«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген Қаулының 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
7) денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;
8) жобаланатын және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілері үшін медицина және медициналық емес кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау және әкімшілендіру бойынша қызметті жүзеге асыру;
9) денсаулық сақтау объектілерінің жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып қызметті жүзеге асыру;
10) денсаулық сақтау объектілері бойынша авторлық қадағалауды жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру;
11) денсаулық сақтау объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысын жүзеге асыру;
12) денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметті жүзеге асыру;
13) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау бойынша қызметті жүзеге асыру;
14) денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметті жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә.Смайылов