез-құлық бұзылулары;
2) бөгденің көмегінсіз жеке гигиенаны сақтау қабілеттілігі;
3) осы Стандарттың 56-тармағында көрсетілген байқау мен ұстаудың өзге режимін талап ететін психикалық және соматикалық бұзылулары болмаған кезде пациенттер үшін белгіленеді.
1) өзі және айналасындағылар үшін тікелей қауіп;
2) қауқарсыз болған, яғни тиісті күтім болмаған кезде өзінің өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыра алмаған;
3) егер адам бақылаусыз қалдырылатын болса денсаулыққа елеулі зиян келтіру ықтималдығы кезінде пациенттер үшін белгіленеді.
5-параграф. Психикалық денсаулық саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стацонарлық бөлімшелерінен шығару
Науқасты шығару туралы ақпарат мәжбүрлеп емдеу шарасының түрін өзгерту туралы қаулыны шығарған сотқа, тұрғылықты жері бойынша Ішкі істер басқармасына, науқастың туысқандарына жіберіледі.
4-тарау. Психикалық денсаулық саласында стационарды алмастыратын нысандағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
1) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар (субкомпенсация, декомпенсация сатысы) адамның тәулік бойы байқауды талап етпейтін белсенді терапияға қажеттілігі;
2) тәулік бойы байқауды талап етпейтін жүйк немесе жүйкесипатты деңгейдегі психикалық және мінез-құлық бұзылуларының асқынуы;
3) тәуліктік стационарда емдеу курсын алғаннан кейін қарапайым өмірлік жағдайларға біртіндеп бейімделу қажеттілігі;
4) тәуліктік стационарлық байқауды талап етпейтін қарап-тексерулер мен сараптамаларды өткізу.
1) басқа бейіндік стационарларда ем алуды талап ететін ілеспе аурулардың болуы;
2) жедел көрсетілімдер бойынша стационарлық емдеуді талап ететін психопатологиялық күйлер;
3) жаппай қалшылдақтық ұстамалардың болуы (айына 1 реттен көп);
4) эпидемиологиялық қауіпті кезеңдегі инфекциялық аурулар болып табылады.
Тәуліктік бойы медициналық байқау мен емдеуді талап ететін пациенттің жай-күйі күрт нашарлаған жағдайда ол психикалық денсаулық орталығының тиісті стационарлық бөлімшесіне жатқызылады.
1) науқасты сәйкестендіруді жүргізеді;
2) қолданыстағы медициналық және басқа құжаттаманың бар-жоғын және сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда регламенттелген және (немесе) қосымша тексерулерден өтуге жібереді;
3) психикалық және соматикалық жай-күйді, сондай-ақ зертханалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, жатқызу үшін көрсетілімдердің және қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтайды;
4) алдын ала диагноз белгілейді, дифференциалдық диагностика көлемін, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқада емдеу-диагностикалау іс-шараларын айқындайды;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады.
1) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес пациентке медициналық тіркеу кодын береді;
2) регламенттелген және (немесе) қосымша тексерулерден өтуге жібереді;
3) психикалық және соматикалық жай-күйді, сондай-ақ зертханалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерің деректерін (бар болса) бағалайды, жатқызу үшін көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтайды;
4) алдын ала диагноз белгілейді, дифференциалдық диагностика көлемін, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқада емдеу-диагностикалық іс-шараларын айқындайды;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады, бұл ретте науқастың аты мен әкесінің атын (бар болған жағдайда), туған күнін, тұрғылықты мекенжайын науқастың айтыумен толтырады.
1) науқасты сәйкестендірді жүргізеді;
2) колдағы бар медициналық және басқа да құжаттаманың бар-жоғын және сәйкестігін тексереді;
3) психикалық және соматикалық жай-күйін, сондай-ақ зертханалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің деректерін бағалайды, алдын ала диагноз белгілейді, дифференциалдық диагностика көлемін, емдік тамақтану режимін және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдеу-диагностикалық іс-шараларды айқындайды;
4) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады.
1) қажет болған жағдайда регламенттелген және (немесе) қосымша тексерулерден өтуге жібереді;
2) психикалық және соматикалық жай-күйін, зертханалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, алдын ала диагноз белгілейді, дифференциалдық диагностика көлемін, байқау режимін, емдік тамақтану және диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес басқа емдеу-диагностикалық іс-шараларын анықтайды;
3) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады, бұл ретте науқастың аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты мекенжайы науқастың айтыумен жазып алынады.
1) антропометриялық деректкрді өлшейді;
2) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады;
3) дәрігердің тағайындауларын орындайды.
Пациент күндізгі стационардан шыққан күні көшірмесі амбулаториялық науқастың медициналық картасына салынатын пациенттің тұрғылықты жері бойынша алғашқы психикалық денсаулық орталығына жіберілетін эпикриз толтырылады.
5-тарау. Психикалық денсаулық саласында жедел медициналық жәрдем нысанындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
6-тарау. Психикалық денсаулық саласында суицидтік мінез-құлық кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
1) суицидті жасау тәуекелін бағалау;
2) байқау мен емдеу жоспарын айқындау;
3) медициналық құжаттаманы рәсімдеу.
1) суицид жасау тәуекелін бағалауды өткізу қажеттілігін анықтау;
2) итермелеуші, күшейтуші және қорғаныс факторларын бағалай отырып, суицид жасау тәуекелі факторларын анықтау;
3) суицид жасау тәуекелінің дәрежесін анықтау.
1) жалпы көрінісі мен мінез-құлқы (психомоторлық жай-күйі мен қажырлық функциясын бағалау – қозу, мелшиіп қалу, таптаурын, жалықтыратын әрекеттер, импульстік (қызуқанды) қылықтар);
2) эмоционалдық жай-күй (үрей, қорқыныш, мазасыздық, күйгеліктену бағалау; көңіл-күйі – төмендеу (қалыпты қайғы-мұңнан бастап қосалқы клиникалық күйзеліс арқылы күйзеліске дейін), жоғарылау (масаттанудан бастап гипомания арқылы манияға дейін), аралас күйлер (бір мезетте күйзелістік және мания симптомдар), ашу-ыза, долылық, немқұрайлылық; жағдайлық эмоциялардың баламалылығы;
3) ойлау (ойлау қалпының бұзылуы – оның қарқынының жылдамдауы немесе бәсеңдеуі (шамадан тыс ұсақтық), кешеуілдеу (ой қозғалыстары, ойлаудың кенеттен қиындауы), алаңғасарлық (енжарлық) немесе ыдырау (бөлшектену), мыжғылай беру (стереотиптік (таптаурын) қайталану), обсессиялар (жалықтыратын ойлар); ой мазмұны бойынша ойлау бұзылулары);
4) қабылдау (бұзылулар – елестеушілік (жоқ нәрселерді бар секілді елестету), қиялдану (бар объектілерді бұрмалап қабылдау);
5) жоғарғы таным функциялары: жады, шынайылықты қалыпты бағалай алу қабілеті, абстрактілі ойлау мен өзіндік сана-сезім (өзіндік рефлексия) қабілеті, сондай-ақ өзіндік құмарлықты (агрессияшыл, жыныстық) бақылау.
