«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты республикалық конкурстың қорытындысы

 

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты республикалық конкурстың қорытындысы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  2022 жылғы 09  наурыздағы  №159 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын  денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 9-10-тармақтарының орындалуы бойынша ағымдағы жылғы 3 маусымда  Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің  кітапханасында ҚР ДСМ мен «Педиатрия және балалар хирургиясы» АҚ ұйымдастыруымен, сондай-ақ   Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының «Алау» оңалту орталығының (ұйымдастырушы-демеуші, конкурстың авторы, үйлестіруші Мыржықбаева Анар Бейсенқызы) және Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық  университетінің «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының  (демеуші Темірболат Алуа Берікбайқызы қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д, профессор) қолдауымен республикалық деңгейде  елдің  барлық медициналық ұйымдарының  қатысуымен «Мемлекеттік тіл: жаңа  ақпарат және озық тәжірибе» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы және  «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты республикалық конкурстың қорытындысы бойынша  жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Бірінші.  «Мемлекеттік тіл: жаңа  ақпарат және озық тәжірибе» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті оның  негізгі баяндамашылары мынадай тақырыптарда сөз сөйледі және конференция соңында сұрақ-жауап, пікірталастар жүргізілді:

  1. ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының маманы тақырыбы «Денсаулық сақтау саласындағы тіл саясаты»
  2. Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к.,  тақырыбы: «Латын қарпіне көшудің бүгінгі жай-күйі»;
  3. Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Терминология орталығының жетекшісі, ф.ғ.к., доцент, тақырыбы: «Терминологиялық сөздіктерге енгізілген терминдерді бірізділендірудің лингвистикалық мәселелері»;

Абаған  Мұхтархан  Мамырбекұлы Халықаралық қазақ тілі қоғамы төрағасының орынбасары,  тақырыбы: «Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы»

Екінші.  Алдын ала конкурстың ережесі дайындалып, барлық медициналық мекемелерге  таратылды. Жалпы конкурсқа 40 жуық ұйым және 60 медицина саласының мамандары мен денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандары қатысты.   

Конкурс 10 аталым бойынша өтті және осы 10 аталым бойынша ұйымдар мен қызметкерлер марапатталды:

1) Үздік денсаулық сақтау  басқармасы: Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының және Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармалары;

 2) Үздік медициналық ұйым: «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы», «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық аурухана»,  Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының «Іле» аудандық орталық ауруханасы» марапатталды, оларға  ағаш және матадан жасалған  шағын киіз үй-d 1,5м, кілем 2,0х2,0, кілем 1,5х1,5  бағалы сыйлықтар берілді,

3)Тіл жанашыры: Ж.Қ. Тащанова Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО инфекциялық бақылау бөлімінің меңгерушісі; А.О. Бейсембаева ӘлМСҚ менеджері; Е.Бегайдар Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының онколог дәрігері; «Ана тілім» өлеңінің авторы; Ж.Ә. Елешова Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы; Р.Ж. Сапарбекова Ақмола облысының СЭББ басшысы; Б.Ш. Шәкенов С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ анатомия кафедрасының доценті, м.ғ.к.; Г.Е. Сұлтанова Орталық клиникалық госпиталь клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің аға мейіргері; М.М. Әденов Фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры; М.Т. Шегебаева «Алау» оңалту орталығының  бас дәрігері.

 4) Тіл ардагері: Ж.Т. Исаева, Т.Қ. Зайсанбаев  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ,  М.М. Сәбитбекова М.Оспанов атындағы БҚМУ аға оқытушысы, Ұ.С. Исаева СЭБК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығының  бас маманы, ф.ғ.к,  Г.Қ. Өтебердиева «Алатау» балалар  клиникалық санаторийі.

 5) Үздік тіл оқытушысы: Ф.Б. Қожахметова С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ оқытушысы, ф.ғ.к., Ш.Ш. Отарғалиева М.Оспанов атындағы БҚМУ аға оқытушысы, Зұлхайдарқызы Нұрсәуле Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қазақ тілі оқытушысы.

    6) Жас дарын: Е.Е. Нұрсағитова Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО қазақ тілі оқытушысы,  А.А. Бердіғали БҚО ДСБ «Облыстық жедел медициналық  жәрдем станциясының көшпелі бригада фельдшері», Б. Қуанышқалиқызы Атырау облысының ДСБ «Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының маманы».

 7) Үздік сайт: Педиатрия және балалар хирургиясы орталығы; Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы; Алматы қаласының қоғамдық денсаулық  басқармасы.

 8) Үздік тіл маманы: В.Н. Пермитина БҚО ДСБ Бөрлі аудандық ауруханасының баспасөз хатшысы,  Н.С. Қойбағарова Алматы облысының ДСБ бас сарапшысы, А.Е. Жаңбырбаева Атырау облысының ДСБ «Геолог» емханасы.

9) Даналық: Ж.Б. Сүлейменов АМУ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, Ж.Б. Ахметов С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ патологиялық-анатомиялық кафедрасының профессоры, Р.Х. Бахтиярова  Орал қалалық СЭББ  эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің маманы, Қ.Қ. Ақбалиева БҚО ДСБ № 1 қалалық емханасының  аумақтық мейіргері,  З.И. Әлсеркеева ҚР ДСМ МФБК Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы, Е.Қ, Бекназарова республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының эпидемиолог дәрігері. 

10) Талаптыға нұр жауар: А.Н. Мұхатаева ҚР ДСМ МФБК Түркістан облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің басшысы, Р.Қазтаева Ұлттық нейрохирургия орталығының қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі, Степанова Дарья С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ҰМУ жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті.

Сондай-ақ Конференция соңында  қатысушыларға арнайы «Заманауи қазақ әдебиеті»  атты кітап көрмесі, Әл-Фараби музейіне  экскурсия  ұйымдастырылды және «Мемлекеттік тіл: жаңа  ақпарат және озық тәжірибе» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы және  «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты республикалық конкурстың қорытындысы бойынша  жеңімпаздарды марапаттау рәсімі барлық әлеуметтік желілерде қазақ және орыс тілдерінде  жарияланды.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын  денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының     9-10-тармақтары шеңберінде  толықтай орындалды.

 

Ақпарат
Дата публикации
07 июня 2022