ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиният Премьер – Министрдің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалығымен Ташкент қаласында өткен «Италия – Орталық Азия» 2-ші министрлік конференциясына қатысты. Конференция барысында вице-министр қатысушыларды Қазақстанда COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл және Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылы жөніндегі шаралардың іске асырылуы туралы хабардар етті. «Бүгінде адамзат жаңа жаһандық қауіп – КВИ пандемиясына тап болған кезде, Орталық Азия мемлекеттері оның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдауда. ОА елдерінің уәкілетті Денсаулық сақтау органдары елдер арасындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және таралудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сырқаттанушылықтың жай - күйі туралы, сондай-ақ КВИ анықтау және емдеу әдістері туралы жедел ақпарат алмасуды жүзеге асырады», - деп хабарлады Ажар Ғиният. Бұл ретте ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ сияқты халықаралық алаңдарда КВИ таралуына байланысты бірлескен өтініштер қабылданды, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мәселелері бойынша халықаралық актілерді әзірлеуді және талқылауды аяқтау бойынша жұмыс жандандырылды. COVID-19-ға байланысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ҚР Үкіметі қабылдаған шараларға қатысты вице-министр Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықты болжау жөніндегі жұмыс тобының қызметі және қажетті жауап шараларын әзірлеу туралы хабарлады. Сондай-ақ, Ажар Ғиният халықты тестілеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру, байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізу, ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ халықты ақпараттандыру және 16 жұқпалы аурулар ауруханасын салу бойынша жұмыстарды жандандыру туралы айтты. Вице-министр қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілгенін, тәулігіне 700-ге жуық жағдай тіркелгенін атап өтті. «Бүгінгі таңда біз барлық күш-жігерімізді COVID-19-ға қарсы вакцинациямен қамтуды арттыруға бағыттадық. Қазақстан Республикасында вакцинация ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталды, республика азаматтарына коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында шұғыл қолдану үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «Гам-КОВИД-Вак», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының, сондай - ақ «КоронаВак» және «Синофарм» вакциналарының бес түрі қолжетімді болды»,-деп баяндады ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі. Сонымен қатар, ол министрлік конференциясына қатысушыларды жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау, сондай-ақ халықты қайта вакцинациялау және шетелдік елдердің қазақстандық вакцинациялау паспорттарын тану жөніндегі науқан туралы хабардар етті. Айта кету керек, Қазақстан бүгінде әлемнің 20 елімен вакцинация паспорттарын өзара тануға қол жеткізді. Өз баяндамасының соңында вице-министр Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың және COVID-19 таралуының алдын алуда елдердің тәжірибе алмасуының маңыздылығын тағы да атап өтті. «Жаңа КВИ таралуының жаһандық сипатын, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндірудің алдын алудың ортақ мақсатын ескере отырып, біз COVID-19-ға қарсы күресте күш біріктіруді қолдаймыз. Бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, оның ішінде ДДҰ халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларының ережелерін толық іске асыру жолымен күш-жігерді бағыттауды, бүкіл әлемде індетті түпкілікті жеңу үшін препараттарды, вакцинаны және тест-жүйелерді әзірлеу бойынша ғылыми - техникалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді ұсынамыз»,-деп өз сөзін қорытындылады ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
Дата публикации
08 декабря 2021