1) ерте балалық шақтан бастап қазіргі таңға дейінгі отбасылық ортасы, оның ішінде үйдегі (тұрмыстық) және (немесе) жыныстық зорлық-зомбылық;
2) суицид пен психикалық бұзылулардың отбасылық тарихы, оның ішінде маскүнемдік немесе нашақорлық салдарынан туындаған бұзылулар;
3) суицидтік емес өзін-өзі зақымдаулар;
4) психикалық дамудың, тұлғалық қалыптасудың, оқу мен кәсіптік қызметтерінің, қызығушылықтар мен құштарлықтардың, отбасылық қарым-қатынастардың ерекшеліктері;
5) психикалық бұзылудың бар екеніне күдік туындаған, белгілері біліне бастаған кезде олардың психикалық-әлеуметтік факторлармен байланысы;
6) суицидтік мінез-құлықтың тарихы (егер бар болса) (бұрын орын алған суицид жасау әрекеттерінің саны; әрбір әрекет үшін: қашан орын алды, жағдайлар мен соған түрткі болған факторлар; өзіне-өзі қол салу тәсілі мен оның әлеуетті өлімге әкеп соғуы; анықтау немесе кедергі келтіру қаупін (әрекет үшін) азайтуға және жоспарлауға байланысты қабылданған шаралар дәрежесі; өзіне-өзі қол салу алдында алкогольдік ішімдіктер мен есірткіні қолдануы; зардаптары мен зардаптардың медициналық ауырлығы; әрекетке деген қатынас);
7) психикалық-әлеуметтік жағдайлар және жақын арада орын алған жоғалтулар (нақты, қабылданбалы немесе әлеуетті): жанына жақын, қымбат жанның немесе тіршілік иесінің өлімі (ардақты адамның, еліктеуге үлгі болатын адамның немес үй жануарының өлімі); қарым-қатынастардың үзілуі, ажырасу немесе бөліну; тұлғааралық дау-дамайлар, күйзелістік немесе аса қолайсыз немесе күрделі қарым-қатынастар; оқудағы қиындықтар, жұмыстан немесе тұрғын үйден айрылу; қымбат жанның немесе тіршілік иесінің ауыра бастауы; қаржылық және заңды қиындықтар; бірнәрсені жоғалтқанына жыл толуы; жаңа жерге көшу);
8) егер бұрын қойылған диагноз болса, емдеу тарихы (емдеуге жатқызудың алдында қойылған бұдан бұрынғы және қосалқы диагноздар, ауруханаға жатқызылған және басқа емдеу түрлері) және тағайындалған емді қалай ұстанғаны туралы ақпарат жиналады.
1) бірінші – психиатриялық (психобиологиялық) факторлар;
2) екінші – психикалық-әлеуметтік ерекшеліктер және (немесе) соматикалық аурулар;
3) үшінші – демографиялық факторлар.
1) суицидтік ойлар, суицидтік жоспарлар (ағымдағы немесе бұрынғы), өзіне өзі қол жұмсау әрекеттері (болмаған немесе үзілген әрекеттерді қоса алғанда);
2) психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар: үмітсіздік және қозу/үрейлену (оның ішінде ұйқысыздық);
3) өзіне-өзі қол жұмсаудың отбасылық тарихы жатады.
1) балалық шақтағы жағымсыз оқиғалар (балалық шақтағы жарақат (жыныстық зорлық-зомбылық және күш көрсету), басқалар (отбасының бөлінуі, ата-ананы жоғалту, баланың басқа отбасының тәрбиесіне берілуі және т.б.);
2) ұзақ мерзімдік жағымсыз өмір жағдайлары (оқшаулану, жанұямен нашар қарым-қатынастар, қорқытып-үркіту, созылмалы ауру, АИТВ/ ЖИТС);
3) жіті психикалық-әлеуметтік күйзеліс (жақын арада жақын адамынан айрылу), күйзелістік оқиға (қарым-қатынастардың үзілуі, ауыр соматикалық ауру туралы диагноздың қойылуы немесе басталуы) жатады.
1) жыныс:
ер – көбінесе аяқталған өзіне-өзі қол жұмсау;
әйел – көбінесе суицидтік ойлар және (немесе) өзіне-өзі қол салу әрекеті;
2) жас:
жасөспірімдер және жас ер азаматтар;
кәрі адамдар (әйел мен ер);
3) осал аралықтар:
көктем және (немесе) жаздың басы;
етеккір келер алды кезеңі;
4) ерекше топтар:
суицид құрбанының туысқандары;
төтенше оқиғалар, апаттар, табиғи дүлей апаттардың құрбандары;
гетерожыныстық бағыттан ерекшеленетін жыныстық бағыт өкілдері;
бас бостандығынан айырылған адамдар жатады.
гендік және биологиялық тәуекел факторлары;
өзін-өзі өлтірудің отбасылық тарихы және психикалық денсаулық мәселелері;
психикалық бұзылулар;
ПБЗ тұтыну және (немесе) шамадан тыс тұтыну;
қызуқанды және агрессияшыл мінез-құлық;
балалық кезде алынған жарақат.
тұрақтылық;
мәселелерді шешу дағдылары;
өзін-өзі бағалау;
көмек іздеу;
әлеуметтік және отбасылық қолдау;
діншілдік;
салауатты өмір салты.
күйзелістік өмір оқиғалары;
суицид жасау құралдарының болуы;
үмітсіздік;
психомоторлық қозу;
психикалық бұзылулардың жіті сатылары;
қауіпті мінез-құлық болып табылады.
1) төтенше тәуекел – суицидтік ойлар болған немесе басқа бірінші және (немесе) екінші және үшінші қауіп факторларымен ілесетін әрекеттер болған жағдайда белгіленеді;
2) бірқалыпты тәуекел – екінші және үшінші қауіп факторларына ілескен суицидтік ойлар мен әрекеттерді қоспағанда, бір немесе бірнеше бірінші қауіп факторлары болған жағдайда белгіленеді;
3) төменгі тәуекел – бірінші қауіп факторлары болмаған, екінші және (немесе) үшінші қауіп факторлары болған жағдайда белгіленеді.
1) терапевтік альянсты орнату және қолдау;
2) пациенттің қауіпсіздігі мен қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету;
3) емдеу параметрлері мен жоспарын айқындау.
1) суицидтік ойлар мен мінез-құлыққа эмпатиялық (бірге мазасыздану) түрде түсіністік таныту;
2) шынайы қолдауды қамтамасыз ету және жасөспірімнің өзін жайсыз сезінуі мен қайғыруының деңгейін түсінгенін растау;
3) сенімді және өзара құрмет қарым-қатынасын орнату;
4) құпиялылықты қамтамасыз ету (тікелей қауіп төнген жағдайда ата-аналарға (қамқоршыларға) хабарлау қажеттілігін түсіндіре отырып);
5) өмір сүруге деген құлшынысын арттыру (өмір сүру мен өз-өзіне қол салу арасындағы талас-тартысын зерттеу, суицидке ықтимал баламаларды қабылдауын арттыру);
6) суицидтік науқастың өзіндік эмоциялары мен реакциясына бақылау (салмақ салатын жауапкершілік сезімі, науқастардың агрессияшыл және сәйкес келмейтін реакцияларына байланысты түңілу, мазасыздық, жоғары қызығушылық, ұстамдылық, ашушаңдық, қашқақтау, теріске шығару, селқостық).
байқау мен қолдауды қамтамасыз ету;
суицидті жасау құралдарына қол жеткізуге шектеу қою.
емдеу аса шектелмейтін, бірақ өте қауіпсіз және тиімді жағдайда жүргізіледі. Емдеу схемасын таңдау мәжбүрлі емдеуге жатқызудан кезеңдік амбулаторлық қаралуларға дейін түрленеді.
