ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дюсенов «Өңірлердің инфекциялық қауіпсіздігін ұйымдастырудағы заманауи технологиялар» бүкілресейлік медициналық форумның жұмысына қатысып, COVID-19: Жаңа сын-тегеурін» жаңа коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. «Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту – бұл бүгінгі таңда пандемиядан арылу жолындағы және ұзақ қалпына келтіру кезеңіне қадам басқан кезде өзектілігін көрсететін қағида, - деді ол. Сөз барысында пандемия басталғаннан бері Қазақстан Республикасы Үкіметінде коронавирустық инфекцияға қарсы шаралар мәселелері үнемі бақылауда екенін атап өтті. Елде халықтың қажеттілігіне байланысты алғашқы санитариялық медициналық көмекке, екі бағыт бойынша жедел жауап қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін басымдылық берілді: коронавирустық инфекцияға байланысты көмек көрсету және халықтың мұқтаждығына байланысты негізгі қызметтерді көрсету. Одан бөлек, мобильдік бригадалар ұйымдастырылып, автокөлік паркін жаңарту арқылы жедел жәрдем қызметі күшейтілді, кеңес диагностикалық көмек көрсетудегі қашықтықтағы қызметтер белсенді қолданылуда, ауылдардағы жылжымалы медициналық кешендер саны біршама ұлғайтылды. Елде модульдік инфекциялық ауруханалар және амбулаторлық емханалық ұйымдар салынды. Аshyk мобильді қосымшасының жұмысы, вацинация төлқұжаты ұйымдастырылып, ПТР диагностикалау күшейтілді және т.б. Сонымен қатар, Азамат Дюсенов коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті. 2021 жылдың 1 ақпанынан басталған вакцинация кампаниясы туралы және тегін негізде 6 түрлі вакцинаның қолжетімжділігі туралы, «Спутник V» вакцинасының локализациясы және отандық «QazVac» вакцинасының өндірісі туралы айтты. Жалпы жүргізілген шаралар, «Дельта» штаммының аурушаңдық шыңы кезінде тұрғындарға төсек қорына ауыртпалық түсірмей жедел және жоспарлы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінде бар күш-жігерді біздің елдерімізде де, бүкіл әлемде де, оның ішінде ДДСҰ-ның медициналық-санитариялық қағидалары ережелерін толық іске асыру арқылы денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуға бағыттау маңызды. Одан әрі тиімді препараттарды, вакциналарды және ерте диагностикалау жүйелерін әзірлеу бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдету қажет», - деп атап өтті өз сөзінің соңында департамент басшысы.
Дата публикации
11 декабря 2021