Емдеу параметрлері мен жоспарын айқындау кезінде:
суицидтік тәуекел дәрежесі;
ілеспе психикалық және мінез-құлық бұзылулары және басқа аурулар;
мықты психикалық-әлеуметтік қолдаудың болуы;
барабар өзіндік көмекті қамтамасыз ету, дәрігермен сенімді кері байланысты қолдау және емдеуде өзара ынтымақтасу қабілеті;
басқаларға төнетін ықтимал қауіп-қатер ескеріледі.
1) өз еркімен:
емдеуге жатқызуды талап етеді – суицидті жасаудың төтенше тәуекелі бар адамда бір немесе бірнеше күшейтуші факторлар болса, қорғаныс факторлары мүлдем болмаса немесе жеткіліксіз болса;
емдеуге жатқызуға көрсетілім – суицидті жасаудың төтенше тәуекелі бар адамда бір немесе бірнеше күшейтуші факторлар және бір немесе бірнеше қорғаныс факторлары болса;
емдеуге жатқызу ұсынылады – суицидті жасаудың бірқалыпты тәуекелі бар адамда бір немесе бірнеше күшейтуші факторлар болса, қорғаныс факторлары мүлдем болмаса немесе жеткіліксіз болса.
2) мәжбүрлі емдеуге жатқызу Кодекстің 94-бабымен регламенттелген белгілер анықталған кезде ғана жүргізіледі.
1) осы Стандарттың 67-тармағында көрсетілген көрсетілімдердің болуы және стационарлық емдеуден бас тарту;
2) суицидті жасаудың бірқалыпты тәуекелі бар адамда күшейтуші және қорғаныс факторларының болмауы.
МСАК ұйымдарында стационарды алмастыратын ем алуға қарсы көрсетілімдер "Стационарды алмастырушы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) бекітілген стационарды алмастырушы көмек көрсету қағидаларында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес анықталады.
1) суицидті жасаудың бірқалыпты және (немесе) төменгі деңгейі бар адамда күшейтуші факторлардың болмауы, бірақ бір немесе бірнеше қорғаныс факторларының болуы;
2) ұсынылған стационарлық және стационарды алмастыратын ем алудан бас тарту.
1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері;
2) психолог;
3) психиатр (нарколог) дәрігер.
1) емдеу командасы мүшелерінің байқау кестесін анықтау, оның ішінде пациенттің жай-күйі күрт нашарлаған және (немесе) суицидтік әрекет жасаған кезде жедел ден қою үшін;
2) пациенттің жанұясын, және/немесе туыстарын, және/немесе достарын, және/немесе заңды өкілдерін (будан әрі – күтім көрсететін адамдар) тарта отырып, науқастың айналасында қауіпсіз жағдайлар орнату.
1) емдеу командасының бүкіл мүшелерінің психологиялық қолдау көрсетуін;
2) ағымдағы психикалық-әлеуметтік күйзеліс туғызушылармен жұмысты;
3) фармакологиялық емдеуді (қажет болған кезде) қамтиды.
1) тілектестік және бағаланбайтын қарым-қатынасты;
2) адамның нормаға мен құндылықтарға бағытталуын;
3) кеңестер беруге тыйым салуды;
4) жеке және кәсіптік қарым-қатынастардың аражігін ажыратуды;
5) өмір сүру құлшынысы мен суицид жасау арасындағы тартысты пайдалануды;
6) өмір сүруді жалғастыру себептерін және суицидке баламаларды қарастыруды;
7) жағымды нәтижеге сенімділік білдіруді;
8) психикалық денсаулық саласындағы қызметтің маманына көмекке жүгіну мүмкіндігін қарастыруды қамтиды.
Психикалық-әлеуметтік күйзеліс туғызушыларға:
1) ата-аналарының және (немесе) жақын туыстарының аурулары;
2) қатыгез қарым-қатынас, елемеу және мазақ қылу;
3) үлгерім мәселелері (жасөспірім үшін);
4) отбасылық жанжалдар, қарым-қатынастағы қиындықтар, қолдаудың болмауы жатады.
себебін анықтап, төменде көрсетілгендерге қатысты мақсатты сауалнама жүргізуі тиіс:
1) адамның өз ауруының ауыр екенін және емделудің қажеттілігін мойындауы;
2) ұсынылған емдеу жоспарын немесе дәрілік құралдар мөлшерлемесін түсінуі;
3) дәрілік құралдардың жағымсыз әсерлерінің болуы;
4) қаржылық қиындықтардың болуы.
Мынадай іс-шараларды жүргізуі тиіс:
1) терапевтік альянсты құру;
2) нақты пациенттің қажеттіліктері мен қалауын ескере отырып, емдеу жоспарын қайта қарау;
3) нақты психикалық бұзылулар туралы оқытуды, дәрілер және олардың жағымсыз әсерлерін, суицидке бейімділігі (суицидтік), суицидтік әрекеттерге немесе психикалық бұзылулар белгілеріне түрткі болатын немесе оларды күшейтетін психикалық-әлеуметтік күйзеліс рөлінің маңыздылығын оқытуды қамтитын психикалық білім беруді жүргізу;
4) пациентке және (немесе) оған күтім жасайтын адамға телефон арқылы келесі қабылдау, дәрілерді қабылдау жиілігі, терапевтік әсерге қол жеткізу үшін уақыттың қажеттілігі, жағдайы жақсарса да дәрілерді қабылдаудың қажеттілігі, дәрілер қабылдауды тоқтатар алдында дәрігердің консультациясын алу қажеттілігі және проблемалар немесе сұрақтар пайда болған кезде дәрігер көмегіне жүгіну мүмкіндігі туралы еске салу;
5) қабылдауға келмеген жағдайда, пациентпен және (немесе) оған күтім жасайтын адаммен байланысқа шығу.
Осы тармақта көрсетілген амбулаториялық науқастың электрондық медициналық карталарын жүргізу кезінде ақпарат жеке қосымшаға енгізіледі, оған тек МСАК дәрігері мен психиатр (нарколог) дәрігері немесе балалар психиатр (нарколог) дәрігері ғана қол жеткізе алады.
7-тарау. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі
1) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды анықтау және қажет болған жағдайда оларды ПДК-ға, БПДО-ға немесе ПДО-ға жолдау;
2) шектес психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды диагностикалау, емдеу;
3) психикалық және мінез-құлық бұзылуларының даму қаупі бар топтарды қалыптастыра отырып, халық арасында психикалық және мінез-құлық бұзылуының бастапқы профилактикасы.
1) қызмет көрсетілетін аумақта психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;
2) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды анықтауға профилактикалық қарап-тексеру жүргізу;
3) мамандандырылған көмекке жүгінетін адамдарды қабылдау, консультация беру;
4) қызмет көрсетілетін аумақта психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға динамикалық байқауды жүзеге асыру, пациенттерді динамикалық байқаудың тиісті топтарына уақтылы ауыстыру;
5) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды емдеу;
6) психикалық және мінез-құлық бұзылуларының болуына күдікті деп танылған немесе диагнозы қойылған адамдарға БАПДО, ПДО немесе республикалық психикалық денсаулық ұйымына тексеру немесе емдеу үшін консультация беру мен ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру;
7) психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозы қойылған адамдардың стационарлық ем алудан бас тарту себептеріне талдау жасау;
8) үйге патронаждық бақылау жасау мен консультация беруді жүзеге асыру;
9) № 907 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша психикалық (есірткіден) бұзылысы бар адамды бақылау картасын жүргізу.
1) қызмет көрсетілетін аумақта психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру, мониторинг және талдау жасау;
2) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды анықтауға арналған профилактикалық қарап-тексеру жүргізу;
3) мамандандырылған көмекке жүгінетін адамдарды қабылдау, консультация беру;
4) қызмет көрсетілетін аумақта өмір сүретін психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке қою;
5) қызмет көрсетілетін аумақта психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға қарқынды байқау жүргізу, науқастарды динамикалық байқау топтарына уақытылы ауыстыру;
6) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға психотерапевтік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету;
7) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды емдеу;
8) психикалық және мінез-құлық бұзылулардың болуына күдікті деп танылған немесе диагнозы қойылған адамдарға ПДО немесе республикалық психикалық денсаулық ұйымына қарап-тексеру немесе емдеу үшін консультация беру мен ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру;
9) ұзақ мерзімдік және тұрақты аурудан арылуға қол жеткізу, ПБЗ-ға тәуелді адамдарға қолдау көрсету және аурудың қайталануына қарсы терапия қолдануға ынталандыру;
10) психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозы қойылған адамдардың стационарлық ем алудан бас тарту себептеріне талдау жасау;
11) үйге патронаждық бақылау жасау мен консультация беруді іске асыру;
12) психикалық және мінез-құлық бұзылуларын диагностикалау мен емдеу мәселелері бойынша МСАК дәрігерлеріне, дәрігерлік бейіннің өзге мамандарына консультация беру көмегі;
13) пациенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының сараптамасы;
14) қолданыстағы заңнаманың шеңберінде тиісті сұрау салулар бойынша динамикалық байқау үшін есепте болуы және (немесе) адамның психикалық жай-күйі туралы қорытындылар, анықтамалар беру;
15) медициналық-әлеуметтік сараптамаға, ПБЗ тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін қажетті медициналық құжаттаманы ресімдеу;
16) қызмет көрсетілетін аумақтағы психикалық денсаулықты нығайту, өмір сапасын арттыру, халықтың психикалық ахуалының деңгейін жақсарту, оның ішінде психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың психикалық жай-күйін жақсарту бойынша зерттеулерге қатысу;
17) халықтың психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
18) амбулаториялық және стационарлық көмектің өзара байланысын және сабақтастығын қамтамасыз ету;
19) ПДК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша ауылдық елдімекендерде тұратын психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету;
20) № 907 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізу.
1) ұйымдастырушылық, профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді үйлестіру, мониторингтеу, талдау және психикалық денсаулықты қорғау қызметтерін дамыту;
2) психикалық денсаулықты қорғау, сондай-ақ психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардағы іліспе ауруларды емдеу саласындағы профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, медициналық-әлеуметтік, оңалту көмегінің кез келген нысынын көрсету;
3) психикалық және мінез-құлық бұзылуларының болуына күдікті деп танылған немесе диагнозы қойылған адамдарды республикалық психикалық денсаулық ұйымына тексеру немесе емдеу үшін консультациялар беруді, ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру;
4) өңірлік деңгейде психикалық денсаулықты нығайтуға, өмір сапасын, халықтың психикалық ахуалының деңгейін арттыруға, оның ішінде психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың психикалық жай-күйін жақсарту бойынша зерттеулерге қатысу;
5) стационарлық және амбулаториялық көмек көрсету кезінде өзара іс-қимылды және сабақтастықты қамтамасыз ету;
6) ПДК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша ауылдық елдімекендерде тұратын психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету;
7) психикалық мінез-құлық бұзылуларын диагностикалау мен емдеу мәселелері бойынша МСАК дәрігерлеріне, сондай-ақ дәрігерлік бейіннің өзге де мамандарына консультациялық көмек көрсету;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін медициналық құжаттаманы рәсімдеу;
9) науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жасау;
10) қолданыстағы заңнама щеңберінде тиісті сұрау салулары бойынша адамның психикалық жай-күйі туралы қорытындылар мен анықтамалар беру;
11) өңірлік деңгейде коммуникацияның барлық қолда бар тәсілдерін пайдалана отырып, психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпарат беруді, пікірлермен және тәжірибемен алмасуды ұйымдастыру;
12) медициналық құжаттаманы жүргізу.
1) ғылыми, ұйымдастырушылық, профилактикалық және емдеу-диагностикалық қызметті үйлестіру, мониторингтеу және талдау жасау, психикалық денсаулықты қорғау және қызметті дамыту мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
2) өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде психикалық денсаулықты нығайтуға, өмір сапасын арттыруға, халықтың психикалық ахуалының деңгейін жақсартуға, оның ішінде психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың психикалық жай-күйін жақсартуға бағытталған зерттеулерді өткізу, оларға қатысу, жаңа әдістер мен әдістемелерді, шараларды әзірлеу және енгізу;
3) психикалық денсаулықты қорғау, сондай-ақ психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардағы ілеспе ауруларды емдеу саласындағы профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, медициналық-әлеуметтік, оңалту көмегінің кез келген түрін көрсету;
4) психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша білім беру қызметі;
5) психикалық және мінез-құлық бұзылуларын диагностикалау мен емдеу мәселелері бойынша МСАК дәрігерлеріне, сондай-ақ дәрігерлік бейіннің өзге де мамандарына консультациялық көмек;
6) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін медициналық құжаттаманы ресімдеу;
7) науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізу;
8) қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті сұрау салулар бойынша адамның психикалық жай-күйі туралы қорытындылар, анықтамалар беру;
9) өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде коммуникацияның барлық тәсілдерін пайдалана отырып, психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпарат беру, пікірлермен және тәжірибемен алмасуды ұйымдастыру;
10) халық пен жекелеген, оның ішінде психикалық денсаулық мәселелері бойынша кәсіби топтар үшін аудиовизуалды және электронды-ақпараттық өнімдерді әзірлеу, шығару және сату;
11) психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта болу.
1) қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын жүргізуді үйлестіру, мониторингтеу және талдау жасау;
2) қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған психикалық және мінез-құлық ауруларымен ауыратын адамдарға қатысты мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда және жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру;
3) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.
1) диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес халыққа мамандандырылған психиатриялық (наркологиялық, психотерапевтік, медициналық-психологиялық және медициналық-әлеуметтік) көмек көрсету;
2) психикалық және мінез-құлық бұзылулары ауруларының алдын алу:
ерте кезеңдерде психикалық және мінез-құлық бұзылулары аурулары асқынуының және олардың салдарының алдын алуға бағытталған екінші профилактика;
дамыған асқынуларды бақылауға бағытталған үшінші профилактика;
3) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды кемсітуді және әлеуметтік оқшаулануын төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
4) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың қауіпті әрекеттерін азайтуға жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
5) психикалық денсаулық мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау сипатындағы іс-шараларды іске асыру;
6) психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын адамдардың әлеуметтендіру мен еңбек терапиясын жүргізу үшін терапевтік ремиссияға қол жеткізу;
7) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды әлеуметсіздендіру және еңбек терапиясы;
8) ұзақ және тұрақты ремиссияға қол жеткізу, ПБЗ тәуелді адамдарды қолдау және қайталануына қарсы терапияны қолдануға ынталандыру;
9) стационарлық, амбулаториялық және стационарды алмастыратын бөлімшелердің өзара байланысын және сабақтастығын қамтамасыз ету;
10) тіркеу-есеп беру құжаттамасының деректеріне сәйкес көрсетілетін стационарлық медициналық-әлеуметтік көмектің тиімділігіне талдау жасау.
1) консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
2) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды кемсітуді және әлеуметтік оқшаулануын төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
3) психикалық денсаулық мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау сипатындағы іс-шараларды жүзеге асыру.
1) дәрілік терапияны қолдану туралы мәселені шешуді қоса алғанда, пациенттің психикалық жай-күйі шұғыл медициналық шараларды талап еткен барлық жағдайларда психиатриялық куәландырудан өткізу және жедел мамандандырылған психиатриялық көмек көрсету;
2) көмекті қажет ететін психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды психиатр (нарколог) дәрігердің жолдамалар бойынша бейіндік тәуліктік көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тасымалдау.
1) тәуліктік стационарлық байқауды қажет етпейтін белсенді терапияны қажет ететін психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар асқынулары немесе декомпенсациясы бар адамдарды емдеу, емдеу-оңалту шаралары кешенін жүргізу;
2) тәуліктік стационарда емдеудің негізгі курсынан өткен және кәдімгі өмірлік жағдайға біртіндеп бейімделуді қажет ететін пациенттерді соңына дейін емдеу;
3) пациенттерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, еңбек-тұрмыстық мәселелерді реттеу;
4) пациенттердің медициналық көрсетілімдері бойынша үйреншікті микроәлеуметтік орта жағдайларында психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
5) негізгі статистикалық көрсеткіштер мен психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмектің тиімділігіне талдау жасау;
6) науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығының сараптамасы;
7) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды кемсітуді және әлеуметтік оқшаулануын төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
8) психикалық денсаулық мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау сипатындағы іс-шараларды іске асыру;
9) күндізгі стационар, стационарлық және амбулаториялық көмектің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
10) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды диагностикалау, емдеу мен оңалтудың жаңа ұйымдастырушылық нысандарын, клиникалық тиімді және қауіпсіз әдістерін енгізу;
11) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды күндізгі стационарда тегін емдеуге арналған қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу және талдау.
1) ПБЗ тұтыну салдарынан мас болу (интоксикация) дәрежелерін анықтау;
2) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығы жағдайларында ауруханаға жатқызу немесе ауруханаға жатқызудан бас тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау;
3) ішімдік ішу нәтижесінде маскүнемдіктің (интоксикацияның) орта дәрежесі күйіндегі түскен адамдарға медициналық көмек көрсету;
4) көмек көрсету кезінде ПБЗ тәуелділігі қалыптасқаны туралы диагноз қойылған адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламаларынан өтуге ынталандыру;
5) наркологиялық көмек көрсету сабақтастығын ұйымдастыру.
1) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды әлеуметтендіру және еңбекпен оңалту;
2) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға кәсіпорында немесе әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінде жаңа кәсіпті игеруге және жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету;
3) "Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89315 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көздерімен байланысты жұмыстарды қоспағанда, еңбек қызметінің кез келген түрін ұйымдастыру.
1) психикалық белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтауға арналған тәуліктік куәландыру;
2) куәландыру нәтижелері бойынша белгіленген үлгіде қорытынды беру;
3) медициналық құжаттаманы жүргізу.
1) алкогольді немесе басқа да ПБЗ теріс пайдаланатын және алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелді адамдарға диагностикалау және емдеу хаттамалырына сәйкес амбулаториялық мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
2) алкоголь және (немесе) басқа ПБЗ тұтынатын және алкогольге және (немесе) ПБЗ тәуелділігі бар маманның комегіне өз еркімен жүгінген науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету;
3) наркологиялық бөлімшелерде емдеуден өткен науқастарды байқау, қолдау және аурудың қайталануына қарсы терапияны жүргізу;
4) көрсетілетін наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу.
1) бекітілген диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес алмастырушы препараттарды беруді, психологиялық-әлеуметтік консультацияны алмастырушы терапия бағдарламасы бойынша қызметтер;
2) апиынға тәуелділігі бар науқастардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік бейімделуін арттыру;
3) заңсыз есірткі заттарын қолдану жиілігі мен көлемін азайту;
4) инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ инфекциясын және басқа ілеспе ауруларды жұқтыру қаупін төмендету;
5) апиындарға тәуелділігі бар АИТВ жұқтырған адамдардың ретровирусқа қарсы терапияны қолдануға деген ниетін арттыру.
8-тарау. Психикалық денсаулық саласында қалпына келтіру емін және медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру
психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдар үшін (ересек адамдар, балалар);
ПБЗ тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын адамдар үшін (ересек адамдар, балалар).
1) науқасты сәйкестендіруді;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 «Стационарлық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 12204 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 761 бұйрық) сәйкес медициналық және басқа құжаттаманың болуын және сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда регламенттелген және (немесе) қосымша тексерулерден өтуге жібереді;
3) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар пациенттерді оңалтудың дербес бағдарламасын әзірлейді;
4) № 907 бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы толтырады.
1) басқа бейінді стационарларда емдеуден өтуді талап ететін қосалқы аурулардың болуы;
2) эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі жұқпалы аурулар.
1-параграф. Психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын ересек адамдарды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері;
- психиатр дәрігері;
- психолог;
- әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу, спорт, ЕДШ саласындағы еңбек нұсқаушысы/маманы;
- заңгер;
- орта буын медицина қызметкері.
- психикалық білім беру;
- коммуникациялық тренингтер;
- әлеуметтік мінез-құлық элементтерімен әлеуметтік біліктер тренингі;
- өзіне өзі қызмет көрсету біліктерінің тренингі;
- мәселелерді шешу біліктерін дамыту тренингі (науқас және оның отбасы үшін;
- психикалық емдеу, топтық және дербес пішімде, отбасылық психикалық емдеу;
- еңбекпен емдеу;
- арт-терапия;
- сауықтыру және спорттық сабақтар;
- жұмысқа орналасуға қолдау көрсету және/немесе мамандықты/кәсіпті иелену;
- құқықтық қызметтер;
- психологиялық түзету;
- әлеуметтік сүйемелдеу;
- сауықтық іс-шаралар;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10858 тіркелді) «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды қоспағанда еңбек қызметінің кез келген түрін ұйымдастыру.
2-параграф. Психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен ауыратын балаларды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психолог (мінез-құлыққа қолданбалы талдау жасау бойынша маманданумен);
- психолог (нейропсихология бойынша маманданумен);
- әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану саласындағы маман;
- емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) маманы;
- дефектолог;
- логопед;
- орта буын медицина қызметкері.
- психикалық білім беру;
- психикалық-әлеуметтік оңалту;
- абилитация;
- психикалық емдеу;
- әлеуметтік мінез-құлық элементтерімен әлеуметтік біліктер тренингі;
- өзіне өзі қызмет көрсету біліктерінің тренингі;
- физикалық оңалту;
- отбасылық психикалық емдеу (отбасылық кеңес, отбасылық психикалық емдеу, ата-аналарға арналған мектеп);
- эрготерапия;
- құқықтық қызметтер;
- психологиялық түзету.
3-параграф. ПБЗ тұтыну салдарынан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар ересек адамдарды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері;
- психиатр дәрігері;
- психолог;
- әлеуметтік жұмыстар бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу, спорт, ЕДШ саласындағы маман;
- ерікті кеңесші;
- орта буын медицина қызметкері;
- еңбек нұсқаушысы;
- заңгер.
- дербес психикалық емдеу;
- топтық психикалық емдеу;
- психологиялық кеңес беру;
- әлеуметтік-психологиялық тренингтер;
- ерікті кеңес берушілермен жұмыс жүргізу (тәуелді, МӘО толық курсынан табысты өткен, 2 және одан да көп жылдан астам ремиссияда болған, ПБЗ-ға тәуелді МӘО бағдарламасы кеңесшілерін дайындаудың толық курсынан өткен);
- ортамен емдеу;
- еңбекпен емдеу;
- әлеуметтік оқу;
- жұмыспен қамту арқылы емдеу;
- сауықтыру және спорттық сабақтар;
- өзіндік еріктік тәжірибе;
- Терапевтік қоғамдастықтың топтық шаралары;
- когнитивті мінез-құлықтық терапия;
- белсенді бос уақыт;
- маңызды басқа тұлғалармен кездесулер өткізу және қарым-қатынас орнату;
- заңды кеңес беру;
- жұмысқа орналастыру;
- жасырын қоғамдастықтарға тарту;
- рецидивке қарсы тренингтер.
4-параграф. ПБЗ тұтыну салдарынан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар балаларды қалпына келтіру емі және медициналық-әлеуметтік оңалту
- басшы дәрігер, денсаулық сақтау менеджері немесе психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психиатр дәрігері, соның ішінде балалар психиатры;
- психолог;
- әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер/маман;
- еңбекпен емдеу, спорт, ЕДШ саласындағы маман;
- ерікті кеңесші;
- орта буын медицина қызметкері;
- тәрбие істері жөніндегі педагог;
- еңбек нұсқаушысы;
- заңгер.
- дербес психикалық емдеу;
- топтық психикалық емдеу;
- психологиялық кеңес беру;
- әлеуметтік-психологиялық тренингтер;
- ортамен емдеу;
- еңбекпен емдеу;
- әлеуметтік оқу;
- жұмыспен қамту арқылы емдеу;
- сауықтыру және спорттық сабақтар;
- Терапевтік қоғамдастықтың топтық шаралары;
- белсенді бос уақыт;
- маңызды басқа тұлғалармен кездесулер өткізу және қарым-қатынас орнату;
- заңды кеңес беру;
- рецидивке қарсы тренингтер.
Қазақстан Республикасының
халқына психикалық денсаулық
саласында медициналық-
әлеуметтік көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дәрігерлік персоналының құзыретіне кіретін, 10-шы қаралған аурудың халықаралық жіктемесі бойынша психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың диагноздары
F06.6 Органикалық эмоционалды тұрақсыздық (әлсіздік) бұзылушылығы;
F32.0 Жеңіл күйзелістік эпизод;
F43.2 Бейімделу бұзылысы;
F41.2 Аралас мазасыздық және күйзелістік бұзылыс;
F45 Соматикалық түрдегі бұзылыс;
F54 Басқа тарауларда жіктелінген бұзылулармен және аурулармен байланысты психологиялық және мінез-құлықтық факторлар;
F55 Тәуелділікті туғызбайтын өнімдерді шамадан тыс қолдану;
F17.1 Денсаулыққа зиян келтіретін темекіні (табакты) пайдалану.
|
|
Қазақстан Республикасының |
Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды динамикалық байқау топтары
|
№ |
Динамикалық байқау тобы |
Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды динамикалық байқау қызметін көрсету үшін есепке алу өлшемшарттары |
Байқау жиілігі |
Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамды басқа топқа ауыстыру өлшемшарттары |
Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамды есептен алу өлшемшарттары |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
|
1. |
1 динамикалық психиатриялық байқау тобы |
Өзінің психикалық жай-күйіне байланысты әлеуметтік-қауіпті әрекеттерді жасауға бейім, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасау қаупі бар, сондай-ақ есінен айырылған күйінде қоғамға қауіп төндіретін әрекеттер жасаған және соттың шешімі бойынша амбулаториялық мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдар |
айына кемінде бір рет |
- осы кестенің 3-бағанасында көрсетілген енгізу өлшемшарттарының болмауы, кемінде 12 ай |
- осы кестенің 3-бағанында көрсетілген енгізу өлшемшарттарының болмауы, кемінде 12 ай; |
||
|
2. |
2 Динамикалық психиатриялық байқау тобы |
Психикалық ауруы бойынша мүгедектігі бар психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бар адамдар. |
|
||||
|
3. |
2А – декомпенсация, психикалық сипатты белгілердің асқынулары жиі және айқын түрде білінетін, психофармакотерапияны қажет ететін адамдар. |
үш айда кемінде бір рет |
|||||
|
4. |
2Б – күйлері тұрақталған, үдерістің бірқалыпты тұрақталған ағымы бар және ауру беті кенеттен қайтқан адамдар. |
алты айда кемінде бір рет |
|||||
|
5. |
Динамикалық наркологиялық байқау тобы |
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды шектен тыс тұтынудың нәтижесінде пайда болған психикалық және мінез-құлық бұзылуларының клиникалық белгілерінің білінуі салдарынан қоғамға қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға бейім адамдар** |
айына кемінде бір рет |
- осы кестенің 3-бағанасында көрсетілген енгізу өлшемшарттарының болмауы, кемінде 12 ай |
|||
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|||||
Жасырын тәртіппен емдеу үшін психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға берілетін медициналық тіркеу кодтары
|
№ |
Облыс, қала |
Облыс, қаланың әріппен белгіленуі |
Стационарлық науқастың медициналық картасының реттік нөмірі |
|
1 |
Астана қаласы |
Z |
**** |
|
2 |
Алматы қаласы |
А |
**** |
|
3 |
Алматы облысы |
В |
**** |
|
4 |
Ақмола облысы |
С |
**** |
|
5 |
Ақтөбе облысы |
D |
**** |
|
6 |
Атырау облысы |
Е |
**** |
|
7 |
Шығыс Қазақстан облысы |
F |
**** |
|
8 |
Жамбыл облысы |
Н |
**** |
|
9 |
Батыс Қазақстан облысы |
L |
**** |
|
10 |
Қарағанды облысы |
М |
**** |
|
11 |
Қызылорда облысы |
N |
**** |
|
12 |
Қостанай облысы |
Р |
**** |
|
13 |
Маңғыстау облысы |
R |
**** |
|
14 |
Түркістан облысы |
Х |
**** |
|
15 |
Павлодар облысы |
S |
**** |
|
16 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Т |
**** |
|
17 |
Шымкент қаласы |
Y |
**** |
Қазақстан Республикасының
халқына психикалық денсаулық
саласында медициналық-
әлеуметтік көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
4-қосымша
|
АХЖ-10 кодтары бойынша қалпына келтіру еміне және медициналық-әлеуметтік оңалтуға жататын диагноздардың тізбесі |
|||
|
Т. № |
АХЖ-10 бойынша негізгі диагноз коды |
АХЖ-10 бойынша негізгі диагноз коды |
АХЖ-10 бойынша шифр және атауы |
|
1 |
Z86.5 |
F06.3 |
Органикалық (аффективтік) бұзылулар |
|
2 |
Z86.5 |
F06.4 |
Органикалық мазасыздық бұзылуы |
|
3 |
Z86.5 |
F06.5 |
Органикалық диссоциативтік бұзылулар |
|
4 |
Z86.5 |
F06.8 |
Бас миының зақымдануы және дұрыс қызмет етпеуінің және тән ауруының салдарынан туындаған басқа нақтыланған психикалық бұзылулар |
|
5 |
Z86.5 |
F07.1 |
Постэнцефалиялық синдром |
|
6 |
Z86.5 |
F07.2 |
Посткоммоциондық синдром |
|
7 |
Z86.5 |
F07.8 |
Бас миының зақымдануы және дұрыс қызмет етпеуінің салдарынан туындаған басқа органикалық тұлғалық және мінез-құлықтық бұзылулар |
|
8 |
Z86.4 |
F10.1 |
Алкогольді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
9 |
Z86.4 |
F10.2 |
Алкогольді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
10 |
Z86.4 |
F11.1 |
Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
11 |
Z86.4 |
F11.2 |
Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
12 |
Z86.4 |
F12.1 |
Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
13 |
Z86.4 |
F12.2 |
Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
14 |
Z86.4 |
F13.1 |
Седативтік немесе ұйқы келтіретін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
15 |
Z86.4 |
F13.2 |
Седативтік немесе ұйқы келтіретін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
16 |
Z86.4 |
F14.1 |
Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
17 |
Z86.4 |
F14.2 |
Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
18 |
Z86.4 |
F15.1 |
Кофеинді қосқанда басқа ынталандырғыштарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
19 |
Z86.4 |
F15.2 |
Кофеинді қосқанда басқа ынталандырғыштарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
20 |
Z86.4 |
F16.1 |
Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
21 |
Z86.4 |
F16.2 |
Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
22 |
Z86.4 |
F17.1 |
Темекіні тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
23 |
Z86.4 |
F17.2 |
Темекіні тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
24 |
Z86.4 |
F18.1 |
Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
25 |
Z86.4 |
F18.2 |
Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
26 |
Z86.4 |
F19.1 |
Есірткілерді бірлесе тұтыну нәтижесінде және басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Зиянды зардаптармен тұтыну |
|
27 |
Z86.4 |
F19.2 |
Есірткілерді бірлесе тұтыну нәтижесінде және басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы |
|
28 |
Z86.5 |
F20.0 |
Параноидтық шизофрения |
|
29 |
Z86.5 |
F20.1 |
Гебефрендік шизофрения |
|
30 |
Z86.5 |
F20.2 |
Кататониялық шизофрения |
|
31 |
Z86.5 |
F20.3 |
Дифференцияланбаған шизофрения |
|
32 |
Z86.5 |
F20.4 |
Постшизофрениялық депрессия |
|
33 |
Z86.5 |
F20.5 |
Резидуалды шизофрения |
|
34 |
Z86.5 |
F20.6 |
Қарапайым шизофрения |
|
35 |
Z86.5 |
F20.8 |
Шизофренияның басқа түрлері |
|
36 |
Z86.5 |
F21.1. |
Латенттік шизофрения |
|
37 |
Z86.5 |
F21.2. |
Шизофрениялық реакция |
|
38 |
Z86.5 |
F21.3. |
Псевдожүйкелік (невроз тәрізді) шизофрения |
|
39 |
Z86.5 |
F21.4. |
Псевдопсихопатиялық (психопатия тәрізді) шизофрения |
|
40 |
Z86.5 |
F21.5. |
«Кедей симптомдары бар» шизофрения |
|
41 |
Z86.5 |
F21.8. |
Шизотиптік тұлғалық бұзылу |
|
42 |
Z86.5 |
F22.0 |
Сандырақтық бұзылу |
|
43 |
Z86.5 |
F25.0 |
Шизоаффективтік бұзылу, маниакалдық тип |
|
44 |
Z86.5 |
F25.1 |
Шизоаффективтік бұзылу, депрессиялық тип |
|
45 |
Z86.5 |
F25.2 |
Шизоаффективтік бұзылу, аралас тип |
|
46 |
Z86.5 |
F25.8 |
Басқа шизоаффективтік бұзылулар |
|
47 |
Z86.5 |
F30.1 |
Психотиялық белгілерсіз мания |
|
48 |
Z86.5 |
F30.8 |
Басқа маниакалды эпизодтар |
|
49 |
Z86.5 |
F31.0 |
Биполярлық аффективтік бұзылу , ағымдағы гипоманиакалды эпизод |
|
50 |
Z86.5 |
F31.1 |
Биполярлық аффективтік бұзылу, психотиялық белгілерсіз манияның ағымдағы эпизоды |
|
51 |
Z86.5 |
F31.3 |
Биполярлық аффективтік бұзылу, ағымдағы эпизод бірқалыпты немесе жеңіл депрессиялы |
|
52 |
Z86.5 |
F31.6 |
Биполярлық аффективтік бұзылу, ағымдағы аралас эпизод |
|
53 |
Z86.5 |
F31.7 |
Биполярлық аффективтік бұзылу, ремиссия күйі |
|
54 |
Z86.5 |
F31.8 |
Басқа биполярлық аффективтік бұзылулар |
|
55 |
Z86.5 |
F32.1 |
Бірқалыпты депрессиялық эпизод |
|
56 |
Z86.5 |
F32.8 |
Басқа депрессиялық эпизодтар |
|
57 |
Z86.5 |
F33.0 |
Рекуррентті депрессиялық бұзылу, жеңіл дәрежелі ағымдағы эпизод |
|
58 |
Z86.5 |
F33.1 |
Рекуррентті депрессиялық бұзылу, бірқалыпты дәрежелі ағымдағы эпизод |
|
59 |
Z86.5 |
F33.4 |
Рекуррентті депрессиялық бұзылу, ремиссия күйі |
|
60 |
Z86.5 |
F33.8 |
Басқа рекуррентті депрессиялық бұзылулар |
|
61 |
Z86.5 |
F34 |
Созылмалы (аффективтік) көңіл-күй бұзылулары |
|
62 |
Z86.5 |
F34.0 |
Циклотимия |
|
63 |
Z86.5 |
F34.1 |
Дистимия |
|
64 |
Z86.5 |
F34.8 |
Басқа созылмалы аффективтік бұзылулар |
|
65 |
Z86.5 |
F38.1 |
Басқа рекурентті (аффективтік) көңіл-күй бұзылулары |
|
66 |
Z86.5 |
F38.8 |
Басқа нақтыланған (аффективтік) көңіл-күй бұзылулары |
|
67 |
Z86.5 |
F41.0 |
Үрейлі бұзылу (эпизодтық пароксизмалды мазасыздық) |
|
68 |
Z86.5 |
F41.1 |
Жаппай мазасыздық бұзылуы |
|
69 |
Z86.5 |
F41.2 |
Аралас мазасыздық және депрессиялық бұзылу |
|
70 |
Z86.5 |
F41.3 |
Басқа аралас мазасыздық бұзылулары |
|
71 |
Z86.5 |
F41.8 |
Басқа нақтыланған мазасыздық бұзылулары |
|
72 |
Z86.5 |
F42.0 |
Басым түсетін жабысқақ ойлар немесе толғанулар (ақыл-ой сағызы) |
|
73 |
Z86.5 |
F42.1 |
Басым түсетін компульсиялық әрекеттер (обсессивтік салт-жоралар) |
|
74 |
Z86.5 |
F42.2 |
Аралас обсессивтік ойлар және әрекеттер |
|
75 |
Z86.5 |
F42.8 |
Басқа обсессивті-компульсиялық бұзылулар |
|
76 |
Z86.5 |
F42.9 |
Обсессивті-компульсиялық бұзылу, нақтыланбаған |
|
77 |
Z86.5 |
F43.1 |
Жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылу |
|
78 |
Z86.5 |
F43.2 |
Бейімделу бұзылулары |
|
79 |
Z86.5 |
F43.8 |
Ауыр стресске басқа реакциялар |
|
80 |
Z86.5 |
F45.2 |
Ипохондриялық бұзылу |
|
81 |
Z86.5 |
F45.3 |
Соматоформды вегетативтік әрекетсіздік |
|
82 |
Z86.5 |
F45.4 |
Созылмалы соматоформды ауырсыну бұзылуы |
|
83 |
Z86.5 |
F45.8 |
Басқа соматоформды бұзылулар |
|
84 |
Z86.5 |
F45.9 |
Соматоформды бұзылу, нақтыланбаған |
|
85 |
Z86.5 |
F48.8 |
Басқа ерекше жүйке бұзылулары |
|
86 |
Z86.5 |
F50.0 |
Жүйкелік анорексия |
|
87 |
Z86.5 |
F50.1 |
Атипиялық жүйкелік анорексия |
|
88 |
Z86.5 |
F50.2 |
Жүйкелік булимия |
|
89 |
Z86.5 |
F50.3 |
Атипиялық жүйкелік булимия |
|
90 |
Z86.5 |
F50.4 |
Басқа бұзылулармен үйлесетін артық тамақтану |
|
91 |
Z86.5 |
F50.5 |
Басқа психологиялық бұзылулармен үйлесетін құсу |
|
92 |
Z86.5 |
F50.8 |
Ас қабылдаудың басқа бұзылулары |
|
93 |
Z86.5 |
F60.0 |
Тұлғаның параноидтық бұзылуы |
|
94 |
Z86.5 |
F60.1 |
Тұлғаның шизоидты бұзылуы |
|
95 |
Z86.5 |
F60.2 |
Тұлғаның диссоциалды бұзылуы |
|
96 |
Z86.5 |
F60.3 |
Тұлғаның эмоционалды тұрақсыз бұзылуы |
|
97 |
Z86.5 |
F60.4 |
Тұлғаның есіріктік бұзылуы |
|
98 |
Z86.5 |
F60.5 |
Тұлғаның ананкастық (обсессивті-компульсиялық) бұзылуы |
|
99 |
Z86.5 |
F60.6 |
Тұлғаның мазасыздық (жалтармалы) бұзылуы |
|
100 |
Z86.5 |
F60.7 |
Тұлғаның тәуелділік бұзылуы |
|
101 |
Z86.5 |
F60.8 |
Басқа тұлғалық ерекше бұзылулар |
|
102 |
Z86.5 |
F61.0 |
Аралас тұлғалық бұзылулар |
|
103 |
Z86.5 |
F61.1 |
Тұлғаның мазасыздық туғызатын өзгерістері |
|
104 |
Z86.5 |
F62.0 |
Апатқа ұшырағаннан кейін тұлғаның созылмалы өзгеруі |
|
105 |
Z86.5 |
F62.1 |
Психикалық аурудан кейін тұлғаның созылмалы өзгеруі |
|
106 |
Z86.5 |
F62.8 |
Басқа созылмалы тұлғалық өзгерістер |
|
107 |
Z86.5 |
F63.0 |
Құмар ойындарына патологиялық құмарлық |
|
108 |
Z86.5 |
F68.8 |
Ересектерде кездесетін ересек тұлғалық және мінез-құлықтық басқа ерекше бұзылулар |
|
109 |
Z86.5 |
F70.0 |
Жеңіл ақыл-ес кемдігі |
|
110 |
Z86.5 |
F70.8 |
Жеңіл ақыл-ес кемдігі |
|
111 |
Z86.5 |
F70.9 |
Жеңіл ақыл-ес кемдігі |
|
112 |
Z86.5 |
F71.0 |
Бірқалыпты ақыл-ес кемдігі |
|
113 |
Z86.5 |
F71.8 |
Бірқалыпты ақыл-ес кемдігі |
|
114 |
Z86.5 |
F71.9 |
Бірқалыпты ақыл-ес кемдігі |
|
115 |
Z86.5 |
F84 |
Дамудың жалпы бұзылулары |
|
116 |
Z86.5 |
F84.0 |
Балалар аутизмі |
|
117 |
Z86.5 |
F84.1 |
Атипиялық аутизм |
|
118 |
Z86.5 |
F84.2 |
Ретта синдромы |
|
119 |
Z86.5 |
F84.3 |
Балалар жасындағы басқа дезинтегративтік бұзылу |
|
120 |
Z86.5 |
F84.4 |
Ақыл-ес кемдігімен және стереотиптік қимыл-қозғалыстармен үйлесетін гиперактивтік бұзылу |
|
121 |
Z86.5 |
F84.5 |
Аспергер синдромы |
|
122 |
Z86.5 |
F84.8 |
Дамудың басқа жалпы бұзылулары |
|
123 |
Z86.5 |
F88 |
Психологиялық дамудың басқа бұзылулары |
|
124 |
Z86.5 |
F90.0 |
Зейін белсенділігінің бұзылуы |
|
125 |
Z86.5 |
F90.1 |
Гиперкинетикалық мінез-құлықтық бұзылу |
|
126 |
Z86.5 |
F90.8 |
Басқа гиперкинетикалық бұзылулар |
|
127 |
Z86.5 |
F91.0 |
Отбасымен шектелетін мінез-құлық бұзылуы |
|
128 |
Z86.5 |
F91.1 |
Әлеуметтендірілмеген мінез-құлық бұзылуы |
|
129 |
Z86.5 |
F91.2 |
Әлеуметтендірілген мінез-құлық бұзылуы |
|
130 |
Z86.5 |
F91.3 |
Қарсылыққа шақыратын бұзылу |
|
131 |
Z86.5 |
F91.8 |
Басқа мінез-құлық бұзылулары |
|
132 |
Z86.5 |
F92.0 |
Депрессиялық мінез-құлық бұзылуы |
|
133 |
Z86.5 |
F92.8 |
Басқа аралас мінез-құлық және эмоция бұзылулары |
|
134 |
Z86.5 |
F93.0 |
Балалық шақта айрылысумен байланысты мазасыздық бұзылуы |
|
135 |
Z86.5 |
F93.1 |
Балалық шақтағы қорқынышты мазасыздық бұзылуы |
|
136 |
Z86.5 |
F93.2 |
Балалық шақтағы әлеуметтік мазасыздық бұзылуы |
|
137 |
Z86.5 |
F93.3 |
Сиблингтік бәсекелестік бұзылуы |
|
138 |
Z86.5 |
F93.8 |
Балалық шақтағы басқа эмоционалдық бұзылулар |
|
139 |
Z86.5 |
F94.0 |
Элективтік мутизм |
|
140 |
Z86.5 |
F94.1 |
Балалық шақтағы құштарлықтың реактивтік бұзылуы |
|
141 |
Z86.5 |
F94.2 |
Балалық шақтағы құштарлықтың тежелген бұзылуы |
|
142 |
Z86.5 |
F94.8 |
Балалық шақта әлеуметтік қызмет етудің басқа бұзылулары |
|
143 |
Z86.5 |
F95.1 |
Созылмалы қозғалмалы немесе дауысты тартылу бұзылулары |
|
144 |
Z86.5 |
F95.2 |
Құрама дауыстық және көптеген қозғалмалы тартылу бұзылуы (де ля Туретта синдромы) |
|
145 |
Z86.5 |
F98 |
Әдетте балалық және жасөспірімдік шақта басталатын басқа мінез-құлықтық және эмоционалдық бұзылулар |
|
146 |
Z86.5 |
F98.0 |
Органикалық емес энурез |
|
147 |
Z86.5 |
F98.1 |
Органикалық емес энкопрез |
|
148 |
Z86.5 |
F98.4 |
Стереотипті қозғалыс бұзылулары |